ПОДЕЛИТЬСЯ
28 июля 2020 | 17:26
Пандемия кезінде Қазақстан туризміне қанша шығын келді?
ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстан туризміне қанша шығын келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
ҚР МСМ туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков коронавирус пандемиясы кезінде Қазақстан туризміне қанша шығын келгенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оның айтуынша, коронавирус инфекциясына байланысты енгізілген шектеулер салдарынан бизнеске айтарлықтай шығын келген.
"Біздің есебіміз бойынша осы жылы бизнеске келген шығынның мөлшері 70-80 пайыз. Мысалы, ұлттық банктің мәліметінше, туризмдегі қызметтерді экспорттау көлемі 2019 жылы 2,5 миллиард доллар болса, осы жылы бұл көрсеткіш 600 миллион доллар болады", - деді ол орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.
Сондай-ақ, Дастан Рыспеков туристік компаниялардың шығынына тоқталды.
"Туристік фирмалардың орналастыру қызметіне жеке тоқталайын. Олар көрсеткен қызмет түрлері 2019 жылы 300 миллиард теңге болса, осы жылдың соңына қарай біз бұл көрсеткіш 60-80 миллиард теңге шамасында болады деп болжам жасап отырмыз", - дейді комитет төрағасы.
Айта кетейік, осыған дейін туризм индустриясы комитетінің төрағасы қазақстандық туристер демалыс орындарына қалай бара алатын түсіндірген болатын.
Еске салайық, бүгін денсаулық сақтау министрі 3 тамыздан бастап қандай нысандар жұмыс істейтінін айтқан еді.
Сондай-ақ, премьер-министрі Асқар Мамин елдегі эпидемиологиялық жағдай тұрақталғанын мәлімдеген болатын.
Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 84 648-ге жетті. 54 404 науқас жазылды, 610 адам көз жұмды.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Вопрос от автора
Что вы об этом думаете?
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии
Читайте также