Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
17 февраля 2023 10:25

Tartyl fest тек спортшыларға арналған жарыс емес, мерекеге айналуы керек - Нұрлан Қоянбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

18 ақпанда Астанада Tartyl fest республикалық турнирінің Гранд-финалы өтеді. Елімізде алғаш рет өтіп жатқан бірегей спорттық жоба жөнінде идея авторы, танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев ҚазАқпарат агенттігіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


18 ақпанда Астанада Tartyl fest республикалық турнирінің Гранд-финалы өтеді. Елімізде алғаш рет өтіп жатқан бірегей спорттық жоба жөнінде идея авторы, танымал продюсер Нұрлан Қоянбаев ҚазАқпарат агенттігіне сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2022 жылы еліміздің 20 қаласында өткен турнир нәтижесінде 180 адам үздік атанса, соның 170-ке жуығы ақтық сайыста бақ сынайды.

Нұрлан Қоянбаев Tartyl fest идеясы туралы айтып берді. Оның айтуынша, бұл - 2022 жылы Мемлекет басшысының қолдауымен құрылған "Дара" дарындыларды қолдау қорының алғашқы жобасы.

"Tartyl fest турникке тартылуға бағытталған, өйткені бұл ең қарапайым әрі қолжетімді жаттығудың түрі. Шындығында, турникке тартылу ерекше жағдайды қажет ететін спорт емес. Онымен еліміздің барлық жерінде де, ең шалғай деген елді мекендерінде де еркін айналысуға болады. Демек, біз басқа "әлеуметтік лифттерге" қолжеткізе алмайтын қазақстандықтарды барынша қамти отырып, солардың арасынан ең лайықтысын, ең мықтысын таба аламыз", - дейді Қоянбаев.

Қор осы жоба арқылы еліміздің 20 өңірін аралап, іріктеу турын өткізді.

"Шынымды айтайын, басында қатысушылар табылмай қалмас па екен, деген қорқыныш та болды. Дәстүрлі футбол емес, бокс та емес. Бірақ турникке тартылу үшін Алматыда таңғы сағат 8-де мың жарым адамның кезекте тұрғаны есімде. Сонда бастамамыз дұрыс екенін, қатысатын қарапайым спортшылардың да саны көп екенін түсіндік. Осылайша, 20 қаладан 9 жеңімпаз іріктеліп, 180 адам гранд-финалға жолдама алды. Оның 170-ке жуығы нақты қатысатын болды", - дейді продюсер.

Турникке тартылудың барлық ережесін, жас пен салмақ санаттарын көше спортымен кәсіби түрде айналысатын спортшы, бапкер Айтым Жақыпов дайындаған. Бірақ, жарыс басталғанда еш салмақ категориясына сай келмейтін кішкентай қыздар, балалар да барған. Олардың бетін қайтармай, демеушілер есебінен марапаттап шығарып салдық, дейді Нұрлан Қоянбаев.

"Сосын Қонаев қаласында 83 жастағы ақсақал жеңу үшін емес, жастарға үлгі болып, ортаны қолдау үшін қатысқан еді. Турник сайысын ұйымдастыруға кейбір спорттық шаралармен салыстырғанда аз қаражат жұмсалды. Сын айтты демесін, елімізде кейбір спорт түрлеріне қыруар қаражат бөлінеді. Tartyl fest шығындары шағын бір киноның бюджетіне де жетпейді. Есесіне бұл қаржыға 20 қаланы аралап шықтық, қаншама концерттер, жарыстар өткіздік. Қазір финалға қызу дайындық жүріп жатыр".

Қоянбаевтың айтуынша, тағы бір маңызды фактор – көше спортының қолжетімді болуы. Өйткені, көптеген ата-аналар баласына коньки, шаңғы әпере алмауы мүмкін, спортқа қажетті заттарға, арнайы бапкер жалдауға жағдайы келмеуі мүмкін. Tartyl fest жарысы жыл сайын тұрақты өтсе, жемісін береді деп ойлаймын. "Дара" қоры келешекте басқа да спорт жобаларын қолға алады, дейді идея авторы.

"Tartyl fest тек қана кәсіби спортшыларға арналған жарыс емес, мерекеге айналуы керек. 18 ақпанда өтетін Гранд-финалда арнайы концерттік бағдарлама болады, тікелей эфир жүргізіледі. Сол үшін де елімізге танымал 8 жүргізуші шақырылды. Сондықтан Астана тұрғындары мен қонақтарын EXPO Конгресс орталығында 18 ақпан күні сағат 12.00-де басталатын Гранд-финалға шақырамын", - деп қорытындылады сөзін Нұрлан Қоянбаев.

Турнир Jibek Joly телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети