ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 мая 2020 | 15:22

Президент елдегі білім беру саласында қандай өзгеріс болатынын айтты

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Қасым-Жомарт Тоқаев Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру саласындағы реформаларға тоқталды. Мектепке дейінгі білім берудің жүйелеуден бастап, докторантурадан кейін ғылыми ізденістегі мамандардың жағдайын қозғап, студенттердің шәкіртақысы мен ЖОО оқытушылардың жалақысын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, сапасыз диплом беретін университеттерді жабуды міндеттеді. Президенттің Үкіметке жүктеген мәселелері туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісі жазды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысында білім беру саласындағы реформаларға тоқталды. Мектепке дейінгі білім берудің жүйелеуден бастап, докторантурадан кейін ғылыми ізденістегі мамандардың жағдайын қозғап, студенттердің шәкіртақысы мен ЖОО оқытушылардың жалақысын арттыруды тапсырды. Сондай-ақ, сапасыз диплом беретін университеттерді жабуды міндеттеді. Президенттің Үкіметке жүктеген мәселелері туралы толығырақ Tengrinews.kz тілшісі жазды.

Ұлттық қоғамдық кеңестің үшінші отырысы адами капиталды дамыту мәселесіне арналды. Бұл - білім беру, ғылым, денсаулық сақтау саласы.

Экономиканың өзі білімге тәуелді болмақ

Тоқаевтың айтуынша, экономика білімге тәуелді болған соң, бұл саланы түбегейлі реформалау керек. Осыған байланысты ол 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетінін ескертті.

"Жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін түбегейлі реформалауды талап етіп отыр. Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық. Тіпті, экономиканың өзі соған тәуелді болмақ. Біз білім мен ғылым саласының болашақтағы рөлін айқын түсінуіміз керек. Мемлекеттік саясатты соған сәйкес жүзеге асырамыз. Білім беру және ғылымды дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша жүзеге асырылатын реформаларды қайта зерделеу қажет. 2025 жылға дейін білім саласына бөлінетін қаражат 6 есе, ғылымға бөлінетін қаржы 7 есе өсетінін ескерген жөн", - деді ол.

"Көрпеге қарай көсілу керек"

Содан соң Президен ерекше назар аударатын және пысықтауды қажет ететін мәселелерге тоқталды.

"Қазақстан дамыған елдерден оқушылардың білім сапасы бойынша айтарлықтай артта келеді. Бұған көп себеп айтылды. Бірақ басты себеп - білім саласына бөлінетін қаржының аздығы, реформалардың дұрыс құрылмауы. Білім беру - экономиканың маңызды саласы. Ақшаның аз бөлінуіне себеп бар. "Көрпеге қарай көсілу керек" дегендей. Жағдайға қарап өмір сүру керек. Біз бір оқушыға жылына орташа есеппен мың долларға жуық ақша бөлеміз. Рейтингтің ондығында тұрған елдер 10-14 мың доллар шығындайды. 

Бұл мәселеге жай тоқталмадым... Қазақстандағы мектептерге жақсы жабдық пен сыныптағы оқушылар саны аз болу керек. Көп шаруа орындалып жатыр. Білім беру бағдарламасы бойынша 2025 жылға дейін 800 жаңа мектеп салынады. 650 мыңнан астам орын болады. Ауылдық мектептер үшін 114 интернат және 700-ден астам спорт залы салынады... Қаржының негізгі бөлігін қолданбалы салаларға, алдымен білім беру және денсаулық саласына бағыттаймыз. Әрине, бұл орайда тек мемлекеттің емес, мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті пайдалану керек. Әйтпесе, біздің оң демографиялық динамикамызды есепке алсақ, әрдайым қуып жетуіміз керек болады. 

Тағы бір маңызды мәселені бүгін білім министрі айтты. Ол - қала және ауыл мектебінің арасындағы айырмашылықты қысқарту. Балалар тұратын орны, әлеуметтік статусына қарамастан, сапалы білім алуы керек. Шара қабылдау керек. Ауылдағы шағын жинақты мектептерге кәсіби білікті мамандарды апару керек. "Дипломмен ауылға" бағдарламасын қабылдасақ та, жастар ауылға барып жатқан жоқ...

Толығырақ мына материалда: Ауылдарда бір мұғалім 3-4 пәннен сабақ беріп жүр

Зорлық-зомбылықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға арналған бірыңғай бағдарлама енгізу

Президент бұл мәселені шешу үшін бірыңғай бағдарлама енгізу бастамасын қолдады. 

"Оқушылар арасындағы зорлық-зомбылықтың, өз-өзіне қол жұмсаудың алдын алуға арналған бірыңғай бағдарлама енгізу туралы бастамасының көтерілуі орынды. Бұл - түйткілді мәселе. Осыған орай министрлік пен сарапшылар қауымы кешенді шешімдер әзірлеуі қажет", - деді ол.

Мұғалімдерге мемлекеттік награда, "Халық алғысы" медалі беріледі

Сондай-ақ Президент мұғалімдерді танымал етіп, мәртебесін арттыру үшін арнайы мемлекеттік сыйлықтар берілетінін айтты.

"Тағы білім сапасына әсер ететін бір фактор - педагогтардың мәртебесі мен кәсіби шеберлігі... Мұғалімдерді қоғамда өте танымал адам ету, сыйлы ету керек. Педагогтердің еңбегін бағалауға арналған арнайы медаль - мемлекеттік награда тағайындаймыз. Сондай-ақ білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік салада еңек ететін азаматтарға "Халық алғысы" медалі беріледі", - деді ол.

Болашақ педагогтердің стипендиясын 26 мыңнан 42 мыңға көтеру керек

Мемлекет басшысының айтуынша, енді мұғалім болғысы келетін студенттердің шәкіртақысы 42 мың теңге болады.

"Педагогикалық білімді жаңғырту оқу бағдарламасын100 пайыз жаңартып, білім берудің заманауи әдіснамасы мен технологияларына ІТ құзыреті бойынша арнайы модуль қосу керек. Педагогикалық мамандыққа түсу талаптарын кезең-кезеңмен күшейту керек. Оған тапсырушылар саны көп болуы үшін болашақ педагогтардың стипендиясын 26 мыңнан 42 мыңға көтеру керек. Сондай-ақ педагогикалық кадрларды дайындайтын ЖОО мен колледждерді біліктілік талаптарын күшейте отырып, профильдеу керек", - деді Президент.

Аудандық білім бөлімдері облыс деңгейіне көтеріледі

"Менің шешіміме сәйкес, 2021 жылдан бастап аудандық білім беру бөлімдерін басқару және қаржыландыру облыстық деңгейге көшеді. Сондай-ақ соңғы кезде білім беру мекемелерінің басшыларын тағайындауға қатысты сұрақтар көбейді. Бұл туралы бүгін министр (Асхат Аймағамбетов - авт.) айтты. Үкімет балабақша, мектеп, колледждердің директорларын тағайындау тәртібін дайындайды...", - деді Тоқаев.

Мектепке дейінгі білім беру жүйесін белсенді дамыту керек

"Мектепке дейінгі білім беру жүйеміз халықаралық стандарттарға сай емес. Жақын уақытта 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту 100 пайызға жетеді. Бізде әзірге мектепке дейінгі білім берудің толық моделі жоқ. Үкімет жыл соңына дейін әзірлесін", - деп тапсырды Мемлекет басшысы.

Қосымша білім беруді қолдау керек

"Бұл балаларымыздың спортқа, шығармашылыққа деген әлеуетін және интеллектуал қабілетін арттырады. Бұл мақсатта жекеменшік бастаманы қолдау керек. Мемлекеттік тапсырыс жекеменшік қосымша білім беру ұйымдары арқылы іске асырылуы керек. Әсіресе, бұл ауыл-, моноқалаларға байланысты", - деді ол.

Кәсіптік-техникалық білімді дамыту керек

Мемлекет басшысы алдағы 10-15 жылда қажетті болатын мамандықтар тізімін жасап, сол бойынша кәсіптік-техникалық грант бөлуді тапсырды.

"Кәсіптік-техникалық білім бағдарламасына арқылы жыл сайын 100 мың студент тегін оқиды. Аз қамтылған, көпбалалы отбасы, ауылдан шыққан балаларға аса мән берілу керек... Жаңа техникалық мамандықтарды таңдаған кезде еңбек нарығындағы алдағы 10-15 жылдағы қажеттілікті ескеру керек. Бұл үшін Үкімет жаңа мамандықтардың атласын дайындау керек", - деді ол.

Әскери міндетті орындаған кезде кәсіби білік арттыру керек

Президент әскери міндетін орындауға келген жастарға кәсіби білік алып шығуы керегін жеткізді. Айтуынша, бұл жігіттерге әскерден кейін сол мамандықпен шұғылдануына мүмкіндік береді.

"Бұл әскерден кейінгі азаматтық өмірде пайдалану үшін керек. Қорғаныс және білім министрі бұл мәселені талқыласын және Кеңес мүшелері қарастырсын", - деп жүктеді Тоқаев.

Сапасыз оқулық дайындағандар жауапқа тартылсын

Президент оқулықтарды цирфлық форматқа ауыстырып, сапасы жоқ оқулық дайындайтындар жауапқа тарту керегін айтты.

"Карантин кезінде қашықтан оқу жүйесінің ақсап тұрғанын көрдік. Болашақта мұндай кризистер болуы мүмкін. Сондықтан қашықтан оқу мәселесін заңнама, әдіснамалық және ұйымдастыру деңгейін реттеуді жылдамдату керек. Маңызды мәселе - электрондық кітаптар. Білім министрі оқулықтарды қайтарымсыз қолдануға рұқсат ала отырып, кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіру керек", - деді ол.

Біздегі оқулықтардың деңгейі төмен. Кітапты әзірлеген азаматтардың жауапкершілігін заңнамалық тұрғыдан реттеу керек. Сапасыз оқулық дайындағаны үшін жауапқа тартылсын. Басқаша болмайды.

ЖОО мұғалімдерінің жалақысын арттыру керек

"Қазіргі таңда көпшілік оқытушылардың еңбегі қаншалықты маңызды екенін түсінді деп ойлаймын... Іс жүзінде ЖОО жалақысы мектеп мұғалімдерінің жалақысынан аз болып қалды. Осыған байланысты Үкімет ЖОО еңбек ақысын  көбейту мәселесін қарастыру керек. Мұны мемлекеттік гранттардың құнын арттыру арқылы жүзеге асыруға болады", - деді президент.

Дарынды жастардың шетелге кету мәселесі ерекше назар аударған жөн

"Мұның бірнеше себебі бар. Соның бірі - жоғары білім беру жүйесінің бәсекеге қабілетсіздігі. Қосымша инвестицияны талап етеді. Осыған орай білім гранттарының орташа құнын 340-420 мың теңгеден 1 миллион теңгеге дейін көбейту туралы шешім қабылдадық. Яғни, грант құны үш есе артады. Сол арқылы оқытушылардың жалақысын кезең-кезеңмен арттырып, университеттердің материалдық базасын жақсартуға болады. Еліміздің 10 жоғары оқу орны әлемнің 500 үздік ЖОО қатарына кіру керек. Бұл межеге 2025 жылы жетуіміз керек", - деді Тоқаев.

Екі дипломды білім бағдарламасын дамыту керек

"Студенттердің ішкі және сыртқы академиялық мобильділіктің түрлі формасын, ЖОО-лардың профессор-педагогикалық құрамын дамыту керек. Шетелдік жетекші университеттердің кампусын отандық университеттердің базасында ашу керек. 10 университетте академиялық артықшылық орталығын ашу керек. 5 жыл ішінде жатақханаларда 90 мыңнан астам орын дайындау керек", - деп тапсырды президент. 

"Псевдодиплом беретін" университеттерді жою керек

"Бұл мәселені тез шешу керек. Білім министрімен сөйлестік. Мұндай университеттерді кім жақтаса да, диплом басып шығаратын конторларды жабу керек", - деді Тоқаев.

ЖОО салалық қылу, аз қамтылған отбасыдан шыққан балаларға жеңілдетілген несие 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы университеттерді салалық қылып бөлуге, аз қамтылған отбасылардың балаларына оқу ақысын төлеуге жеңілдетілген несие беруге баса назар аударды.

"ЖОО кезеңмен салалық қылып бөлу, білім сапасын арттыру үшін салалық мамандандырылған университет қылу керек. Халықаралық академиялық адалдық жүйесін енгізу керек. 

Әлеуметтік осал және аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерге мән беру керек. Жоғары оқу орнына жеңілдетілген несие арқылы оқытуды ұсынамын. Үкімет пен Кеңес мүшелері осы мәселеге қатысты ұсыныстарын айтсын", - деп міндеттеді президент.

Мемлекеттік тілді оқытудың тиімділігін арттыру керек

Мемлекет басшысы келер жылдан бастап Тіл комитеті Мәдениет және спорт министрлігінің қарамағынан Білім және ғылым министрлігіне ауысатынын айтты.

"... Еуропада тіл үйрету барысында, негізінен, оқу орындарындағы жастарға көбірек мән береді. Сондықтан 2021 жылдан бастап Тіл комитетін Білім және ғылым министрлігінің қарамағына өткізген жөн. Бұл қазақ тілін оқыту әдістемесін әзірлеу және үйрету ісіне қатысты әлеуетімізді бір орталыққа шоғырландыруға мүмкіндік береді", - деді ол.

Докторанттардың стипендиясы 150 мың теңге болады

"Біздің ғылыми инфрақұрылым еліміздің алдында тұрған ауқымды міндеттерді шешуге әлі қауқарсыз... Жыл сайын кемінде 100 ғалым әлемдегі жетекші зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуіне қаржы бөлген жөн. Жетекші ғылыми орталықтарымызға докторантурадан кейінгі ізденіс үшін арнайы мемлекеттік тапсырыс беру керек... Докторанттардың стипендиясын 150 мың теңгеге дейін көбейту керек. Елбасының жас ғалымдарға грантқа бөлу туралы бастамасын жалғастырған жөн... 2025 жылға қарай ғылымға бөлінетін қаржыны ЖІӨ 1 пайызға дейін жеткіземіз... Барлық ресурсты медико-биологиялық зерттеу, агроөнеркәсіп ғылым, жасыл технологиялар, жасанды интеллект, энергия тиімділігі сынды салаларға бағыттау керек.

Іргелі зерттеулермен айналысатын ғылыми ұйымдарды тікелей, бір реттік грант конкурстарының нәтижесіне қарамастан қолдау керек... Қазақстанның цифрлық эко жүйесін құру керек. Ұлттық сараптамалық жүйе құрудың маңызы зор... Осы шаралардың бәрі Парламентте қаралатын заңнамалық актілерде көрсетілуі тиыс", - деп түйіндеді Президент білім саласындағы реформалар жайлы баяндамасын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.36  course up  546.44  course up  5.14  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer