КРУШЕНИЕ САМОЛЕТА БЛИЗ АКТАУ: ХРОНИКА АВИАКАТАСТРОФЫ
30 апреля 2020 | 13:53

Сенатта бейбіт жиындар туралы заң бірінші оқылымда мақұлданды

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: tengrinews.kz Фото: tengrinews.kz

Сенаттың жалпы отырысында бейбіт жиындар туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Сенаттың жалпы отырысында бейбіт жиындар туралы заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Заң жобасын сенаторларға ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев таныстырды.

"Қоғамның сұранысына сәйкес, бейбіт жиналыстар арқылы өз ұстанымын білдіру үшін азаматтардың мүмкіндіктерін айтарлықтай кеңейту қажеті туындап отыр. Сондықтан мәселе қолданыстағы заңға өзгерістер енгізу туралы болып отырған жоқ. Бұл - барлық бейбіт жиналыс түрін ұйымдастыру мен өткізу туралы тұжырымдамалық тұрғыдағы заң жобасы", - деді ол.

Осы орайда Абаев заң жобасына "түсіну аппараты" ұғымы енгізілетінін жеткізді.

"Қазіргі қолданыстағы заңның кемшілігінің бірі - мұнда бейбіт жиналыс нысандарына нақты регламент жасалмаған. Сондықтан заң жобасында түсіну аппаратын енгізу қалыптастырған. Заң жобасына түсіну аппаратын енгізу - бейбіт жиналыс, пикет, митинг, жиналыс, демонастрация, шеру сияқты негізгі ұғымдарды қалыптастыруға және оларды өзара ажыратуға мүмкіндік береді", - деді министр.

Оның айтуынша, қолданыстағы заңда кез келген бейбіт жиналыс: пикеттен демонстрацияға дейін тек рұқсатпен жүзеге асырылып келіпті.

"Енді жиналысты ұйымдастырушылар жергілікті атқарушы билікке бейбіт шеру өткізетінін хабарлауы керек. Бейбіт жиналысты өткізу үшін әкімдік келісімінің қажеті жоқ. Жергілікті атқарушы орган хабарландыруды алған соң, бейбіт жиынның қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Егер бейбіт шеруді өткізу заңға қайшы келсе, әкімдік оны өткізбеуі мүмкін. Бірақ оған себеп болуы керек. Ал демонастрация, шеруді өткізу үшін хабарландырудың басқа формасы жүзеге асырылады. Келісім туралы өтініш керек. Онда қатысушылар жүретін маршрут, пайдаланылатын көлік құралдары көрсетілуі қажет", - деді Абаев.

Сонымен қатар, министр бейбіт жиналыстарды хабарлау мерзімі айтарлықтай қысқарғанын атап өтті.

"Жиналысты, митингіні немесе пикетті өткізу туралы хабарлама бастапқыда ұсынылған 15 күннен 5 жұмыс күніне қысқарды. Ал жергілікті биліктің хабарламаға жауап беру уақыты 10 күннен 3 жұмыс күніне дейін қысқарды. Демонстрация немесе шеруді келісу туралы өтінішті беру мерзімі 15 күннен 10 жұмыс күніне дейін, ал оны қарау мерзімі 10 күннен 7 жұмыс күніне дейін қысқарды. Бейбіт жиын өткізетін арнайы орындарды жергілікті орган белгілейді", - деді ол.

Дәурен Абаевтың айтуынша, бұл орындарға бірқатар талап қойылады.

"Мысалы, қала мен ауылдардың орталығында болуы, бейбіт жиналыстың мақсатына қол жеткізуге мүмкіндік жасалуы, ұйымдастыруға ыңғайлы болуы, санитарлық нормалар мен ережелердің сақталуы, бейбіт жиынды ұйымдастырушы мен қатысушылардың және басқа адамдардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілуі тиіс", - деді министр.

Заң жобасы сенатта бірінші оқылымда мақұлданды.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 516.05  course up  536.88  course up  5.2  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer