ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 сентября 2021 | 12:05

Қазақта күйеу баланың міндеті мен атқаратын дәстүрлері қандай?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
"Песнь древа" фильмінен алынған кадр. Бегімай (қазақстандық актриса және әнші Салтанат Бақаева) және Эсен (қырғыз драма театрының актері Өмірбек Израилов). Фото: Kaktakto.com "Песнь древа" фильмінен алынған кадр. Бегімай (қазақстандық актриса және әнші Салтанат Бақаева) және Эсен (қырғыз драма театрының актері Өмірбек Израилов). Фото: Kaktakto.com

Қазақ отбасы дәстүрінде күйеу баланың орны мен ролі өте маңызды саналған. Күйеу балада төрт жұрт болады - өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты, ел жұрты. Мұны қазақ "ержігіттің төрт жұрты" деп атайды. Сол төрт жұртқа сыйымды болған жігітті "нағыз ер жігіт" дейді. Этнограф Болат Бопайұлының айтуынша, кез келген жігіт "ер жігіт" атануы үшін төрт жұрттағы өз орны мен ролін білуі, біліп қана қоймай оны дәстүр бойынша атқаруы керек. Ол сонда ғана халықтың қалаулысы, елінің елеулісі бола алады. Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне күйеу баланың орны, міндеті, ролі туралы айтып берді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақ отбасы дәстүрінде күйеу баланың орны мен ролі өте маңызды саналған. Күйеу балада төрт жұрт болады - өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты, ел жұрты. Мұны қазақ "ержігіттің төрт жұрты" деп атайды. Сол төрт жұртқа сыйымды болған жігітті "нағыз ер жігіт" дейді. Этнограф Болат Бопайұлының айтуынша, кез келген жігіт "ер жігіт" атануы үшін төрт жұрттағы өз орны мен ролін білуі, біліп қана қоймай оны дәстүр бойынша атқаруы керек. Ол сонда ғана халықтың қалаулысы, елінің елеулісі бола алады. Болат Бопайұлы Tengrinews.kz тілшісіне күйеу баланың орны, міндеті, ролі туралы айтып берді. 

Күйеу баланың бірінші міндеті қандай? 

Атам қазақта "Күйеу бала - қайын жұртына сүйеу бала" деген тәмсіл сөз бар. Бұл сөз жайдан-жай айтылмаған, дейді этнограф. Бір жат рудың, жат отбасының қызын алып, шаңыраққа күйеу болып атанғаннан бастап, күйеу жігіт мойнына таудай жауапкершілік алады.

"Бірінші, өзі сөйлескен, махаббаттасқан қалыңдығын жанындай жақсы көріп, ерекше сыйлауы керек. Оның жүрегін жаралайтын ауыр сөздер айтпауы, тіл тигізіп боқтамауы, қол тигізіп сабамауы, өтірік айтып алдап-арбамауы тиіс. Олай етсе, жігіттің бағы қайтып, жолы байлануы содан бастау алады", - дейді Болат Бопайұлы.

Күйеу бала болатын жігіт қайын жұртына баруына, қайын ата мен қайын апасының алдынан кес-кестеп өтуіне, әдепсіз әрекеттер жасауына қатаң тыйым салынады. Бұлай істесе, "нашар күйеу" атағын алады. Қазақ дәстүрін атқармаған күйеуді "жаман күйеу қайынсақ" деп те атайды. Ел-жұрт сөгеді.

Қалыңдықпен алғашқы кездесу - "Ұрын бару"

Этнографтың сөзінше, күйеу бала болған жігіт ең алғаш қыз жаққа "Ұрын бару" кезінде, яғни құда түспей тұрып қайын жұртына барады.

"Алғаш келген күйеуді қайын жұрты қатты сынайды. Соған байланысты, қазақта "Өз жұрты сыншыл, қайын жұрты міншіл, нағашы жұрты сыйшыл, ел жұрты күншіл" деген мақал бар. Сондықтан қайын жұртының мініне қалмау үшін қазақ дәстүріндегі күйеу бала атқаратын дәстүрлерді толық біліп, қайын жұртында анық атқарса, ол күйеу "нағыз ер азамат" деп аталады", - дейді маман.

Болат Бопайұлы қайын жұртқа барған күйеу бала өзін қалай ұстап, не нәрсеге жол бермеуі керегін баяндады. 

"Ол қайын атасы мен қайын апасының төсек орнына отырмауы, жалпы қайын жұрты аталатын туыстарынан жоғары шықпауы тиіс. Бұл күйеу баланың қайын жұртында ең бірінші атқаратын әдебі саналады.

Сөз-сөйлемі әдепті болуы керек. Оғаш қылықтар жасамауы ләзім.

Босағадан кіргенде табалдырықты баспай, оң аяқпен кіріп-шығуы, табалдырықты табанымен баспауы, босағаға сүйеніп тұрмауы, маңдайшаны қолымен тартпауы, басын еңкейтіп, сәлем беріп кіруі керек. Күйеу болатын бала алғаш босаға аттағанда табалдырықты табанымен басып, үйге кірсе, қайын жұрты оны ауыр көреді. "Қызымызды таптап, дәстүріді атқармайды" екен деп мін тағып, құдалықты тоқтатады", - дейді этнограф.

Қазақ дәстүрінде жас күйеу бала табақтағы асқа бата жасамайды. Бата жасаса әдепсіздік саналады. Ол орнын білмеген білімсіз күйеу саналады екен. Сонымен қатар, жаңа келген күйеуді қайын атасы мен қайын апасына және басқа да қайын жұртындағы туыстарға таныстырған кезде, күйеу жігіт бәріне басын иіп сәлем береді. Отырып алмайды.

Болат Бопайұлы қазақ салтында құда түсіп, ұрын жүргізілгеннен кейін, күйеу бала қайын жұртына келіп-кетіп жүруіне рухсат етілетінін айтты.

"Кейде күйеу жасырын келіп қалыңдығына жолығатын салт та болған. Оны қазақ "Қалыңдық ойнау салты" деп атаған. Бұл салтты қыздың жеңгелері, не сіңлілері басқарады. Оларға күйеу жігіт дәстүр бойынша, сырға, жүзік, білезік, алқа және басқа заттар сыйлаған", - дейді ол.

Қалыңдық алғанда күйеу жігіт өтетін салттар қандай?

Күйеу жігіт қалыңдығын алып, той жасаған соң, қызын ұзатып келген қайын апасын жайлы көлікпен үйіне апаруға міндетті. Осы кезде қайын жағы күйеу балаға, ірі қара мал (түйе, сиыр, жылқы) береді. Оны қазақ дәстүрінде "Күйеуаяқ" деп атайды.

Болат Бопайұлының айтуынша, қалыңдық алу оп-оңай шаруа емес. Өте көп кәделі, тәртіп-тәрбиесі бар жол. Ол жолдардан нағыз қазақ дәстүрін толық білетін жігіт, күйеу ғана сүрінбей өтеді.

"Қызды ұзататын кезде қыздың жеңгелері оның басына сәукеле киізеді. Оның байғазысын күйеу жігіт береді. Шатырбайғазы, ентікпе, атбайлар, төсек салар, қол ұстатар және басқа көрімдік кәделер болады. Қалыңдық алғалы барған жігіт осының бәріне дайын болуы шарат", - дейді ол.

Этнограф күйеу жігіт те, қайын ата, қайын апаларының атын, ел-жұрт алдында тікесінен атамайтынын айтты. "Менің қайын атам, қайын апам" деп атайды. Тіке атын атаса, әдепсіз күйеу саналады.

Күйеу жігіт қайын жұртына барғанда ылғи үйдің оң жағынан келеді екен. Сол жағынан келмейді.

Сондай-ақ, күйеу жігіт қайын атасының көлігіне мінбейді. Киімдерін кимейді.

"Қазақ дәстүрінде жалпы күйеу жігіт атқаратын дәстүр көп. Бәрі жақсы салтты қалыптастыратын, сыйластық пен жақындықты тұтастыратын дәстүр. Қазіргі кезде көбі ұмыт болып барады. Аттан жығылсақ та, салттан жығылмайық. Сонда ғана мықты ел боламыз", - деп түйіндеді Болат Бопайұлы.

"Қол алысып амандаспаған" - этнограф қазақтың амандық сұрау дәстүрі туралы айтып берді

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer