ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
04 мая 2020 | 21:29

Телеарна даулы видео үшін кінәлілерді жазалауды сұрады

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Телеарна эфирінен скриншот Телеарна эфирінен скриншот

"Хабар 24" телеарнасы төтенше жағдайдың ұзаруы туралы сюжеттің үзіндісін қиып таратқандарды жазалауды сұрап, құқық қорғау органдарына шағым жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

"Хабар 24" телеарнасы төтенше жағдайдың ұзаруы туралы сюжеттің үзіндісін қиып таратқандарды жазалауды сұрап, құқық қорғау органдарына шағым жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Айта кетейік, 3 мамырда Желіде "Хабар 24" телеарнасындағы сюжет үзіндісі тарап кетті. Онда төтенше жағдай режимінің 24 шілдеге дейін ұзартылуы мүмкін екені хабарланған. Видео монтаждалған болып шыққан. Сюжеттің толық нұсқасында Франциядағы ТЖ режимін ұзарту туралы айтылған. 

Осылайша әлдекімдер Франциядағы төтенше жағдайдың ұзаруына байланысты ақпарды бұрмалап, аталған жағдай елімізге қатысты айтылғандай көрсеткен.

Видеоның негізгі нұсқасы 11:35 минуттан басталады.

"Түптеп келгенде, бұл Франция еліндегі төтенше жағдайға қатысты жазылған жаңалық еді. Арада уақыт оздырмай арна заңгері құқық қорғау органдарына тиісті арыз жолдады. Осылайша, жалған ақпарға жауапты жанды қылмыстық жазаға тартуды сұрап отыр", - делінген телеарна мәлімдемесінде.

Телеарна заңгері Айсана Сман іскерлік беделге, іскерлік атына байланысты қосымша азаматтық жауапкершілікке тартуға болатынын айтады.

Заңгердің айтуынша, іскерлік беделге келген нұқсанның өтеуі қымбатқа түсуі мүмкін. Оған қоса, Қылмыстық кодекстің 274-бабына сәйкес, қоғамда іріткі салу мақсатында шындыққа жанаспайтын ақпар таратқан үшін айыпты aдамнан 1000 айлық есептік көрсеткішке дейінгі немесе 2 778 000 теңге көлемінде айыппұл өндірілуі мүмкін. Сонымен қатар түзету жұмыстарына немесе 400 сағатқа дейінгі қоғамдық жұмысқа салу қарастырылған. Жазаның ең ауыры - бір жылға дейін бас бостандығынан айыру. Ал, төтенше жағдай кезінде әлеуметтік желі арқылы елді одан сайын дүрліктіретін жалған ақпараттың жазасы тіптен ауыр. 3 жылдан 7 жылға дейін темір торға қамау қарастырылады.

"Коронавирустан қайтыс болды деу үшін ақша ұсынған". Желіде қандай жалған ақпарат тарап жатыр?

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer