ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
30 ноября 2021 | 15:06

"Омикрон" штамы: қазақстандықтарға маңызды 10 сұрақтың жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Коронавирустың жаңа штамы дүние жүзін қайта дүр сілкіндірді. Елдер шекарасын жауып, шектеулер енгізіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі "омикрон" штамы туралы қазақстандықтарға маңызды сұрақтардың жауабын дайындады. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирустың жаңа штамы дүние жүзін қайта дүр сілкіндірді. Елдер шекарасын жауып, шектеулер енгізіп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі "омикрон" штамы туралы қазақстандықтарға маңызды сұрақтардың жауабын дайындады. 

"Омикронның" симптомдары қандай?

"Омикрон" штамын жұқтырған науқастар туралы алғаш болып Оңтүстік Африка Республикасының дәрігері Анжелик Күтзее хабарлаған еді. Ол The Telegraph басылымына ауру симптомдары туралы айтып берді.

Оның айтуынша, жаңа штамм белгілері бастапқы кезеңде коронавирустың әдеттегі белгілерінен өзгеше және жеңіл болып көрінеді

Дәрігердің айтуынша, патоген қайтадан мутацияға ұшырады деген күдік COVID-19-дың ерекше белгілері бар науқастардың ауруханаға жиі түсуіне байланысты пайда болған. Сонымен, науқастардың арасында қатты шаршау сезіміне шағымданған жастар, сондай-ақ жүрек соғу жылдамдығы мен жоғары температурасы бар алты жасар балада жаңа симптомдар байқалған. Алайда пациенттердің ешқайсында дәм мен иіс жоғалмапты.

Алматы қаласы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықованың айтуынша, жаңа штамның клиникалық белгілері - әлсіздік, бас ауруы және қызу көтерілуі.  

"Омикрон" кімдерге қауіпті?

Жоғары аталған дәрігер Анжелик Күтзеенің айтуынша, вакцина салдырмаған азаматтарда, сондай-ақ қарттар мен созылмалы аурулары бар адамдарда ауруды өткеру ауыр болады.

Сондай-ақ, жаңа штамм жастар арасында қарқынды тарап жатыр. Газета.ru мәліметінше, ОАР дәрігерлері коронавирустың "омикрон" штамы жастар арасында жылдам тарап жатқанына алаңдаулы. 

Соуэто қалалық аурухананың реанимация бөлімінің басшысы Рудо Мативаның айтуынша, ауруханаларға 20-30 жас аралығындағы жастар орташа ауыр жағдайда түсіп жатыр, алайда олардың кейбіріне қарқынды терапия қажет.

Сонымен қатар, РИА Новости мәліметінше, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұрын короновируспен ауырған адамдарда "омикрон" штамын жұқтыру қаупі жоғары екенін ескертті.

"Омикрон" деген не білдіреді?

Африка оңтүстігінде тараған жаңа штамм басында B.1.1.529 деп аталған. Таяуда ДДСҰ оған жаңа атау берді - "омикрон". 

"Омикрон" деген не? 

Бұл грек әрпі. Омикрон грек әліпбиінде 15-інші тұрады. Гректің Омикрон әрпінен латын мен кирилл қарпіндегі "О" әрпі шыққан. 

"Омикронға" қазіргі вакциналар қауқарлы ма?

Қазіргі вакциналар "омикрон" штамынан қорғай ма, жоқ па, белгісіз - зерттеулер жүріп жатыр.

Бірақ вакцина өндіруші компаниялар жаңа штаммен күрес жолын іздеуді бастады. Мысалы, Daily Mail мәліметінше, Pfizer мен Moderna қажет болған жағдайда өз вакцинасының құрамын өзгертуге дайын екенін мәлім етті. Moderna 60 күннен кейін вакцинаның клиникалық сынағын бастай алатынын хабарлады. Ал Pfizer қажет болған жағдайда 100 күн ішінде жаңартылған өнімін нарыққа шығаруға дайын екенін мәлімдеді.

Pfizer бас директоры Альберт Бурла PAXLOVID препараты жаңа штамға қарсы пайдалы болуы мүмкін екенін айтты.

Ресей де жаңа штаммен күресуге қауқарлы вакцина өндірмек. Гамалеи орталығының директоры Александр Гинцбургтің айтуынша, жаңартылған вакцинаны өндіруге 10 күн жеткілікті. Бірақ оны тіркеуге құжат рәсімдеу үшін 50 күндеу уақыт қажет екен.

Johnson & Johnson корпорациясы да COVID-19-дың жаңа "омикрон" штамына қарсы вакцина жасауға кірісетінін хабарлады.

ДДСҰ қандай мәлімдеме жасады?

ДДСҰ "омикрон" қаупі туралы шешім шығаруға асықпайды, бұл штамды зерттеуге бірнеше апта қажет дейді. Әзірше бұл вирус туралы ештеңе шешіп айтпауды ескертті. Қазір бұл штамм басталған Африкада эпидемиологиялық зерттеу жүріп жатыр.

"Омикрон" қаншалықты жұқпалы екені, мысалы, басқа нұсқалармен, соның ішінде "дельта" нұсқасымен салыстырғанда, ол адамнан адамға қаншалықты тез жұғатыны әзірше белгісіз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ДДСҰ өкілдері "омикрон" штамын жұқтырғандарда вирус сипмтомдары қаншалықты ауыр білінетіні де белгісіз екенін атап өтті.

"Омикрон" туралы Қазақстан билігі не дейді?

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Оңтүстік Африкада табылған коронавирустың "омикрон" штамын жаңа жаһандық қауіп деп атады.

"ДДСҰ мен денсаулық сақтау жүйесіне мүше барлық мемлекет күрделі дағдарысты бастан кешіріп жатыр. Бүкіл әлемде тез тарала бастаған "омикрон" штамы - жаңа жаһандық қауіп", - деді Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының "омикрон" штамының таралуы жағдайында пандемияға дайындық мәселелері жөніндегі сессиясында сөйлеген сөзінде.

Ал денсаулық сақтау министрі Алексей Цой "омикрон" қаупі туралы қандай да бір мәлімдеме жасауға әлі ерте екенін мәлім етті.

"Тасымалдану әлеуеті: "омикрон" басқа штамдарға қарағанда қалай таралатыны әлі белгісіз. Иә, Оңтүстік Африкада қазір бұл штамды жұқтыру дерегі көбейген, бірақ эпидемиологиялық зерттеулер аяқталғанға дейін бұл нұсқаның таралу әлеуеті артқаны туралы нақты қорытынды жасауға болмайды", - деп жазды Цой Facebook-те.

Қазақстанда "омикронға" байланысты қандай шектеулер болады?

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шорановтың айтуынша, COVID-19 таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 3 желтоқсаннан бастап жаңа шектеу шараларын енгізу туралы шешім шығарған.

Шешімдер мынадай:

  • Ботсвана, Лесото, Намибия, Зимбабве, Мозамбик, Мадагаскар, Эсватини, Малави, Онтүстік Африка, Танзания және Гонконгтан шетел азаматтарының Қазақстанға келуін шектеу;
  • "Омикрон" нұсқасынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған Израиль, Чехия, Нидерланды, Бельгия, Ұлыбритания, Италия, Германия, Аустралия, Канада және Мысырдан келетін адамдар үшін вакцинациясы бар-жоғына қарамастан міндетті ПТР-анықтама талап ету;
  • "Омикрон" штамынан туындаған коронавирус жағдайлары анықталған елдерден келген адамдар ПТР нәтижесіне қарамастан 7 күнге оқшаулануы тиіс.
Қазақстанда "омикрон" анықталды ма?

Денсаулық сақтау вице-министрі Марат Шоранов Қазақстанда коронавирустың жаңа "омикрон" штамын жұқтырғандар жоқ екенін айтты.

"Бүгінге дейін Қазақстанда "омикрон" штамы анықталған жоқ, вирустың секвенциясы бойынша жұмыс жалғасып жатыр, біз бұл жұмысты ай сайын тұрақты түрде жүргіземіз. Бүгін үкімет отырысында да жұмысты жалғастыру және күшейту туралы қосымша шешім қабылданды. Нәтижесі желтоқсанның үшінші онкүндігінде белгілі болады", - деді вице-министр үкімет отырысында.

Оның айтуынша, "омикрон" штамы ПТР тестіне сезімтал.

Алматыда жаңа "омикрон" штамы тіркелуі мүмкін бе?

Эпидемиологтардың айтуынша, Алматыда "омикрон" штамының таралу қаупі бар. Бұған осыған дейін COVID-19 штамдарының "негізінен ауа-тамшы механизмінен" таралатынын анықтаған зерттеу дәлел.

"Алдыңғы тәжірибе көрсеткендей, коронавирустың жаңадан анықталған штамдары, әуе тамшыларын беру механизмінен таралады, демек, вирус шыққан елден басқа елдерге таралатыны сөзсіз. Сондықтан Алматыда жаңа "омикрон" штамының пайда болу қаупі бар", - деді Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Дүние жүзі жаңа штаммен қалай күресіп жатыр?

Кейінгі бірнеше күнде "омикрон" Аустралия, Бельгия, Ботсвана, Ұлыбритании, Германия, Дания, Италия, Нидерланды, Франция және Оңтүстік Африкада тіркелді. Оның алдында Гонконг, Израиль пен Канада билігі "омикрон" жұқтырған науқастар анықталғанын хабарлаған.

Израиль алғаш болып шетелдіктерге елге кіруге тыйым салды. 30 қарашада Жапонияда да шетелдіктер үшін шекарасын жапты. 

Бүгінде Ұлыбритания жаңа штамды талқылау үшін "Үлкен жетілік" (G7) саммитін өткізуді ұсынып отыр. Бұл елде бүгіннен бастап қоғамдық орындарда маска тағу міндеттеледі. 

Бірнеше күн бұрын Нью-Йорк губернаторы Кэти Хочул "омикронға" байланысты өңірде төтенше жағдай режимін жариялаған. Ал АҚШ президенті Джо Байден кешеден бастап Африканың сегіз елімен әуе қатынасына шектеу қойды.

Түркия билігі бес елмен әуе қатынасын жауып тастады: 26 қарашадан бастап, коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Ботсвана, Оңтүстік Африка Республикасы, Мозамбик, Намибия және Зимбабведен келетін азаматтарға республикаға кіруге тыйым салынды.

"32 мутацияны біріктірген". Омикрон штамы туралы не белгілі?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer