ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
13 января 2021 | 13:02

Тоқаев мақаласында қандай сөздерді жиі қолданды? Лингвостатистикалық талдау

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 қаңтарда жарияланған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласына лингвостатистикалық талдау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының директоры Анар Фазылжан Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 5 қаңтарда жарияланған "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласына лингвостатистикалық талдау жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Лингвостатистикалық талдау Тіл білімі институтының Facebook желісіндегі парақшасында жарияланды. Тілтанушының сөзінше, мақала 1332 сөздің 3595 сөзқолданыс түрленімінен тұрады.

"Осы 1332 сөздің 560-ы зат, ұғым, түсінік аты болса, 301-і іс-қимылды, 243-і сынды, 71-і қимылдың сипатын білдіретін, қалғаны көмекшілік қызметтегі сөздер. Осы сөздердің 754-і тек бір рет қолданылған сөздер. Әдетте қоғам үшін жаңа өзектіленген ұғым, түсінік аттары осы сөздер қатарында көп болады, мақаладағы пандемия, вирус, технология, плюрализм, soft power (жұмсақ күш) сияқты сөздер мұның айғағы. Зат есімдер мен қимыл аттарының басқа типтегі сөздерден көп болуы, жиілігі 1-ге тең сөздер санының жиілігі жоғары сөздерден бірнеше есе көп болуы, сол сияқты ең жоғары жиілікке мазмұны солғын көмекші сөздердің ие болуы - жалпы кез келген тілге тән әмбебап заңдылық көрінісі", - дейді маман.

Сондықтан мақала мәтінінде де жиілік бойынша тізім басын "бол" көмекші етістігі бастап тұр.

"Көмекші қызметтегі сөздерді ескермей, толық мағыналы ең жиі қолданылған сөздерді жинадық. Қоғамдық санада идеологиялық, базалық концептілердің қайсысы өзектіленіп отырғанын осындай жиілігі жоғары атауыш сөздер аңғартады. Мұндай пікірді алғаш айтқан философ ғалымдардың бірі Михаил Эпштейн жиілік сөздікті әлемнің тілдік бейнесі ретінде зерттеу құралына айналдыруды ұсынады. Ғалыммен келісе отырып, оның "сөздердің жиіліктік реті - бұл ұғымдардың жалпыхалықтық, стихиялық-демократиялық жүйесі" деген анықтамасының дәлдігіне тағы бір көз жеткіздік", - дейді Анар Фазылжан.

Президент мақаласындағы ең жиі сөздер кестеде көрсетілген.

Еске салайық, 5 қаңтарда Egemen Qazaqstan газетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Тәуелсіздік бәрінен қымбат" атты мақаласы жарияланған болатын. Мақалада шекара, экология, қазақ тілі мәселелері көтерілді. 

"Қазақ тілі, жер, ашаршылықты зерттеу". Тоқаев жаңа мақаласында қандай мәселелер көтерді?

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer