ПОДПИШИСЬ НА НАШ TELEGRAM-КАНАЛ
27 октября 2020 | 11:46

Мамин елді мекендер қашан ауыз сумен толық қамтамасыз етілетінін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: primeminister.kz Фото: primeminister.kz

Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин халықты ауыз сумен қамту және қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин халықты ауыз сумен қамту және қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелері бойынша бірқатар тапсырма берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі

Асқар Мамин сумен жабдықтау және су құбыры мәселелері үкіметтің стратегиялық міндеті болып саналатынын атап өтті.

"Ол халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға тікелей әсер етеді. Жалпы еліміздегі қалаларда орталықтандырылған сумен жабдықтау деңгейі 97,2 пайыз, ауылдарда 87,4 пайыз. "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2025 жылға қарай халықтың 100 пайызы сумен жабдықтау қызметімен қамтамасыз етіледі. Осының арқасында біз халықты сапалы ауыз суға қол жеткізу мәселесін толығымен шешеміз", - дейді ол Үкімет отырысында.

Министр қай облыста ауылдарды сумен қамту деңгейі төмен екенін айтты

Премьер-министрдің пікірінше, сумен жабдықтау мәселесінің әлеуметтік маңызын ескере отырып, әр әкімдіктің елді мекендерге тиісті инфрақұрылымды жеткізу бойынша нақты жоспары болуы керек.

"Осы мәселенің маңызды факторы - топтық су құбырларының инфрақұрылымын жақсарту, су құбырларын ауылдардың шекарасына дейін жеткізу шарт. Жауапты министрліктер мен әкімдіктер, әрі бұл мәселе бойынша артта қалған өңірлер осы мәселені ерекше бақылауда ұстасын", - дейді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту маңызды екенін атап өтті.

"Бұл мәселені шешудің тәсілдері бар. Қаржыландыру көздері анықталды, жобалау құжаттамасы дайындалып жатыр. Осы жұмыстарды жылдам аяқтап, жобаларды іске асыруға кірісу керек. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде отандық тауар өндірушілердің материалдарын пайдалану керек. Бұл жобалардың шығынын қысқартып қана қоймай, жергілікті қамтуға мүмкіндік береді", - дейді премьер-министр.

Осы орайда Асқар Мамин министрліктер мен әкімдіктерге бірқатар тапсырма берді.

"Біріншіден, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әкімдер бірлесіп, осы жылдың қорытындысы бойынша қалалар мен ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша жоспарланған көрсеткіштерін қамтамасыз етуді тапсырамын.

Екіншіден, экология, геология және табиғи ресурстар министрлігіне топтық су құбырларын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдап, оларды салу және реконструкциялау жобаларын уақытылы іске асыруды қамтамасыз етсін. 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін ұзаққа созылған жобаның құрылысын аяқтау керек.

Үшіншіден, индустрия, ұлттық экономика, қаржы, экология, денсаулық сақтау министрліктері халық үшін тарифтердің артуына жол бермеу үшін кәріз жүйесі құрылысын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді қамтамасыз етсін, қарыздарға қызмет көрсету және өтеу ескеру қажет. Жалпы бақылау мен үйлестіру Роман Склярға (премьер-министрдің орынбасары) жүктеледі", - деді Үкімет басшысы.

Жұмыспен қамту жол картасы 

Үкімет отырысында премьер-министр дағдарысқа қарсы қабылданған шаралар халықты жұмыспен қамтуға ықпал еткенін жеткізді.

"Жұмыспен қамту жол картасы қазақстандықтардың көбіне жұмыс пен табысының сақталуына септігін тигізді, әрі елеулі әлеуметтік-экономикалық тиімділікті көрсетті. Жол картасының жобаларын іске асыру үшін қажет тауарлар мен қызметтердің шамамен 90 пайызы отандық өндірушілерден сатып алынды", - дейді ол.

Маминнің айтуынша, Жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде шамамен 6 600 әлеуметтік, коммуналдық, көлік инфрақұрылымдық объектісі салынып, реконструкцияланған.

"Жобалар аяқталған соң сабақтас салаларда шамамен 100 мың жұмыс орны құрылады. Жалпы жұмыспен қамтуды қолдау шараларын іске асыру қарқыны Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстарында, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларында өте жақсы", - дейді Үкімет басшысы.

Осы орайда премьер-министр халықты жұмыспен қамту деңгейін арттыру үшін мынадай тапсырма берді:

"Біріншіден, әкімдіктер жол картасының жоспарлы көрсеткіштеріне қол жеткізу үшін жұмысты жандандырсын. 

Екіншіден, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін 2021 жылға арналған Жұмыспен қамту жол картасын жаңартсын. Онда тұрақты жұмыс орындарын құруға баса мән беру керек. Жобалардың көбі аяқталғандықтан босатылатын адамдарды жұмыспен қамту жәрдемдесу шараларымен қамту керек.

Үшіншіден, ұлттық экономика министрлігі мүдделі мемлекеттік органдар және әкімдіктермен бірлесіп, осы жылдың соңына дейін барлық мемлекеттік бағдарламаның жұмыс орындарын құру бойынша индикаторын жаңартсын. Бұған қоса, құрылатын жұмыс орындарының мониторингін тиісті статистикалық есепке алу жүйесін енгізу керек.

Жұмыс орындарын құрудың өңірлік карталарын әзірлеп, бекіту керек. Ералы Ұлықпанұлы (Тоғжанов - үкімет басшысының орынбасары), бақылау сізге жүктеледі", - деп түйіндеді сөзін Асқар Мамин.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 484.61   525.29   5.02 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети