ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 октября 2021 | 17:10

Марапат, Гала-концерт, кино. Қазақстанның қырғыз еліндегі мәдениет күндері қалай өтті?

Камила Долаева
Камила Долаева Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сурет: Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі Сурет: Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі

Бүгінде Қазақстанның Қырғыз Республикасында мәдениет күндері өтіп жатыр. Бішкекте қазақ әндері шырқалып, тарихи төл фильмдеріміз көрсетіліп, айыр қалпақты халықпен қарым-қатынас тамыры тереңдей түсті. Tengrinews.kz тілшісі мәдениет күндері аясында болған іш шаралар туралы баяндайды. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде Қазақстанның Қырғыз Республикасында мәдениет күндері өтіп жатыр. Бішкекте қазақ әндері шырқалып, тарихи төл фильмдеріміз көрсетіліп, айыр қалпақты халықпен қарым-қатынас тамыры тереңдей түсті. Tengrinews.kz тілшісі мәдениет күндері аясында болған іш шаралар туралы баяндайды. 

Бұл қос мемлекет үшін айрықша күндер екені хақ. Қырғыз жеріне Қазақстаннан 400-ге жуық өнер иесі, домбырашы, күйші, биші, опера-балет театры, журналистер барды. Еліміздің бірқатар өнер қайраткері арнайы марапатқа ие болды. Қазақстанның Еңбек ері Асанәлі Әшімовке, "Парасат", "Отан" орденінің иегері Әлібек Дінішевке және Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаеваға Шыңғыс Айтматов атындағы Халықаралық сыйлық табысталды.

Қазақстанның Халық әртісі Нұржамал Үсенбаева Әбділас Малдыбаев атындағы Халықаралық сыйлыққа ие болды. Халық сүйіктісі "МузАРТ" тобының мүшесі Мейрамбек Бесбаев та Қырғыз Республикасының "Үздік мәдениет қызметкері" төсбелгісіне ие болды.

Сондай-ақ, Әлібек Дінішев пен Майра Мұхамедқызына Қалия Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық консерваториясының құрметті профессоры атағы, ал Мақпал Жүнісова мен Алтынбек Қоразбаевқа Бибісары Бейшеналиева атындағы Қырғыз мемлекеттік өнер университетінің құрметті профессоры атағы берілді.

Салтанатты іс-шарадан кейін қазақ киносының күндері басталды. Алғысөзде министр Ақтоты Райымқұлова Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынас тәуелсіздік алған жылдары жаңаша қарқынмен дамып келе жатқанын, халықтар арасындағы дәстүрлі бауырластық байланыстар барлық бағытта дамып жатқанын айтты.

"Қырғызстанның көптеген танымал кинематографисінің шығармашылығы Қазақстанмен, атап айтқанда Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясымен тығыз байланысты екенін бәріміз білеміз. 1968 жылы жас режиссер Болот Шәмшиев халқымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезовтің "Қараш асуындағы атыс" туындысы желісінде фильм түсіріп, осы бір керемет жұмысымен көрермендердің жоғары бағасын алды.

Сонымен қатар Болот Шәмшиев түсірген қазақ халқының қайсар қызы, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың ерлігін арқау еткен "Мергендер" фильмі қазақ кинематографының алтын қорына қосылды. Бұл кино күні бүгінге дейін экраннан түспей, көрсетіліп келеді. Айта берсек, мұндай мысалдар өте көп. Қырғызстанда қазақ киносының күндерін ұйымдастыру біздің елдеріміздің арасындағы киноиндустрия саласындағы өзара байланыстардың бірлесіп өркендеуі мен дамуына серпін беретініне сенімдімін", - деді министр.

Бүгін, 9 қазанда кино күндері мәресіне жетеді. Айта кетейік, "Манас" кионотеатрында көрермендер назарына Рүстем Әбдірашевтің "Алмас қылыш", Ақан Сатаевтың "Томирис", "Жау жүрек мың бала", "Анаға апарар жол", "Қазақ хандығы. Алтын тақ" фильмдері мен Тұрдыбек Майдан мен Тілек Төлеуғазының "Мұзбалақ", Адай Әбілдиновтің "Күлтегін" анимациялық фильмі ұсынылды.

Осымен ауқымды іс-шаралар легі аяқталмады. Бішкек қаласының Тоқтағұл Сатылғанов атындағы Қырғыз ұлттық филармониясында Гала-концерт өтті. Осылайша Қырғыз Республикасындағы Қазақстан Мәдениет күндерінің ресми ашылу салтанаты ұйымдастырылды. Филармония залы лық толды. Қазақ өнерін тамашалауға келгендер арасында Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров та бар.

Келген қонақтарды филармония фойесінде "Арлан Жете" қырғыз ұлттық театры мен еліміздің "Тұран" этно-фольклорлық ансамблі дәстүрлі музыкаларды орындап, қарсы алды.

Іс-шара басында сөз алған Ақтоты Райымқұлова тарихы терең екі бауырлас халықтың ортақ мәдениеті мен ұзақ жылдарға созылған достығы, әріптестігі тәуелсіздік алғаннан кейін де жоғары деңгейде жалғасып жатқанын атап өтті.

"Тай-құлындай тебіскен ағайынды екі халықтың мәдениеті мен өнері өте ұқсас. Сан саладағы ынтымақтастығымыздың қарқынды дамып келе жатқаның осының айқын айғағы. Мәдени-гуманитарлық байланыстар екі ел арасын байланыстырушы көпір болып, жаңа көкжиектерге жол ашады.

2013 жылы өткен  әлемдік жазушы Шыңғыс Айтматовтың 85 жылдығына арналған Қазақстандағы Қырғызстанның Мәдениет күндері аясында бір ай бойы қазақстандық  көрермендердің құрметіне түрлі концерттер мен қойылымдар, кинокөрсетілімдер, гастрольдер өткізілді. Енді екі ел үшін 2022 жылы Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы мәдениет күндері маңызды оқиға болмақ. Әлемдегі эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, халықтар арасындағы байланысты сақтап, нығайту үшін мәдени іс-шараларды жандандырудың маңызы зор", - деді Ақтоты Райымқұлова.

Гала-концерт аясында екі елдің мәдениет шеберлері өнер көрсетті.

Бұл қатарда Әлібек Дінішев, Роза Рымбаева, Алтынбек Корозбаев, Мақпал Жүнісова және Нұржамал Үсенбаева бар.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық халық аспаптар оркестрі, "Астана балет" театры, домбырашылар ансамблі, "Арлан" ұлттық дәстүрлер театры, "Тұран" фольклорлық-этнографиялық тобы да өнерін паш етіп, көрермен ықыласына бөленді.

"МузАрт" ансамблі, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Майра Мұхамедқызы және Қазақстанның өзге де танымал орындаушылары мен шығармашылық ұжымдары әуезді әнімен көрерменді қуантты. 

Келесі күні Ахмет Жұбанов пен Латыф Хамидидің "Абай" операсы қойылды. Қойылым Абдылас Малдыбаев атындағы Қырғыз ұлттық опера және балет театрында болды. 

Қазақстанның мәдениет күндерінде еліміздің археологиялық артефактары мен бейнелеу өнерінің көрмесі де ашылды. Бішкек тұрғындары қазанның 14-не дейін Гапар Айтиев атындағы Қырғыз ұлттық көрмесурет музейіндегі көрме қонағы бола алады. Осы музейде "Тұран" фольклорлық-этнографиялық ансамблі де концерт өткізді. 

Осылайша екі ел мәдениетіндегі байланыс нығая түсті. Қазақ-қарғыз бұл сабақтастықты сақтай отырып, оны алда дамытуға ниетті.  

Суреттер: Қазақстанның Мәдениет және спорт министрлігі

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer