РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
17 июня 2020 | 15:26

Маман коронавирус жұқтырғанда қандай дәрілерді ішу керегін айтты

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: REUTERS Фото: REUTERS

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова тұрғын COVID-19 вирусын жұқтырса, не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова тұрғын COVID-19 вирусын жұқтырса, не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Коронавирусты анықтауға тест тапсырып, ол оң нәтиже көрсетсе сіздерге не істеу керегін айтайын. Біріншіден, үйден шықпаңыздар, оқшауланыңыздар. Маска тағыңыздар. Екіншіден, күніне 3 рет термометрия жүргізіңіздер. Үшіншіден, жеке бастың тазалығын сақтаңыздар. Төртіншіден, сіз тамақ ішетін ыдыстар жеке болуы керек. Бөлмені желдетіп отырыңыздар", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, Сәуле Қисықова дене температурасы көтерілсе, қандай дәрі ішу керегін түсіндірді.

"Дене қызуы 38 градустан жоғары болса, 500 миллиграмм мөлшерінде парацетамол және күніне 1 рет аспирин ішіңіз. Оның дозасы 150 миллиграмм болуы керек. Сонымен қатар, қанды сұйылту үшін таблетка түріндегі Тромбо АСС, кардиомагнил сияқты дәрілерді ішуі керек", - деді ол.

Басшы коронавирус инфекциясы кезінде дене қызуы 3-5 күн бойы көтерілетінін жеткізді. Ол мұндай жағдайда үйде емделмеу керегін айтты.

"Мұндай жағдайда жедел жәрдем қызметінің немесе поликлинкалардың call-орталығына хабарласу керек", - деді Сәуле Қисықова.

Айта кетейік, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы елордада эпидемиологиялық ахуал нашарлағанын хабарлаған болатын.

Айта кетейік, Қазақстанда індет жұқтырғандар саны 15 552-ге жетті. 9 647 адам аурудан жазылды, 88 науқас көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 524.9  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer