ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 февраля 2020 | 11:15

Нұр-Сұлтанның қай аудандарында су басу қаупі төніп тұрғаны белгілі болды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Нұр-Сұлтан қаласының қай мөлтекаудандарына су басу қаупі төніп тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Үкіметтің баспасөз орталығында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Нұр-Сұлтан қаласының қай мөлтекаудандарына су басу қаупі төніп тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин Үкіметтің баспасөз орталығында айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Әрине, биыл жауын-шашынның мөлшері жоғары болғанын барлығы байқаған болар. Қазгидромет мәліметінше, биыл нормадан екі есе көп жауған. Сол себепті іргелес көшелерден қарды шығару бойынша жұмыстар жүргізілді. Жергілікті жерлерде су тасқынын біз айдың басында, температура көтерілгенде, жауын-шашын кезінде байқадық. Көшелердің жартысын су басты. Әкімдік алдын ала болжап отырған ақпарат бойынша, қауіпті жағдай негізінен өзеннің алқабында, өзен маңындағы қалаға шығар жолда орналасқан көпірден төмен саяжайлар жақ.

Ол жерлерде қауіптің алдын алу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Алайда су деңгейінің көтерілуі кәріз жүйесін еңсере алмай жатқан аймақтарда болуы мүмкін. Оған биыл іске асырылуы керек болған Бауыржан Момышұлы даңғылы мен Тұран ауданы жатады. Яғни, бұл - су деңгейінің көтерілуі мүмкін аймақтар. Төтенше жағдай комитеті тарапынан тиісінше көмек көрсетілетін болады", - дейді ІІМ орынбасары Юрий Ильин. 

Сонымен қатар, Юрий Ильин төтенше жағдай кезіндегі сақтық шаралары мен қажет заттар тізімін айтты. 

"Төтенше жағдай болған кезде, әрине, ең алдымен құжаттар мен уақытша эвакуация кезінде қажет заттарды алу керек. Үйдегі бағалы заттарын төтенше жағдай кезінде қолды болмауы үшін ІІМ министрлігінің қызметкерлері реттейді", - дейді Юрий Ильин. 

Еске салайық, бұған дейін "Қазгидромет" РМК өкілдері Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін екенін ескерткен еді. Синоптиктердің мәліметінше, наурызда Қазақстанның басым бөлігінде нормадан жоғары жауын-шашын жауады. Сондықтан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны болуы мүмкін.

Қазіргі уақытта синоптиктер тәулік бойы Қазақстанның барлық өңіріндегі су деңгейін бақылап отыр. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.01  course down  536.3  course down  5.17  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer