Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
21 января 2021 12:45

Парламент депутаттарының жалақысы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы белгілі болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Материалдық-техникалық қамтамасыз ету бақсармасы ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының жалақысы жұмыс өтіліне байланысты 550 мыңнан 800 мың теңгеге дейін түрленетіндігін хабарлайды", - делінген Tengrinews.kz тілшісі жолдаған ресми сауалға берілген жауапта.

Айта кетейік, 2019 жылы ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттарының жалақысы - 684 874 теңге болған және бұл сомаға депутаттың еңбек өтіліне қарай үстеме қосылатын.

Парламент тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi Палатадан: Сенат және Мәжiлiстен тұрады. 

Сенат конституциялық заңда белгіленген тәртіппен әр облыстан, республикалық маңызы бар қаладан және Қазақстан Республикасының астанасынан екі адамнан өкілдік ететін депутаттардан құралады. Сенаттың сайланатын депутаттарының жартысы әрбір үш жылда қайта сайланады.

Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын 107 депутаттан тұрады. Мәжілістің 98 депутаты саяси партиялардан партиялық тізімдер бойынша бірыңғай жалпыұлттық сайлау округінен жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы сайланады. Мәжілістің 9 депутатын Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайды.

Парламент депутаты бiр мезгiлде екi Палатаға бiрдей мүше бола алмайды.

Еске салайық, биыл 10 қаңтарда Парламент Мәжілісі мен мәслихаты депутаттарының сайлауы өтті. Биылғы сайлауға 5 партия қатысты: "Ауыл" партиясы, Nur Otan партиясы, "Адал" партиясы, "Ақ жол" партиясы, Қазақстан Халық партиясы. 

Биылғы парламент сайлауының қорытындысы бойынша мәжіліске үш партия өтті:

  • Nur Otan (71,09 пайыз)
  • Ақ жол (10,95 пайыз)
  • Қазақстан Халық партиясы (9,10 пайыз)
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Kaz.Tengrinews (@kaz.tengrinews)

Биыл сайланған Мәжіліс депутаттарының толық тізімін мына сілтеме арқылы көруге болады. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети