ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
22 октября 2021 | 15:08

Қазақстандық шенеуніктердің жалақысы қанша?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz Фото: Tengrinews.kz

Қазақстанда ең жоғары жалақы шенеуніктер мен басшыларда. Бұл сарапшылардың мәлімдемесі. Елдегі басшылардың орташа жалақысы - 518 мың теңге. Ал Қазақстандық шенеуніктердің жалақысы қанша? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда ең жоғары жалақы шенеуніктер мен басшыларда. Бұл сарапшылардың мәлімдемесі. Елдегі басшылардың орташа жалақысы - 518 мың теңге. Ал Қазақстандық шенеуніктердің жалақысы қанша? Tengrinews.kz тілшісі анықтап көрді. 

Аудан әкімдерінің жалақысы 330 мыңнан басталады. Мысалы Түркістан облысы Төле би ауданының әкімі 330 580 теңге алса, орынбасары 200 мың теңгедей алады. Бұл сомадан бірнеше есе көп алатын аудан әкімдері де бар. Мысалы Атырау облысындағы бірқатар аудан әкімі 755 485 теңгеден алады екен. Бірақ бұл әкімдердің 2020 жылдың тамызынан бастап алған жалақылары. Бұған дейін олардың жалақысы екі есе аз болған.

Қала әкімдері

Ал қала әкімдерінің жалақысы болса 380 мың мен 950 мың аралығында. Қала әкімдерінің жалақысы бойынша көш бастап тұрған - Алматы басшысы Бақытжан Сағынтаев. Оның бір айлық еңбек ақысы, екі жыл бұрынғы мәлімет бойынша, 950 мың теңге болған. Бұл салықты есептемегендегі жалақы. Ал жалпы Сағынтаев қолына 700 мыңдай алады.

Қала әкімдерінің ішінде ең аз жалақы Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевта болып шықты. Әкімнің бір айлық жалақысы - 380 мың теңге. Айта кетейік, бұл аудан әкімдерінің жалақысынан екі есе аз.

Облыс әкімдері

Облыс әкімдерінің ішінде ай сайынғы еңбек ақысын ашық айтатындары да, жасырып, айтпауды дұрыс көретін әкімдер де бар. Мысалы Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарының әкімі жалақысы 766 мың теңге екенін айтқан. Ал Шығыс Қазақстан облысын 2014 жылдан бері басқарып келе жатқан Даниал Ахметов жалақысы жариялауға жатпайтын ақпарат екенін айтқан болатын. Әзірге белгілісі тек екі облыс әкімінің жалақысы.

Депутаттар

Парламент депутаттарының жалақысы - 550 мың мен 800 мың теңге аралығында. Ал екі жыл бұрынғы мәлімет бойынша, Мәжіліс депутаттарының жалақысы - 684 874 теңге болған. Бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer