ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 октября 2023 | 17:10

Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдаудың елімізге қандай пайдасы бар?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Сенбі, 7 қазанда Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездескен болатын. Олар Ресей газын еліміздің аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына тасымалдау жобасын іске қосу рәсімінен кейін келіссөз жүргізді. Кездесу барысында мемлекет басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Келіссөзде айтылған Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдаудың елімізге қандай пайдасы бар? Massaget.kz сарапшы Құндыз Нуповтан осы мәселеге қатысты ойын сұрап көрді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сенбі, 7 қазанда Мемлекет басшысы Ресей Президенті Владимир Путинмен кездескен болатын. Олар Ресей газын еліміздің аумағы арқылы Өзбекстан Республикасына тасымалдау жобасын іске қосу рәсімінен кейін келіссөз жүргізді. Кездесу барысында мемлекет басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен қатынастарды одан әрі нығайту перспективаларын талқылады. Келіссөзде айтылған Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдаудың елімізге қандай пайдасы бар? Massaget.kz сарапшы Құндыз Нуповтан осы мәселеге қатысты ойын сұрап көрді.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Сарапшының сөзінше, Ресей газын Қазақстан арқылы Өзбекстанға тасымалдаудың тек пайдалы тұсы бар.

"Бірнеше жылдан бері газ құбырлары жұмыссыз тұрған. Себебі Түрікменстан, Өзбекстан артық газдарын Ресейге, Ресей біршамасын Еуропаға тасымалдап тұратын еді. Қытайда газ құбыры салынғалы газ Қытайға жіберілетін болды, ал Өзбекстан газы азайып қалды. Өзбекстан бұрын Ресейге де, Қазақстанға да тасымалдайтын еді. Бірақ кейінгі жылдары Өзбекстан өзге елдерге газ тасымалдамайтын болды.

Осы мәселені байқап, 23 жылдан бері түрлі жоба жасап, идея көтеріп, "Бейнеу - Шымкент" газ құбырын тартып, оңтүстікті сонымен байланыстырдық. Өзбекстанда тұтыну да өсіп келе жатқандықтан ресурстары да артық емес. Әрине, 90 пайыз өз газын пайдаланып отыр. Бірақ әсіресе қыс мезгілінде Қарақалпақстан жақтарға газ жетпей қалады", - дейді Құндыз Нупов.

Маман Өзбекстан неліктен газды Ресейден алатынын түсіндірді.

"Неге Ресей? Өзбекстан Түрікменстаннан ала алмайды, себебі олар үлкен тракт сала алмайды. Түрікменстан-Қытай алдында келісімшарттық міндеттемелері бар, сондықтан Өзбекстан Ресейге жүгінді. Амал жоқ, Ресейден сұраған. Жоғарыға тартатын газды, енді қайтадан жоғарыдан астына тартатын болады. Ол Қазақстанға техникалық жағынан ешқандай проблема тудырмайды. Тек қайта жаңғырту жасалады. Бірақ бұл келіссөздің мағынасы терең. Біріншіден, газ құбырлары жұмыс істейді. Екіншіден, жергілікті халық жұмыспен қамтылып, жалақысы көтеріледі. Яғни біздегі газ құбырларды қайта жаңғыртуға өте пайдалы дүние. Экономикалық тұрғыда шығын көп болмайды. Бірақ жасалған келісім біздің шығындарды жауып отырса өте жақсы", - дейді маман.

Тағы бір мәселе - бұрын Ресейден Өзбекстанға газ тасымалданбайтын.

"Яғни бұл бір шетінен тарихи жағдай болып отыр. Қырғызстанға да газды Өзбекстан емес, Ресей бере алады. Біз тек транзит жасайтын ел боламыз. Бұл тұрғыда Қазақстанға ешқандай санкция салынбайды деп ойлаймын", - дейді Құндыз Нупов.

Сарапшы Қазақстан өз газын сақтауы керегін атап өтті.

"Ең алдымен өз халқымызды ойлап, сақтау керек. Екіншіден, Кеңес үкіметі кезінде салынған газ құбырларын қажет кезде жөндеу жұмыстарын жасап, сақтау керек. Себебі ол үкіметтен үкіметке жете беретін газ құбырлары. Яғни ол өзімізге де, ақша табуға да пайдалы. Біздің артықшылығымыз да сол. Өз ресурстарымызды пайдалана отырып, Қазақстан халқын газбен жабдықтауды қамтамасыз ету деген алтын ереже. Газды жазда сақтап, қыста көбірек тұтынып жүрген уақытта газ ресурсымыз жетіп тұрді. Қазір де жетіп тұр. Бірақ енді кейбір проблемалар туындай бастады. Мысалы Алматы, Шымкентте газ тұтыну өсіп кеткен. Соны санап, бақылап отыру керек.

Қысқаша айтқанда, біздің географиялық орналасуымыз өзіміздің потенциалымызды қолданғанымызды талап етеді. Оның ішінде транспорт та, транзит те бар. Газ құбырларының шіріп кетпей, жұмыс істеп тұруы кәсіби, техникалық, экономикалық, саяси тұрғыда да жеңіп отырмыз", - деп түсіндірді маман.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer