ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
05 мая 2020 | 14:02

Мақтаарал ауданындағы су тасқыны: зардап шеккен әр тұрғынға 100 мың теңге берілуі мүмкін

Даурен Ерболат Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі Фото: Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова Мақтаарал ауданындағы су тасқынан зардап шеккен әр тұрғынға 100 мың теңге берілуі мүмкін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы Мира Сүлейменова Мақтаарал ауданындағы су тасқынан зардап шеккен әр тұрғынға 100 мың теңге берілуі мүмкін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кеше қазақстандық БАҚ-та Өргебас ауылына қатысты материал жарияланды. Онда ауыл халқы 3 күннен бері елді мекенге су тоқтамай келіп жатқанын, оқиға орнына Түркістан облысының әкімі мен Мақтаарал аудан әкімі келмегені айтқан. Мира Сүлейменова бұл мәселеге қатысты пікір білдірді.

"Бұл видеосюжетті көрдім. Кеше облыс әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов, Мақтарал ауданының әкімі оқиға орнына барып, тұрғындармен сөйлесті. Олар су астында қалған үйлеріне кіріп, заттарын алғысы келетіндерін айтты. Бірақ әкімдік өкілдері оған рұқсат берген жоқ. Себебі, бұл қауіпті аймақ болып саналады. Алайда тұрғындар ұры түспес үшін үйлерін күзетуге қалды", - деді ол.

Су тасқыны салдарынан Мақтаарал ауданындағы 5 ауылды су басып, 845 үй бүлінген. 7 ауылды су басу қаупі төніп тұр. Баспасөз хатшысы бұл жерге баруға болмайтынын айтады.

"Мысалы, өткенде су басқан ауылдардың бірінде тұратын әйел бізге өтішінін айтты. Ол үйіндегі заттарын алмақшы болған. Сөйтіп, жағдайын Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқамановқа айтқан. Ол апайдың жағдайын түсініп, құтқарушылармен бірге кеме жіберді. Алайда кеме тура үйдің жанында келгенде ол қопарылған. Мұндағы үйлер 4-5 күннен бері судың ішінде тұр. Оған кіру өте қауіпті ғой. Ең маңызды мәселе - адамның өмірін аман сақтап қалу", - дейді Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

Оның айтуынша, қазіргі таңда 31 мың тұрғын қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Сонымен қатар Мира Сүлейменова Мақтаарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен әрбір тұрғынға 100 мың теңге берілетінін айтты.

"Арыста болған төтенше жағдай бізге үлкен сабақ болды. Мақтарал ауданының әкімі Бақыт Асанов апат болған жерді аралап, тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Оның жанында мен де жүрдім. Тасқын салдырынан шығын келгені белгілі ғой. Арыс тәжірибесіне сәйкес, осыған дейін әр адам басына 100 мың теңге көлемінде көмек беріледі деп айтылған. Өтемақы міндетті түрде беріледі. Бірақ оның көлемін нақтылап жатырмыз. Мысалы, қазіргі таңда көмектің көлемі 100 мың теңге", - деді ол.

Сондай-ақ, Түркістан облысы әкімінің баспасөз хатшысы ертең өңірге комиссия мүшелері келетінін атап өтті. Оны үкімет басшысының орынбасары Роман Скляр басқарады.

Айта кетейік, осыған дейін Түркістан облысының әкімі үкімет басшысы Асқар Маминнен көмек сұрағанын, Өзбекстан қазақстандық коллекторларға тазалауға көмектесетінін хабарлағанбыз. 

Еске салайық, 1 мамырда Өзбекстанда  болған жаңбыр мен дауылдан кейін Сырдария облысындағы Сардоба су қоймасы бөгеттерінің бірі жарылған еді. Кейін Түркістан облысы Мақтаарал ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сардоба су қоймасы бөгетінің бұзылуы салдарынан Түркістан облысының 10 ауылын су басқанын мәлімдеген.
 
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 492.1   529.37   5.02 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети