Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 мая 2018 13:52

"Мәселе пәктікте". Жастар неге отау құруға асықпайды?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© pixabay.com © pixabay.com

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі қыздардың 28,2 пайызы, ал ер-азаматтардың 39,6 пайызы бойдақ екен. Орташа есеппен қыз балалар 24 жасында тұрмыс құрса, ер-азаматтар 27-28 жасында үйленеді. Соңғы бес жылда отбасын құруға асықпайтын ер адамдардың саны екі есеге артқан.


Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, еліміздегі қыздардың 28,2 пайызы, ал ер-азаматтардың 39,6 пайызы бойдақ екен. Орташа есеппен қыз балалар 24 жасында тұрмыс құрса, ер-азаматтар 27-28 жасында үйленеді. Соңғы бес жылда отбасын құруға асықпайтын ер адамдардың саны екі есеге артқан.

Тіпті осыдан бірнеше жыл бұрын еліміздегі бойдақтарға салық салу туралы ұсыныс айтылып, біраз шу шыққан еді. Мұндай ұсынысты қазақстандық демографтар айтқан болатын. Олардың айтуынша, Қазақстанда тұрмыс құрмаған қыздар мен бойдақтардың барлығына ай сайын салық төлеуді міндеттесе, бұл еліміздегі демографияға жағымды әсерін тигізіп, бойдақтар мен тұрмыс құрмағандардың санын арттырады. Кеңес кезінде 20-50 жас аралығындағы ерлер мен 20-45 жас аралығындағы келіншіктер үйленіп, тұрмыс құрмағаны үшін және балалы болмағаны үшін жалақысының 6 пайызын мемлекетке аударуға тиіс болған екен. Бірақ айлығы 70 сомнан аспайтын азаматтардан салық алынбапты.

Осыған байланысты Tengrinews.kz тілшісі психологтар мен мамандардан соңғы кездері қазақстандықтардың неліктен үйленуге асықпайтынын сұрап көрді.

Жігіттер мойнына жауапкершілік артқысы келмейді

Қазақстаннан Черногорияға көшкен психолог Диана Каст қазақстандық ер адамдардың кеш үйленуіне бірнеше себеп бар екенін айтады. Ең басты себеп, психологтың айтуынша, соңғы уақытта қыздар жігіттерге ынтасын өздері білдіріп жатады.

"Ер адамдар өзіне қысым көрсеткенді ұнатпайды. Бүгінде кездесуге шыққан қыздардың маңдайында "қалай да болса тұрмысқа шыққым келеді" деп жазылып тұратындай. Ер адам мұны сезеді, ал бұл оларға әсте ұнамайды. Сондай-ақ, қыздардың жігітті анасымен немесе әпкесімен таныстыруы сияқты кездейсоқ жағдайлары көп кездеседі. Осы кезде жігіт оны біреулердің мәжбүрлеп жатқанын сезе бастайды", - дейді Диана Каст.

"Тағы бір себеп - инфантилизм. Расында жігіттер мен қыздардың көбі өмірден тек рақатқа батып, өздерінің мойнына жауапкершілік алғысы келмейді. Жігіт керек болса әр апта сайын қыз ауыстырып тұра алады, қыздар қазір қолжетімді болып кеткен. Сондықтан да олар үйленудің қажетін сезінбейді, оған негіз де жоқ деп санайды. Осылайша, өздерінің бостандығын сақтап қалғысы келеді. Әйел пайда болса, ол оның бостандығына шектеу қоюы мүмкін деп те ойлайды", - деп түсіндірді психолог.

"Ішсем-жесем"

Өз кезегінде Отбасы жарасымы мен бала тәрбиесі бойынша тренер әрі психолог Назым Ділтайқызы кеш отау құруға төрт себеп айтып отыр.

"Қазақстандықтардың кеш үйленуіне себеп - жауапкершілікті мойнына алғысы келмеуі, екіншіден, отбасындағы тәрбиенің кемшілігінен, ал үшіншіден, отбасылық өмірге дайын емес, төртіншіден, нәпсінің құлы, сонымен өмір сүре береді, соны жоғалтып алмауға тырысады. Әр түрлі жағдай әсер етеді: отбасының әлеуметтік жағдайы, қоғамдағы қалыптасқан түсінік. Ең алдымен жақсы қызмет, мансап, үй, көлік сатып алу, сосын барып үйлену деген түсінікпен жүретіндер жетерлік", - дейді Назым Ділтайқызы.

Сондай-ақ, ол ер адамдардың үйленгенге дейін өзі үшін өмір сүрсе, үйленген соң өзге үшін өмір сүретінін түсініп, эгоизмі басым болатынын айтады. "Өзі үшін өмір сүреді. Ішсем-жесем, тән құмары басым, соның жетегінде жүре береді", - дейді психолог.

Мұнымен қоса, психолог қыз балалардың да ұзақ уақыт тұрмысқа шықпай жүргеніне қатысты ойын айтты.

"Аналар бойжеткен қызына ақыл -кеңесін айтып, өз үйінде қонақ екенін және барған жерін бақытты етуге баратынын" үнемі айтудан бастап болашақ жар статусына дайындау керек. Себебі, қазіргі таңда аналары жасы 30-40-қа келіп қалған қызының өзіне ренжіп қалады деп бұл тақырыпты мүлдем қозғамайды. Содан кейін қыз балалар да асықпай жүре береді", - дейді Назым Ділтайқызы.

Менталитет

Психолог Диана Касттың айтуынша, қазақстандық ер адамдарда патриархаттық ұғым басым. Ер адамдар әйелінің тіл алғыш, көнгіш болғанын қалайды. 

"Жігіттерде патриархаттық ұғым қалыптасқан және олардың қоятын талаптары кейде бір-біріне қайшы келеді. Мысалы, қазіргі кезде ер адамдар әйелінің сұлу, ақылды, шетелде оқып келген, қызыл дипломы бар, жақсы бір қызметте болғанын және бірнеше тілді меңгергенін қалайды. Сондай-ақ, олар әйелдің оған бағынып, айтқанын тыңдап, оған қарсы сөз сөйлемегенін қалайды. Яғни, бір жағынан әйел тіл алғыш, үй шаруасына бейім болғанын қаласа, тағы бір жағынан әйелінің заманауи және өзі ақша таба алғанын қалайды", - дейді психолог. Оның айтуынша, бұл талаптар да олардың ұзақ уақыт бойдақ жүруіне септігін тигізіп отыр. 

"Пәк қыз жоқ"

Сондай-ақ, оның айтуынша, көбіне ерлер тек пәк қызды алғысы келеді.

"Біздің жігіттер болашақ әйелінің пәк болғанын қалайды. Бұл ең көп таралған проблема. Олар үшін бұл өте маңызды. Бірақ қазіргі уақытта мұндай қыздарды табу қиынға соғуы мүмкін. Себебі қазір заман басқа, қыздар да бұл мәселеге басқаша қарайтын болған", - дейді Диана Каст.

Сондай-ақ, маман балаларына анасының әсері де айтарлықтай әсерін тигізетінін айтады. "Осы күнге дейін ұлының өсіп жетілгенін қабылдай алмай келе жатқан аналар бар. Олар ұлын басқа біреумен бөліскісі келмейді де. Мұндай аналар ұлын үнемі қыздарға қарсы қойып отырады", - дейді психолог.


Көрнекі суреттер pixabay.com сайтынан алынды

Отбасы психологы Анаргүл Ғаббасованың айтуынша, біздің менталитетімізде орта есеппен 22-28 жаста отбасын құру керек. Одан кеш қалсаң, қоғам басқаша әсер ете бастайды. Яғни, осы жасқа келгенде адам жоғары білім алып, өзінің табыс көзі болады, отбасын асырай алады деген сөз.

Үйленуден қорқу

Анаргүл Ғаббасова көп жағдайда жастардың үйлену мәселесіне үлкен қорқынышпен қарайтынын айтады.

"Адамдардың үйлену, тұрмыс құру мәселесіне аса қорқынышпен қарауына үнемі ата-анасының жанжалдасқанын көріп өскен бала немесе оған бала кезден бастап дұрыс бағыттың берілмеуі, яғни, оған некенің аса жақсылық әкеле бермейтінін көрсетіп, ұғындыру себеп болуы мүмкін. Осы сәтте ол адамда үйлену жайлы түрлі күмәндар пайда болады. "Жалғыз тұру оңай, проблема жоқ, тәуелсіздік, бостандық жақсы" деп жүре береді. Осының барлығы олар үшін әрдайым бірінші орында тұрады. Осылайша, отбасын құру кейінгі орынға түсіп қалады", - дейді Анаргүл Ғаббасова.

Ал өзге елдермен салыстыратын болсақ, мысалы, Жапонияда 50 жасқа дейін отбасын құрмаған ер адамдардың үлесі 23,37 пайыз, ал тұрмысқа шықпаған қыздардың үлесі 14,06 пайызға жеткен екен. Оңтүстік Кореяда 28-32 жас аралығындағы ер адамдардың көбі бойдақ екені және 26-28 жастағы қыздардың әлі күнге дейін тұрмыс құрмаған. 

Оқи отырыңыз: 

Қалың мал - құнығу, ал қыз алып қашу - қылмыс па?

Қалыңдық көйлегінің құпиясы немесе биылғы басты трендтер

"Танымал адамдар, тікұшақ пен түйе". Қазақ тойындағы трендтер

Қыз жасауы. Мамандар ата дәстүрдің бүгінгі шығынын есептеді

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети