РЕЙТИНГ ДЕПУТАТОВ СЕНАТА
04 апреля 2018 | 13:38

"Моджахедтердің гранатасы дәл аяғыма түсті" - Қазақ ардагері тәжік жеріндегі ұрыс жайлы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Дәурен Есполов. © Данара Тəңірбергенқызы Дәурен Есполов. © Данара Тəңірбергенқызы

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан кейін халықаралық келісімге сәйкес, Ішкі әскердің әскери қызметшілері 1993 жылдың маусымынан 1999 жылдың тамызына дейін тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты. 1995 жылғы 7 сәуір күні Пшихавр шатқалында жүк күзетіп келе жатқан қазақстандық көліктер легіне Ауғанстан жағынан моджахедтер шабуыл жасаған. Қарсыластың күші басым болған ұрыс кезінде Ішкі әскердің (қазіргі Ұлттық ұлан) 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33 әскери қызметші әр түрлі деңгейде жарақат алған еді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Еліміз тәуелсіздік алған жылдан кейін халықаралық келісімге сәйкес, Ішкі әскердің әскери қызметшілері 1993 жылдың маусымынан 1999 жылдың тамызына дейін тәжік-ауған шекарасын күзетуге қатысты. 1995 жылғы 7 сәуір күні Пшихавр шатқалында жүк күзетіп келе жатқан қазақстандық көліктер легіне Ауғанстан жағынан моджахедтер шабуыл жасаған. Қарсыластың күші басым болған ұрыс кезінде Ішкі әскердің (қазіргі Ұлттық ұлан) 17 жауынгері ерлікпен қаза тауып, 33 әскери қызметші әр түрлі деңгейде жарақат алған еді.

Осы ұрысқа қатысқан Дәурен Есполовтың естелігін ҚР Ұлттық ұланы "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы басқармасы баспасөз қызметі ұсынып отыр.

7 сәуір күні... Рота Пендж өзенінің бойымен Пшихавр шатқалы арқылы жүкті күзетіп келе жатқанда, сап түзеген лекке Ауғанстан жағынан моджахедтер шабуыл жасады. Олар бізді таудың басынан айналдыра қоршап алыпты. Рота командирі дереу "К бою!" деген пәрмен берді. Мен өзім 3-взводта едім. Взвод командирі лейтенант Қайрат Сәтбаев бізге оқ атылып жатқан бағытты нұсқап, қарсы оқ атуымызды бұйырды. Оқ таудың басынан қарша борап жатыр. Біз сайдамыз. Ұрыс басталып кетті. Ең алдымен көліктер легінің алдындағы және артындағы БТР-лерді жарып жіберді. Машиналар ары-бері қозғала алмай қалды. Біз машинаның тасасынан атып жатырмыз.

Ұрыс біраз уақытқа созылды. Бір уақытта біз тасалап отырған машинаның қасына граната келіп жарылды. Менің пулеметтен оқ атып, енді отыра бергенім сол еді, жарылған гранатаның жарықшақтары оң жақ қол-аяғыма тиіп, өзім есімнен танып қалыппын. Қасымда қатардағы Өгізбаев Әлихан, Исабаев Ербол, Едырышов Қанат, Байғабылов Еркіндер бірге ұрыс салып жатқанбыз. Осы гранатаның қуатымен олар бірталай жерге ұшып кеткен... Осылай қасымдағы төрт қарулас досымның ажалы жарылған бір гранатадан болды. Олар соңына дейін аянбай соғысты, ерлікпен қаза тапты.


Ұрысқа қатысқан 7-рота жауынгерлері. © Данара Тəңірбергенқызы

Біз тасалап отырған машина өртене бастады. Машинаның жарылуы мүмкін. Есімді жисам, командир келесі машинаға қарай өтіңдер деп пәрмен беріп жатыр. Келесі машинаға дейін 10 метрдей жер, атылған оқ бас көтертпейді, сонымен әупірімдеп, біраз жауынгер бар, взвод командирі лейтенант Қ.Сәтбаев бар келесі машинаның тасасына өттік. Осы кезде лейтенант Қ.Сәтбаевтың аяғына оқ тиіп жараланды. Аз өтті ме, көп өтті ме, уақытты ажырататын шамада болмадық. Бір есімді жинағанда, бізді палаткаларға әкеле жатты. Көмекке қосымша күш келген...

Бұл оқиғадан кейін ұзақ емделіп жаттық. Ұйықтай алмай жүрдік көпке дейін. Түсімізге еніп жүрді. Душанбеде ауруханада жатқанымызда Тәжікстанның Президенті Эмомали Рахмон өз қолымен бәрімізге І дәрежелі "Әскердегі үздік қызметі үшін" медалін табыс етті.

Кейіннен елге оралдық. Алматыда да госпитальде ұзақ жатып емделдік. Елбасының атынан "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталдық.

Қазіргі уақытта 7 рота жауынгерлері бір-бірімізбен байланыс жасап тұрамыз. "Ер Отан" әскери-патриоттық клубы" қоғамдық бірлестігіміз бар. Жетекшісі - полковник Алданазаров Ерлан Жарылқасынұлы. Қаза болған жауынгерлерді еске алу шараларын ұйымдастырамыз. Олардың атында өз ауылдарында көшелер бар, мектептерге жауынгерлердің аты берілген. Биыл 7 сәуір күні ерлікпен қаза тапқан Өгізбаев Әлиханға өзінің туған жері Шығыс Қазақстан облысындағы Мақаншы ауылында ескерткіш-тақта ашылып, бір көшеге аты берілгелі жатыр. Біраз қарулас жолдастар сол жерге жиналмақ. Ерлікпен қаза тапқан 17 сарбазға арнап ас беріп, құран бағыштау ниетіндеміз.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 526.81  course up  540.53  course up  5.14  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer