ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
26 февраля 2020 | 11:41

Коронавирус жайлаған елдерде қанша қазақстандық бар?

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жайлаған елдерде қанша қазақстандық барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус жайлаған елдерде қанша қазақстандық барын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Қытайда қауіпті дертті жұқтыру дерегі бәсеңсігенімен, әлемнің басқа елдерінде бұл ауруды жұқтырған адамдардың саны артып барады.

Осы орайда бас санитар дәрігер коронавирус жайлаған елдерде Қазақстанның қанша азаматы барын айтты.

"Әрине, бұл мәселе күрделі. Әрбір мемлекетте біздің қаншама азаматымыз бар. Мысалы, Оңтүстік Кореяда 34 мың адам, Жапонияда 180 адам, Иранда 170-ке жуық азаматымыз бар. Бұл Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің мәліметі. Бұл мәселе қатаң бақылауда", - деді Жандарбек Бекшин.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтарға Қытайдан бөлек, Оңтүстік Корея, Иран, Сингапур, Малайзия, Италия, Жапония және Таиландқа бармауға кеңес берді.

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 495.34   523.31   4.94 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети