1. Главная
  2. Узнай
  3. Новости
  4. Новости Казахстана

"Екі есе тез жұғады". "Үнді" штамы туралы маңызды мәлімдемелер 01 июля 2021, 12:54

Маусымның соңына қарай елімізде әлемді алаңдатып қойған "үнді" штамы анықталды. Бір қызығы штамның бұл түрін жұқтырған адам тұмау деп ойлап
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек

Фото: elements.envato.com Фото: elements.envato.com

Маусымның соңына қарай елімізде әлемді алаңдатып қойған "үнді" штамы анықталды. Бір қызығы штамның бұл түрін жұқтырған адам тұмау деп ойлап қалуы мүмкін. Алайда Алматының бас санитария дәрігері мұндай жағдайда адамдар өздігінен емделуіне болмайтынын айтады. "Үнді" штамы туралы бүгінге дейін не белгілі? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

"Үнді" штамы алғаш кімнен анықталды?

Елімізде "үнді" штамы туралы алғаш мәлімет 21 маусымда шықты. Ол кезде елде штамм анықталған болуы мүмкін екені хабарланған болатын. Кейіннен, екі күннен соң Алматының бас санитария дәрігері Жандарбек Бекшин "үнді" штамы анықталған алғашқы адам туралы айтты. Ол ешқайда жұмыс істемейтін, үйде бала тәрбиесімен отырған әйел болып шықты. Үнемі үйде отырған, бірақ күйеуі іссапарға жиі шығып тұрады.

"Оның қалада жүрген бағытын анықтадық. Соған байланысты алдын алу шараларын жүргіздік", - деді Бекшин брифинг кезінде.

"Үнді" штамы анықталған әйел 21 маусымда тест тапсырды. Ол жұқпалы аурулар палатасына жатқызылды, ал жеті жастағы қызы бөлек палатада. Онымен байланыста болған жеті адам оқшауланды. Осылайша қаладағы әуежай мен вокзалдардағы бақылау күшейе түсті.

"Үнді" штамының негізгі белгілері қандай?

"Үнді" штамы тез жұғады. Тіпті адамнан адамға жұғу жылдамдығы ұлыбританиялық штамнан да жоғары.

"Негізгі белгілері буын мен іштің ауырсынуы. Сонымен қатар, есту қабілетінің нашарлауы да осы штамға тән. Негізгі симптомдар суық тиген кездегі белгілерге келеді - бас ауырсынуы, тұмау, тамақтың ауырсынуы, дене қызуының көтерілуі", - деді Бекшин.

Бас санитария дәрігерінің сөзінше, "үнді" штамын жұқтырғанда әдеттегідей дәм мен иіс сезу қабілеті жоғалмауы мүмкін.

"Үнді" штамының симптомы басқасынан ерекше болуы мүмкін, мысалы дәм сезу жоғалған жағдайда тұмау деп ойлап қалуы мүмкін. Бірақ адам әлсірей бастаған жағдайда дәрігер шақырту керек, себебі бұл штамм тез жұғады және қауіптірек. Бұл жағдайда азаматтар өздігінен емделмеуі керек", - деп түсіндірді Жандарбек Бекшин.

Қолданыстағы вакциналар "үнді" штамынан қорғай ма?

Отандық вакцина әзірлеп шығушылардың сөзінше, QazVac та, "Спутник V" де белгілі штамдардан, оның ішінде, "үнді" штамынан да қорғайтыны хабарланған болатын.

Бірақ кейіннен "Спутник V" әзірлеушісі вакцинаның "үнді" штамына қарсы тиімділігі төмендегенін мәлімдеді. Гамалея орталығы директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары Денис Логуновтың айтуынша, "Спутник V" вакцинасының "үнді" штамына қарсы тиімділігі шамамен 2,6-ға аз көрсеткен.

"Біз "үнді" штамына, нақтырақ айтқанда "дельтаға" қатысты сарысулар белсенділігі шамалы төмендегенін көрдік - бұл "Спутник V" вакцинасы бойынша шамамен 2,6-ға", - деді ол.

Алайда ол тиімділік төмендесе де "Спутник V" "үнді" штамынан қорғайтынын атап өтті.

"Мен тағы бір рет айтайын, 2,6-ға азайғаны - өте аз көрсеткіш, бұл әлемдегі барлық басқа вакцинаға қарағанда аз", - деді Логунов.

Үнді штамына қарсы тиімділігін дәлелдеген тағы бір вакцина - Moderna. Компания сайтындағы мәлімет бойынша, Moderna вакцинасының екінші компонентін алғанына бір апта болған 8 қатысушының қан сарысуына зерттеу жүргізілген. Нәтижесінде вакцина вирустың барлық нұсқасына, сонымен қатар Оңтүстік Африкада және Үндістанда анықталған 3 нұсқаға қарсы антидене берген. Сайтта көрсетілген мәліметке сүйенсек, "дельта" нұсқасында титрлердің 3,2-ден 2,1-ге дейін қысқаруы байқалған. Осылайша вакцина коронавирустың өзге үнді нұсқалары мен бразилиялық штамға қарсы тиімділігін көрсеткен.

"Үнді" штамы Уханда табылған алғашқы штамға қарағанда 2 есе жұқпалы

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумья Сваминатан мәлімдеген болатын. Сваминатанның айтуынша, таралу жылдамдығын ескерсе, коронавирустың "дельта" нұсқасы әлемдегі басым штамға айналуы мүмкін. ДДСҰ мәліметі бойынша, "дельта" штамы әлемнің 92 елінде тіркелген.

Таяуда премьер-министр орынбасары Ералы Тоғжанов та "дельтаның" қауіпті екенін тағы бір еске салған болатын. 

"Ол ауруханаға түсу немесе қайтыс болу жағдайын арттырады. Басқа штамдарға қарағанда 60 пайызға көп жұғады. Орта есеппен бір адамнан 5-6 адамға жұғады. Өзіңді қорғаудың оңай жолы бар. Дүние жүзінде басқа тәсілі әлі ойлап табылмады - коронавирусқа қарсы вакцина салдыру керек", - деді Тоғжанов. 

"Үнді" штамының "қулығы" неде?

Коронавирустың үнді штамы және оның мутациясы - қауіпті. Өйткені вирустың бұл нұсқасы жасушаларға еніп, антиденелерге өте төзімді болады. Бұл туралы 23 маусымда Гамалея эпидемиология және микробиология ғылыми-зерттеу орталығының директоры Александр Гинцбург мәлімдеген болатын. 

"Ол жасушаларды жоймайды, бірақ бір жасушадан екінші жасушаға ауысып, көп ядролы жасуша түзеді. Осылайша ол ішке кірген кезде қанда айналатын антиденелерге өте төзімді болады. Бұл - оның әдісі", - деді ғалым.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!



Join Telegram