Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
25 марта 2021 14:44

Маман вакцина салдырғаннан кейін қалай күтіну керегін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина директоры Лаура Мырзағали коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қалай күтіну керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілі, телемедицина директоры Лаура Мырзағали коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаннан кейін қалай күтіну керегін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әрине, менің жасымдағы адамдар бұрыннан біледі деп ойлаймын, бәрі вакцина салдырған. Оның кейбірі ауыр түрде өтеді. Бұл вакцина да сол сияқты әр адамға әртүрлі әсер етеді. Мен өзім вакцина салдырғаннан кейін менде ине салдырған орын ғана ауырды. Ал менімен бірге салдырған әріптестерімнің кейбірінде дене қызуы көтерілді, кейбірінде қалтырау болды.

Дене қызуы көтерілсе, оны түсіруге көмектесетін дәрілері болады. Олар антибиотик емес, дене қызуын түсіруге арналған парацетамол, ибупрофен деген секілді препараттар. Соларды қабылдауға болады. Моншаға барып, спортпен де айналысуға болады. Бірақ бірінші кезекте дене қызуын түсіру керек. Одан кейін вакцина салдырғаннан кейін үш күндей моншаға түсуге, су тигізуге болмайды. Сол тәртіпті сақтау керек. Одан кейін адамның жағдайына байланысты моншаны да қабылдауға болады. Әр нәрсе өз орнымен", - дейді Лаура Мырзағали Өңірлік коммуникациялық қызметінде өткен брифингте.  

Коронавирусқа қарсы вакцинация: ең маңызды сұрақтардың жауабы 

Еске салайық, елімізде коронавирусқа қарсы вакцинация 1 ақпанда басталған болатын. Вакцинация кезең-кезеңмен жүргізіліп жатыр. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой жыл соңына дейін 6 миллион қазақстандыққа вакцина салынатынын айтқан болатын. 

 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети