Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 октября 2020 16:37

"Төрт күйден көп деп ойлаймын" - Абайтанушы ақынның мұрасы туралы

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: ©️Тengrinews/Тұрар Қазанғапов Көрнекі сурет: ©️Тengrinews/Тұрар Қазанғапов

"Абайдың төрт күйі белгілі. Мен төрт күйден көп деп ойлаймын. Бірақ таратушысы, әрі қарай насихаттаушысы болмағандықтан, Абайдың күйлері жоғалып кетті ғой деген ойдамын". Мұндай пікірді Жұлдыз FM эфирінде қонақ болған Назарбаев университетінің профессоры, "Рухани Жаңғыру" мәдени орталығының директоры Гүлтас Сайынқызы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


"Абайдың төрт күйі белгілі. Мен төрт күйден көп деп ойлаймын. Бірақ таратушысы, әрі қарай насихаттаушысы болмағандықтан, Абайдың күйлері жоғалып кетті ғой деген ойдамын". Мұндай пікірді Жұлдыз FM эфирінде қонақ болған Назарбаев университетінің профессоры, "Рухани Жаңғыру" мәдени орталығының директоры Гүлтас Сайынқызы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Көп ғалым жазбайды"

"Абай деген тұлғаны емес, Абай деген сөзді естігенде қатты қуанып кетемін. Абай өзі толық адам дәрежесіне жеткен адам. Толық адам деген сөз "ақыл, қайрат, жүректі бірге ұстаған" дейміз ғой. Оған қоса алған білімі, тәрбиесі және іргетасы имандылықпен қаланған Абай өсе келе әлемдік мәдениетпен, әлемдік әдебиетпен сусындады. Яғни ол орыстың Пушкин, Лермонтов, Крыловтарын ғана емес, сонымен қатар ол сол кездегі батыс, шығыс күйлерін де қатты тыңдап, содан әсер алған адам. Оны енді көп ғалым жазбайды. Егер олай болмаған күнде "Абай жолында" да айтып кетеді. Абай Қарқаралыға барғанда керемет әндер үйреніп келеді. Сол әндерді елге келіп таратады. Сонда сол жердегі сол эмоцияның өзінен Абайдың ән-күйге жүрегінің ашық екенін көреміз. Және егер "Татьянаның әнін" тыңдасаңыз, сол әнде бүкіл мелодия әлемдік деңгейде тұрған мелодия ғой", - дейді Назарбаев университетінің профессоры.

 

"Төрт күйден көп деп ойлаймын"

Профессордың айтуынша, Абайдың күйі төрттен көп, тек ұрпақтан-ұрпаққа жеткізу ақсақтап, насихатталмай қалған.

"Сол сияқты Абай өзі де керемет күйлер шығарған. Абайдың төрт күйі белгілі. Мен төрт күйден көп деп ойлаймын. Бірақ таратушысы, әрі қарай насихаттаушысы болмағандықтан, Абайдың күйлері жоғалып кетті ғой деп ойлаймын. "Тор жорға, "Май түні", "Майдақоңыр", "Желдірме" - осы төрт күйдің тақырыбына қарасаңыздар, лирика тұр. Керемет сөйлеп тұр. Егер "Май түні" дейтін болсақ, сол пейзажды, маужыраған мамыр түнін күйге қосқан. "Желдірме" дегенде аттың үстінде келе жатқан Абайдың көңіл толқыны сол күйге түсті деп ойлаймын. "Майдақоңыр" да солай", - деді ол.

"Музыкалық мәдениетін қалдырып қоятын болсақ, қиянат болатын еді"

Гүлсат Сайынқызы Абайдың музыкасын насихаттау жағы әлі де кешігіп жатқанын атап өтті.

"Яғни, Абайдың поэзиясы өте қатты насихатталады, әндерін білетіндер бар. Бірақ осы күйлері насихатталмай келе жатыр. Сондықтан Абайды толық феномен ретінде, Президентіміз айтпақшы Абайды әлемге бренд ретінде әлемге танытатын болсақ, біз күйлерін де ұмытпауымыз керек. "Абай сыры" деген күйді айтып жатырсыздар, күйлер Абайдың музыкасымен, Абайдың күйлерімен астарласып, бір әлем жасауы керек. Марқұм Қаршыға Ахмедияров ағамыздың да "Абай толғауы" деген ғажап күйі болған. Яғни, Абайдың басқа қырын алып, музыкалық мәдениетін қалдырып қоятын болсақ, ол қиянат болатын еді деп ойлаймын", - деді Назарбаев университетінің профессоры.

"Абай және адамзаттық гуманизм" 

Ғалым өзі еңбек ететін Назарбаев университетінде Абайды насихаттау жыл он екі ай қолға алынғанын айтып, жақында өткен халықаралық форум туралы сөз етті.

"8-9 қазанда "Абай және адамзаттық гуманизм" деген халықаралық форум өткіздік. Шетелден көптеген ғалым, Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу мырза қазақша сөйлеп, "адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен ерекшеленеді" деген сөзін айтып, жастарға үлкен ой салды. Жалпы Назарбаев университетінде Абай бес жылда бір рет қана емес, күнде Абай өлеңдерінен челлендж, Абай қара сөздерінен сахналық қойылымдар, Абай әндерінен лирикалық кештер, Абай өлеңдерінен жарыстар өткізіп тұрамыз. Назарбаев университеті, өзедріңіз білесіздер, - ұлы арманнан туған университет. Яғни, бұл университетте елдің көшбасшысы болатын тұлғалар тәрбиеленіп жатыр. Олар тек шет тілін біліп, шет тілінде оқу ғана емес, олар ұлттық құндылықтарымызды, рухани құндылықтарымызды бойына сіңірген нағыз патриоттар болмаса, ертең елді де дұрыс басқармайтын болады. Оны да біз назарға аламыз", - деп түйіндеді Назарбаев университетінің профессоры, абайтанушы Гүлтас Сайынқызы.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.77   490.7   4.81 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети