ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
08 февраля 2020 | 18:16

Масанчидегі қақтығыс: вице-премьер ауыл ақсақалдарынан кикілжіңнің негізгі себебін білді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Бердібек Сапарбаев ауыл ақсақалдарымен кездесуде. Фото: primeminister.kz Бердібек Сапарбаев ауыл ақсақалдарымен кездесуде. Фото: primeminister.kz

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясын бастап барған Бердібек Сапарбаев Масанчи ауылы ақсақалдарынан оқиғаның негізгі себебін сұрап білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Жамбыл облысы Қордай ауданындағы оқиға салдарын жою жөніндегі Үкімет комиссиясын бастап барған Бердібек Сапарбаев Масанчи ауылы ақсақалдарынан оқиғаның негізгі себебін сұрап білді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Аудан ақсақалдарымен әңгімелесу кезінде Бердібек Сапарбаев болған кикілжіңнің негізгі себептері туралы сұрады. 

"Себебі - тұрмыстық кикілжің. Қазір жағдай тұрақталды. Барлығы заң бойынша, құқықтық сала аясында болуын сұраймыз", - деді Сортөбе ауылының тұрғыны Арли Мусаров. 

Вице-премьер ауданда тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет комиссиясы арнайы келгенін атап айтты. 

"Біз сіздерден, қоғамда беделі бар ақсақалдардан тұрғындарға біздің жағдайды объективті тұрғыда анықтау үшін келгенімізді түсіндірулеріңізді өтінеміз. Кінәлілер жазасын тартады. Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық және басқа да көмек көрсетіліп жатыр. Қазір басты мәселе - өңірдегі тұрақтылықты, құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету", - деді Бердібек Сапарбаев.

Қордай ауылында вице-премьер аруханаға барды, топтасқан төбелес кезінде зардап шеккен тұрғындармен сөйлесті. Медициналық мекемелерге 12 адам жатқызылды, 20 адам бақылауда және емханадан шығаруға әзірленуде. 5 пациент санитариялық авиация желісі бойынша Алматы қаласына, 1 науқас Тараз қаласына ауыстырылды. Барлығына қажетті медициналық көмек толық көлемде көрсетіліп жатыр. Медициналық көмекке барлығы 127 адам жүгінді, оның ішінде 84 адам тексеруден соң үйіне жіберілген.

Масанчидегі қақтығыс: Қайтыс болғандардың тізімі жарияланды

Қордай ауданында Үкімет комиссиясы Қордай, Масанчи, Ауқатты, Сортөбе елді мекендеріндегі қазіргі жағдаймен танысып, жергілікті тұрғындармен, оқиға кезінде қаза тапқандардың отбасыларымен бірқатар кездесу өткізеді, зардап шеккендерге барады, тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көреді.

Жамбыл облысында болған оқиғада 8 адам қаза тапты

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын растады. Кейін WhatsApp, Facebook желісінде "Қордайдағы видеолар" деген атаумен түрлі видео тарады. Онда өртенген ғимаратты, сынған көліктерді, байқауға болады. Видеоның оқиға орнында түсірілген-түсірілмегені белгісіз.

Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Оқиғаның хронологиясы

Сондай-ақ осы күні Масанчи ауылының маңындағы Сарытөбе ауылында тұрғындар мен полиция арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы да жарияланды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайдайға қатысты пікір білдіріп, тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Масанчи және Сарытөбе ауылдары Қырғызстанмен шекара маңында орналасқан.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course up  536.3  course up  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer