ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 февраля 2021 | 14:21

Коронавирусқа қарсы вакцинация: ең маңызды сұрақтардың жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Бүгін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Вакцина салдыру ақылы бола ма? Елімізде қандай вакциналар салынады? Одан бас тартуға бола ма? Tengrinews.kz тілшісі вакцинация туралы маңызды сұрақтарға жауап береді. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинация басталды. Вакцина салдыру ақылы бола ма? Елімізде қандай вакциналар салынады? Одан бас тартуға бола ма? Tengrinews.kz тілшісі вакцинация туралы маңызды сұрақтарға жауап береді. 

Вакцина ең бірінші кімдерге салынады?

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, вакцина бірінші мына топтарға салынады: 

- 1 ақпанда басталатын бірінші кезеңде инфекциялық аурухана, жедел медициналық жәрдем, реанимация және қабылдау бөлмелері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері вакцина ала алады.
- 1 наурызда басталатын екінші кезеңде жалпы білім беретін мектептердің, ЖОО-ның педагогтері, медициналық қызмет қызметкерлері.
- 1 сәуірден бастап үшінші кезеңде: мектеп-интернаттардың, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің педагогтері, студенттер және созылмалы ауруы бар адамдар егіледі.

Қазақстандықтарға қандай вакциналар салынады?

Бүгін басталған вакцинацияда ресейлік "Спутник V" қолданылады. Бұл коронавирусқа қарсы дүние жүзінде тіркелген алғашқы вакцина саналады.  

"Спутник V" вакцинасын Қазақстанда Қарағанды фармацевтика кешенінде өндіріліп жатыр. Кешен директоры Сергей Баронның айтуынша, Қазақстанда "Спутник V" вакцинациясының 2 миллион дозасы өндіріледі. 

Қазақстанның да өз вакцинасы бар. Ол QazCovid-in деп аталады. Бұл вакцина нарыққа наурызда шығады деп жоспарланып отыр. Ол да кейін қазақстандықтарға салынады. 

Сонымен қатар, коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасы да елге жеткізілуі мүмкін. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі америкалық өндірушімен елге Pfizer вакцинасын жеткізу туралы меморандумға қол қойды. 

"Екінші жартыжылдықтан бастап Pfizer Қазақстан үшін қолжетімді болуы мүмкін. Алдын ала келісімдер бар. Pfizer компаниясымен меморандумға қол қойылды. Талқылау барысында егжей-тегжей мәселелер шешіледі", - деді денсаулық сақтау вице-министрі Ерлан Қиясов.

Вакцина салдыру ақылы бола ма?

Басында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой вакцинация бәріне бірдей ақысыз болмайтынын айтқан. Дәрігерлер, мұғалімдер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен басқалары ақша төлеуі керек деп жоспарланған болатын.

Ал кейін Қазақстанның кез келген тұрғыны вакцинаны тегін салдыра алатыны хабарланды. Бұл туралы денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов мәлімдеді. 

"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында вакцинация тегін болады. Бұл кезеңде бүкіл елде вакцинация мемлекет қаражатына жасалады деп жоспарланып отыр. Тиісті қаражат мемлекет резервінен алынады, бұл шығын есептелді. Тиісінше, вакцина халық үшін тегін болады", - деді ол. 

Вакцина салдырғаннан кейін қандай кері әсері болуы мүмкін?

Вакцинациядан кейін науқас 30 минут бойы медицина қызметкерінің бақылауында болады. Келесі үш күн ішінде қысқамерзімді жалпы ұқсас синдром болуы мүмкін: дене қызуының көтерілуі, бас ауруы және денеде реакция болуы мүмкін. Егілген дене бөлігі ауырып, ісінуі, қызаруы мүмкін.

Кімдерге вакцина салдыруға болмайды?

Вакцинаны 18 жасқа дейінгі балалар мен 65 жастан асқан адамдар салдыра алмайды. 

Сондай-ақ, жүкті және емізулі кезеңдегі әйелдерге вакцина салдыруға болмайды.

Одан бөлек, коронавирустың өткір және симптомсыз формалары бар адамдар және вирус жұқтырған тұлғамен байланыста болған адамдарға КВИ-ге қарсы вакцина салынбайды.

Вакцинадан бас тартуға бола ма?

Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина салдыру міндетті емес. Одан бас тартуға болады. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, вакцинация ерікті түрде, екпе салдырған адамның келісімімен ғана жүзеге асырылады. "Адамдардың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 77-бабына сәйкес, қазақстандықтар профилактикалық вакциналарды қабылдаудан бас тартуға құқылы.

Министрлік вакцинациядан бас тартқан жағдайда мұғалімдер мен дәрігерлер үшін ешқандай салдар болмайтынын атап өтті. Алайда вакцинацияланбаған адамдарға басқа елдерге бару кезінде қандай шектеулер болатыны әлі белгісіз.

COVID-19 жұқтырып, аурудан жазылғандарға вакцинация қажет пе?

Бұл сұрақтың әзірше нақты жауабы жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі қазіргі уақытта КВИ жұқтырғандарды вакцинациялау мәселесі талқыланып жатқанын айтты.

Бірқатар әлемдік мәліметке сәйкес, аурудан жазылғаннан кейінгі антиденелер 3-6 айдан кейін жоғалады, содан кейін адам қайтадан вирус жұқтыруы мүмкін. 

Желіде халықты вакцинация арқылы жаппай чиптеу туралы қауесет тарап жатыр. Бұл қаншалықты рас?

Министрлік мұндай қауесеттерді жоққа шығарды. 

"Қазақстан Республикасында бірде-бір вакцинация адамдарды чиптеуге арналмаған. Вакцинация жасамас бұрын, әркім вакцинаның құрамы туралы ақпарат беретін нұсқаулықпен танысуға құқылы", - деді Денсаулық сақтау министрлігі өкілдері.

Вакцина коронавирустың кейінгі штамдарына тиімді ме?

Коронавирустың қандай штаммы болса да, қазір әзірленіп жатқан вакциналар оларға қарсы тиімді болады. Бұл туралы ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылыми кеңесші Әлім Акимбаев айтты.

"Вакцина кейінгі уақытта шыққан штамдарға қарсы да тиімді болады. Бұл жерде бір нәрсені түсіну керек: қандай мутация болса да, ол бірінші кезекте - коронавирус. Қазір әзірленіп жатқан вакциналар коронавирустың кез келген түріне қарсы иммунитет пайда болуы үшін салынады. Маған қазақстандық вацинаның ұнайтыны: оның антиген спектрі кеңдеу. Сондықтан, ол коронавирустың түрлі штаммына қарсы тиімді болады", - деді ол ОКҚ-дағы онлайн-брифингте.

Электронды вакцинация паспорты дегеніміз не?

Электронды вакцинация паспорты - бұл вакцинацияның медициналық тарихы. Қазіргі уақытта ЭВП әзірлеу аяқталу сатысында тұр.

ДСМ мәліметінше, электронды вакцинация паспорты eGov Mobile қосымшасында вакцинациядан кейін бірден қолжетімді болады. ЭВП-де азамат туралы, ол алған вакцина түрі, вакцинация процедураларының кезеңдері, сондай-ақ вакцинациядан кейінгі кезеңдегі бақылаулар туралы ақпарат болады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer