ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
21 апреля 2021 | 11:40

"Қорқа бергеннен дерт жойылмайды". Вакцинаның кері әсері туралы мамандар пікірі

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы вакцина пайда болған сәттен бастап әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде оның кері әсері туралы түрлі видео, аудио тарай бастады. Олардың басым бөлігінде "вакцинаның кері әсері бірнеше жылдан кейін білінеді, бедеулік пайда болады немесе оның әсерінен ДНҚ өзгеруі мүмкін" деп айтылады. Жалпы, мұндай ақпараттарды тарату кімге керек? Пандемияға дейін салынып келген вакциналар шыққанда мұндай ақпараттар тарады ма? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтарды мамандарға қойып көрді.


Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы вакцина пайда болған сәттен бастап әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде оның кері әсері туралы түрлі видео, аудио тарай бастады. Олардың басым бөлігінде "вакцинаның кері әсері бірнеше жылдан кейін білінеді, бедеулік пайда болады немесе оның әсерінен ДНҚ өзгеруі мүмкін" деп айтылады. Жалпы, мұндай ақпараттарды тарату кімге керек? Пандемияға дейін салынып келген вакциналар шыққанда мұндай ақпараттар тарады ма? Tengrinews.kz тілшісі бұл сұрақтарды мамандарға қойып көрді.

"ДНҚ-ны жылдам өзгертуді білмейміз"

Бұған дейін жарияланған сұхбатта медицина докторы, биолог Ботагөз Кәукенова "коронавирусқа қарсы вакцинадан бедеулік пайда болады" дегенді "ескі аңызға" теңеді. Сонымен қатар, екпенің бірнеше жылдан кейін де ағзаға әсер ете алуын жоққа шығарды.

"Компоненттер ағзада өте жылдам тарап кетеді. Сіз екі күн бұрын ішкен парацетамол екі жылдан кейін әсер ете ала ма? Немесе сіз шауырма жеп отырып, өзіңізден оның кері әсері туралы сұрайсыз ба?", - деді ол.

Сонымен қатар, адам ДНҚ-сы вакцинамен өзгере салатын оңай дүние емес екенін түсіндірді.

"Біз ДНҚ-ны адам ағзасында мұншалық жылдам өзгертуді білмейміз. Вакцина жасушаларыңыздың тек бірнешеуінде вирус бөліктерінің пайда болуына нұсқаулық береді. Осыдан кейін жасушалар нұсқаулықты тауып, вирустың бөліктерін жасайды, содан кейін жасуша ол нұсқаулықтың көзін жояды", - деді Кәукенова. 

"Қорқыныш коронавирусты жеңдіреді"

Медицина ғылымының докторы, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті Балалар жұқпалы аурулар кафедрасының профессоры Аманкелді Тыныбековтің айтуынша, бұған дейін пайда болған вакциналарды салу кезінде жалған ақпараттар тарамаған, соның арқасында бірқатар дерттің көзі жойылды.

"Қаншама вакцинаның тағдырын көрдік, бұған дейін салынып келген вакциналар аз емес. Алайда олар шыққанда қазіргідей алып-қашпа әңгімелер, видеолар, аудиолар мен жалған хабарламалар тараған жоқ. Содан болар, адамдарда сенім болды, екпені салдырды. Әрине, қазір әлеуметтік желі, мессенджерлер бар. БАҚ та түрлі қорқынышты жаңалықтарды жарысып жазып жатыр, мұның бәрі қорқыныш туғызады, ал қорқыныш коронавирусты жеңдіреді", - деді Тыныбеков. 

Профессордың айтуынша, вакцинаның қысқа мерзімде жасалғаны да адамдардың ойына күмән ұялатады. Ал мәнісіне бармай тұрып бірнеше жылдан кейін "осындай болады екен" деу - әбестік, дейді ол.

"Коронавирусқа қарсы вакцинаны салса бәлембай жылдан кейін осындай болады екен, кері әсері шығады екен деу миға сыймайды. Салына бастағаны жаңа, бірнеше жылдан кейін не боларын қайдан білдіңіз? Ондай қорқынышты ақпараттар әлем елдерінің экономикасына да әсер етіп жатыр, тіпті фармацевтикалық компаниялардың мүддесі болуы да мүмкін. Жалпы, мұның астарынан саяси, экономикалық жайттарды да байқауға болады, десек те бәрінен маңыздысы адам денсаулығы мен өмірі. Қорқа бергеннен дерт жойылмайды", - деді профессор. 

Маманның сөзіне қарағанда, қорқыныш, күйзеліс сезімдері ағзаның вируспен күресуіне кедергі келтіреді, табиғи иммунитет әлсіреп, ауруды жұқтыру қаупі жоғарылайды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети