Қисықова Оксфорд ғалымдары ұсынған дәріге қатысты пікір білдірді

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қисықова Оксфорд ғалымдары ұсынған дәріге қатысты пікір білдірді Дексаметазон прапараты. ©Reuters

Ұлыбритания дәрігерлері таяуда COVID-19-тан адам өлімінің деңгейін азайтатын дәріні тапты. Атауы - дексаметазон. Бұл дәріні елордалық дәрігерлер де пайдаланады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбритания дәрігерлері таяуда COVID-19-тан адам өлімінің деңгейін азайтатын дәріні тапты. Атауы - дексаметазон. Бұл дәріні елордалық дәрігерлер де пайдаланады. Бұл туралы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сәуле Қисықованың айтуынша, елордалық мамандар коронавирус инфекциясын жұқтырып, ауруы асқынған науқастарды емдеу үшін бекітілген хаттамаға сәйкес дексаметазон дәрісін пайдаланады.

"Денсаулық сақтау министрлігі жанындағы комиссия коронавирус инфекциясын жұқтырған науқастарды емдеу хаттамасын үнемі өзгертіп отырады. Сондықтан біз бекітілген хаттамаға сәйкес жұмыс істейміз. Ал қабынуға қарсы дексаметазон препаратына қатысты айтар болсам, иә, мұндай препарат бар. Әріптестерім консилиум шешім шығарса, соған сәйкес инфекция асқынып кеткен науқасты емдеу кезінде пайдаланады", - деді ол.

Еске салайық, Ұлыбританиялық ғалымдардың дерегінше, дексаметазон препараты коронавирус жұқтырып, жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған науқастардың жағдайын оңалтуға көмектеседі.  

Бұған дейін Сәуле Қисықова елордалықтарға коронавирусты анықтайтын тесті себепсіз тапсырмауды ескертті.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 2
Астана -4
Актау 0
Актобе -2
Атырау 1
Б
Балхаш 1
Ж
Жезказган -1
К
Караганда -2
Кокшетау -2
Костанай 4
Кызылорда -3
П
Павлодар -9
Петропавловск -2
С
Семей -1
Т
Талдыкорган 7
Тараз 5
Туркестан -1
У
Уральск -2
Усть-Каменогорск 7
Ш
Шымкент -2

 

Редакция Реклама
Социальные сети