Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
27 февраля 2020 16:28

20 елден үрейлі хабар жетті: коронавирус Қазақстанға да келуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Қытайдан тараған қауіпті індет COVID-19 бір жылдан соң әлем халқының 70 пайызына жұғуы мүмкін. Гарвард университетінің эпидемиологы Марк Липсич күні кеше осындай мәлімдеме жасады. Коронавирустың жаңа түрі батыс елдерінде де анықталып жатыр. Вирусты жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны артып барады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты әлем елдеріндегі ахуалға шолу жасады. 


Қытайдан тараған қауіпті індет COVID-19 бір жылдан соң әлем халқының 70 пайызына жұғуы мүмкін. Гарвард университетінің эпидемиологы Марк Липсич күні кеше осындай мәлімдеме жасады. Коронавирустың жаңа түрі батыс елдерінде де анықталып жатыр. Вирусты жұқтырғандар мен қайтыс болғандардың саны артып барады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа байланысты әлем елдеріндегі ахуалға шолу жасады. 

Қазақстандықтарға қай елдерге баруға болмайды?

24 ақпанда Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирустың тарауына байланысты қай елдерге баруға болмайтынын айтты. 

Бекшиннің айтуынша, Оңтүстік Корея, Италия, Жапония, Сингапур, Иран, Таиланд, АҚШ, Малайзия және Вьетнамға әзірше бармаған дұрыс. Расында, соңғы уақыттары аталған елдерде коронавирус жұқтырғандардың саны күннен күнге артып барады. 

Еліміздің бас санитар дәрігері маңызды мәлімдеме жасады

Оңтүстік Корея

Алғаш Оңтүстік Кореяда вирустың жайлағаны туралы ақпарат 23 ақпаннан бастап тарады. 23 ақпандағы жағдай бойынша, елде барлығы 602 адам вирус жұқтырғаны белгілі болса, 24 ақпанда бұл сан күрт ұлғайған: 763 адам жұқтырып, екеуі қайтыс болған. 

Ал бүгін елде вирус жұқтырғандайдың саны 1595-ке жеткені белігілі болды. Қайтыс болғандардың саны 12-ге жетсе, 24 науқас ауруханадан шығарылған. Тағы 21 097 адамның сараптамасы тексеріліп жатыр. 

Ренхап агенттігінің хабарына қарағанда, Синчхончжидің діни жоралғылары коронавирустың таралуын күшейтіп жіберген, өйткені қызмет көрсетушілер бір-біріне тізерлеп жақын отырып, бір-біріне иығын құшақтап ән айтады.

Атауы "жаңа аспан мен жер" деп аударылатын Синчхончжи діни ағымының негізін 1984 жылы Пастор Ли Ман Хи қалаған. Сектаның ізбасарлары оның негізін қалаушы Иса Мәсіхтің жерге екінші келуінің көрінісі деп сенеді. Әлем бойынша табынушыларының саны 200 мыңға жуық.

Жапония

Ал 23 ақпанда Жапонияда Diamond Princess круиз лайнерінде коронавирустың жаңа түрін жұқтырған үшінші жолаушы көз жұмды. Бұл туралы Киодо агенттігі хабарлады.

Ол - 80 жастағы жапон. 20 ақпанда лайнердің екі жолаушысы, 80 жастан асқан ер адам мен әйел көз жұмған.

Жапонияда коронавирустың жаңа түрі анықталған 769 адам тіркелді. Оның 634-і - Diamond Princess круиз лайнерінің жолаушылары мен экипаж мүшелері. Бейсенбі күні лайнерде жаңа коронавирус инфекциясын жұқтырған алғашқы екі адам туралы белгілі болды. Қазіргі уақытта лайнер 969 жолаушы шығарылды, оның бортында қазақстандықтар болған - екі әйел және 8 және 12 жастағы екі бала.

Иран

Алғаш рет ирандық билік жұқтыру оқиғалары туралы 19 ақпанда хабарлады - ол мұсылман шейіттерінің мінәжат ететін Кум қаласында басталған. Дәрігерлердің мәліметінше, жұқпалы аурулардың көпшілігі қала тұрғындары болып табылады.

25 ақпандағы ақпарат бойынша, Иранда коронавирустың жаңа түрі COVID-2019 вирусын жұқтырғандардың саны 95-ке жетті, оның 15-і өліммен аяқталған. Жергілікті билік өкілдері вирустың ошағы Кум қаласы екенін анықтаған. Кеше, 26 ақпанда Иранның 57 жастағы депутаты Махмуд Садеки коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді. 

"Коронавирусқа жасаған сараптама оң нәтиже көрсетті. Менде мұны енді ұзақ өмір сүрем деген үміт болмағандықтан айтып отырмын, - деп жазған депутат Twitter желісіндегі парақшасында.

Одан бөлек, Иранның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ирадж Харирчи вирусты жұқтырғаны белгілі болды. 

Иранда коронавирустың таралуына байланысты елдің бірқатар провинциясындағы оқу орындарының жабылғанын, сондай-ақ мәдени іс-шаралар тоқтатылған және бірқатар спорт жарысы көрерменсіз өтетіні хабарланған. Елдегі коронавирустың таралуына байланысты Түркия мен Пәкістан Иранмен шекараны жабу туралы шешім қабылдады. Ауғанстан мен Кувейт Иранмен көлік қатынасын тоқтатты.

Швейцария, Алжир

25 ақпандағы жағдай бойынша, коронавирус Швейцария мен Алжирде анықталды. COVID-19 тіркелгені туралы Алжирдің денсаулық сақтау министрі Абдуррахман бен Бузейд хабарлаған. Оның сөзінше, коронавирус 17 ақпанда елге келген Италия азаматынан анықталған.

Pais басылымының мәліметінше, Каталонияда да коронавирус анықталған. Сонымен қатар, Тенерифе аралдарында да вирус тарағаны мәлім болды. Сөйтіп, жалпы Испанияда бес адам коронавирус жұқтырған.

Коронавирус жайлаған елдерде қанша қазақстандық бар?

Италия

22 ақпанда Италияда коронавирус жұқтырған 78 жастағы ер адам қайтыс болды. Оның 67 жастағы әйелі де ауруханаға жатқызылған. Оларда вирус бар-жоғы соңына дейін белгісіз болған. Артынша Венето ауданының президенті Лука Дзайя жүргізілген сараптама бойынша олардан вирус анықталғанын мәлімдеген. 

Бұл Еуропада тіркелген екінші өлім. Оған дейін Францияға қаңтардың ортасында Хубей провинциясынан келген 80 жастағы қытайлық турист қайтыс болған. 

Коронавирустан үрейленген италиялықтар азық-түлікті жаппай сатып ала бастаған. Мәселен, Ломбардияның солтүстігінде дүкен сөрелері қаңырап қалған. Милан супермаркеттерінде тұрғындар азық-түлік кезегінде кешке дейін тұрған. 

Милан тұрғыны РИА Новостиге ешқандай үрейдің жоғын, ал дүкен сөрелерінің босап қалуы қарапайым сақтық шарасы екенін айтқан. 

"Кодоньо қаласында вирус анықталғандықтан ауылдарда өндірістік және коммерциялық қызметтер өз жұмысын уақытша тоқтатқан. Тауар жеткізілімі тоқтағандықтан дүкендер де жабыла бастаған. Сондықтан адамдар вирус қарқынды тарап кеткен жағдайға дайындалу үшін азық-түлікті алдын ала сатып алып жатыр", - дейді миландық тұрғын. 

Алайда, Италияда шет елден келген адамдарға басқаша қарай бастаған. Мәселен, Айчурок Сейитбекова есімді қырғызстандық қыз "Настоящее время" телеарнасына берген сұхбатында италиялықтар оған басқаша қарай бастағанын айтқан. Оның айтуынша, Италия тұрғындары кез келген Азия елінің өкілін көрген кезде алшақтау жүруге тырысады. 

Болот Абдыкадыровтың отбасымен Италияда тұрып жатқанына 15 жыл болған. Коронавирусқа қатысты жағдай оның да отбасын айналып өтпеген көрінеді. Қырғызстандық ер адам италиялықтардың реакциясын әзіл ретінде видеоға түсірген. Ролик бірден Желіде тарап кеткен. 

Бүгін тағы төрт елде коронавирус анықталды

Бүгін Грузия, Норвегия, Финляндия және Бразилия елдерінде коронавирус тіркелді.

Грузияда Лугара зертханасынан сараптаманың қорытындысы келген. Коронавирус расталды. Вирусты кеше Ираннан Әзербайжан арқылы келген Грузия азаматы жұқтырған. 

Ал Финляндияда коронавирус жұқтырған тұңғыш адам Миланнан келген екен. Коронавирус елдің Хельсинки мен Уусимаа округінен анықталған. Олар вирусты Италияның солтүстігінде жұқтырған. Қазір науқас емделіп жатыр.

Сондай-ақ, Норвегияның солтүстігінде коронавирус тіркелді. Бірақ жергілікті дәрігерлер дүрбелең туғызбауға шақырған. Қазіргі уақытта науқас үйде карантинде екен. Оның жасы мен жынысы айтылмады.

Коронавирусты Бразилияда да жұқтырғандар бар болып шықты. Бразиялық 61 жастағы ер адам 9-21 ақпан аралығында Италияда болған екен. Дәрігерлер оның сараптамасын қайта тексеруге жіберді.

АҚШ-та да Diamond Princess круиз лайнерінен эвакуацияланған алты америкалықтан вирус анықталып отыр.

Коронавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін

Бүгін денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус Қазақстанға да жетуі мүмкін екенін айтты. Оның айтуынша, мұның алдын алу үшін қажетті шаралар қабылданып жатыр. 

"Шынымды айтайын, инфекцияның жұғуы медицинаның қаншалықты дамығанына аса байланысты емес. Медицинасы дамыған Жапония, АҚШ, Корея елдерінде инфекциядан зардап шегіп жатыр. Бұл инфекция ауа тамшылары арқылы жұғады", - деді Біртанов.

Соңғы деректер бойынша, әлем бойынша 82 мың адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Ал қайтыс болғандардың саны 2801 адамға жеткен.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 449.3   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети