Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 февраля 2020 19:05

"Қырғызстанға кетудің қажеті жоқ". Вице-премьер шекара асқандарға қатысты мәлімдеме жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қордай ауданы, Масанчи ауылы. Фото: Tengrinews.kz Қордай ауданы, Масанчи ауылы. Фото: Tengrinews.kz

Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Масанчи ауылының тұрғындарына Қырғызстанға кетудің қажеті жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы вице-премьер Жамбыл облысы Қордай ауданында Сортөбе ауылында құрылған жедел штабта өткен брифингте айтты.


Премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Масанчи ауылының тұрғындарына Қырғызстанға кетудің қажеті жоғын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы вице-премьер Жамбыл облысы Қордай ауданында Сортөбе ауылында құрылған жедел штабта өткен брифингте айтты.

"Қырғызстанға кетудің қажеті жоқ. Қайтып келсін (кеткендер - авт.). Тәртіпке келтіреміз. Комиссия мүшелерімен бірге ертең шекараға барып, жағдайды білеміз. Айдап салушылар мен арандатушылар жазаланады. Оларды табамыз. Тауып, жазалаймыз. Видеоны көрдік. Жастар қаза болды. Не үшін? Кім үшін? Тұрғындар 150 жылға жуық тату-тәтті өмір сүрді, аяғы осындай болды. Тәртіп орнатамыз", - деп мәлімдеді Сапарбаев.

Қордайдағы оқиға: Үкімет комиссиясының құрамына кім кірді?

Бұған дейін Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Жамбыл облысының Қордай ауданындағы жағдайдың ушығуына байланысты Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара учаскесінің жабылуы туралы ақпаратты жоққа шығарған еді.

Еске салайық, 7 ақпанда Жамбыл облысы полиция департаменті Қордай ауданы Масанчи ауылында тұрғындар арасында жаппай төбелес болғанын растады. Кейін WhatsApp, Facebook желісінде "Қордайдағы видеолар" деген атаумен түрлі видео тарады. Онда өртенген ғимаратты, сынған көліктерді, байқауға болады. 

Масанчидегі жаппай төбелеске 300 адам қатысқан. Оқиғаның хронологиясы

Сондай-ақ осы күні Масанчи ауылының маңындағы Сортөбе ауылында тұрғындар мен полиция арасында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы да жарияланды. Кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қордай ауданындағы жағдайдайға қатысты пікір білдіріп, тәртіп бұзғандар жауапқа тартылатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Масанчи және Сортөбе ауылдары Қырғызстанмен шекара маңында орналасқан.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети