Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
16 октября 2020 12:15

"1300 көше, 70 елде 250 шара". Абай жылы қандай шаралар өтті?

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: astana.gov.kz Фото: astana.gov.kz

Ұлы Абай есімін ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірінде білім, мәдениет мекемелері, көшелер мен даңғылдар аталған тұлғаның есімімен аталады. Жалпы алғанда республика бойынша 31 елді мекен, яғни ауыл, ауылдық округ, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ұлы Абайдың есімімен аталады. Мұндай статистиканы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында келтірді.


Ұлы Абай есімін ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірінде білім, мәдениет мекемелері, көшелер мен даңғылдар аталған тұлғаның есімімен аталады. Жалпы алғанда республика бойынша 31 елді мекен, яғни ауыл, ауылдық округ, 1300-ге жуық көше мен даңғыл, 100-ден аса білім мекемесі ұлы Абайдың есімімен аталады. Мұндай статистиканы Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz тілшісінің сауалына берген жауабында келтірді.

Республикалық жоспары 82 тармақтан тұрады

ҚР Үкіметінің қаулысымен 10 тамыз - Абай күні болып бекітілді. Осыған орай еліміз бен шет жұртта түрлі шара жоспары 82 тармақтан тұрады.

"Ұлы ақынның 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасы бойынша, 2019 жылғы 30 қазан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның хаттамасымен бекітілген Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпы республикалық жоспары 82 тармақтан тұрады", - деді министрліктің баспасөз қызметіндегілер. 

28 тармақ орындалды, 15-і тоқтатылды

"Бүгінде жоспарға сәйкес 28 тармақ орындалды, қазіргі жағдайға байланысты өткізуі мүмкін емес республикалық, халықаралық және шет елдерде өткізілетін  15 іс-шара тоқтатылып, қаражаты республикалық бюджетке кері қайтарылды. Аталған жалпыреспубликалық жоспардың 39 тармақ бойынша іс-шаралар елімізде және әлемде қалыптасқан жағдайға байланысты жыл соңына дейін онлайн форматта өтеді", - делінген ведомствоның жауабында.

500-ден аса шара онлайн өтеді

"Осы жылдың аяғына дейін Абай Құнанбайұлының мерейтойына арналған жалпыреспубликалық және өңірлік жоспарлардағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптары оркестрі Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрымен бірлесе отырып, "Абай-Аманат" онлайн концерт-спектаклін түсіруді, қараша айында республикалық арналарда концерт-спектакльді "Абай" телеарнасынан көрсету, сондай-ақ "Абай мұрасы" республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция, "Тәуелсіздік толғауы", "Елім менің", "Ұлы дала", "Мүшайра" республикалық конкурстары, "Абайдың мұрасы - адамзат қазынасы" атты әлеуметтік роликтер және қысқаметражды фильмдер фестивалі сынды республика бойынша 500-ден аса іс-шара онлайн ұйымдастырылады", - дейді министрліктегілер.

Абайдың барлық шығармасы 10 тілге аударылады

"Сондай-ақ, мерейтой аясындағы маңызды жобалардың бірі - Абайдың барлық шығармасын 10 шет тілге (француз, ағылшын, орыс, араб, испан, қытай және түрік, жапон, неміс, итальян тілдері) аударып және 3 000 данадан кем емес таралыммен басып шығару. Қазіргі таңда басып шығару жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деді ведомстводағылар.

Абай академиясы, ABAI. 175 JYL коллекциясы, Абай жылы

"Атаулы мерейтой аясында атап өтер үлкен шара 2019 жылғы 25 қарашада Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті жанынан "Абай академиясы" ғылыми-зерттеу институты құрылды. 2019 жылы 30 қарашада Ош қаласында өтетін ТҮРКСОЙ Мәдениет министрлері тұрақты кеңесінің отырысында ТҮРКСОЙ шеңберінде 2020 жылы "Абай жылы" деп бекітілді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2020 жылы 10 тамызда "ABAI. 175 JYL" коллекциялық монеталарды  және "Қазпошта" акционерлік қоғамы "Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл"» тақырыбындағы пошта маркасын айналымға шығарды", - дейді министрліктегілер шаралар жоспарын жалғастырып.

70-ке жуық шет мемлекетте 250-ден астам түрлі іс-шара

"Мерейтой аясында Елшіліктер жанынан Абай орталықтарын ашу бойынша  жұмыстар жүргізілді. Қазақстан Республикасының Бельгия, Сингапур, Эфиопия, Болгария елшіліктері мен Чехияның "Клементинум" Ұлттық кітапханасы жанынан "Абай" орталықтары, сондай-ақ ҚР Монғолиядағы елшілігі жанынан Абай бұрышы ашылды. Сонымен қатар, Тбилиси қаласы муниципалдық жиналысының 2020 жылғы 24 шілдедегі қаулысына сәйкес Грузия астанасы көшелерінің біріне халқымыздың ұлы перзенті Абай Құнанбайұлының есімі берілді. Абайдың атымен аталған көше кең, бойында парк аймағы орналасқан.

Биыл 23 қыркүйекте Қазақстанның Түркиядағы елшілігінің бастамасымен қазақ халқының ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбайұлының құрметіне саябақ пен ескерткіш тақтаның ашылу рәсімі өтті.

Анталияда Абай атындағы саябақ ашылды

Осы жылы 24 қыркүйекте ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі және Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшілігінің қолдауымен Әбу-Даби қаласында "Абай" мәдени-ақпараттық орталығы ашылды. Аталған орталықтың ашылуына аясында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өмірі мен шығармашылығына арналған кітап-иллюстрациялық көрме, әлем тілдеріндегі 200-ден астам басылымдардың көрмесі, ақынның отбасылық фотокөрмесі ұсынылды.

Абайдың қара сөздері хинди тіліне аударылды

Жалпы, 2020 жылы 70-ке жуық шет мемлекетте 250-ден астам түрлі іс-шара жоспарланып отыр. Қазіргі таңда, жыл басынан бері жоспарға сәйкес 60-ға жуық іс-шара өткізілді. Осы жылы интернет желісінде Дж.Вашингтон университетімен (АҚШ) бірлескен Қазақстанның тарихы мен мәдениеті туралы ақпаратты кеңінен насихаттауға бағытталған "Абай виртуалды орталығы" ашылды. Аталған ақпараттық ресурста (abaicenter.com) ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының шығармаларымен қатар, Қазақстанның тарихы, өнер, кино, музыка мен археологиясына қатысты америкалық сарапшылардың еңбектері мен мақалалары үнемі жарияланып тұрады.

Қазақстанның шет елдердегі мекемелерінің көмегімен Абайдың "Қара сөздері" мен өлеңдерінің жинақтары, сондай-ақ еліміздің қаламгерлерінің ұлы ақынның мерейтойы аясында жарияланған шығармалары жыл басынан бері грузин, иврит, қырғыз, малай, монғол, нидерланд, португал, украин, өзбек, хинди тілдеріне аударылып, 11 кітап болып басылып шықты", - деді ведомстводағылар.

50-ден аса монумент, 1300-ге жуық көше, 100-ден аса білім мекемесіне Абай есімі

"Қазақстанда Абай Құнанбайұлына арналған барлығы 50-ден аса монументті ескерткіштер пен бюсттер орнатылған. Ұлы Абайдың есімін ұлықтау мақсатында еліміздің барлық өңірінде білім, мәдениет мекемелері, көшелер мен даңғылдар аталған тұлғаның есімімен аталады. Жалпы алғанда республика бойынша 31 елді мекен, яғни ауыл, ауылдық округтер, 1300-ге жуық көшелер мен даңғылдар, 100-ден аса білім мекемелері ұлы Абайдың есімімен аталады", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Абай атымен байланысты нысандарды музейлендіру және ғылыми-реставрациялау

"Жалпыреспубликалық жоспарға сәйкес, Абайға қатысты бірнеше объектілерде тиісті жұмыстар жүргізіледі және музейлендіру, ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу тәрізді ауқымды шараларды қамтиды. 29 тамызда Мемлекеттік комиссиясының бірқатар өкілдерінің Абай атымен байланысты нысандарды музейлендіру және ғылыми-реставрациялау, аумақты абаттандыру, инфрақұрылымды дамыту жұмыстарымен танысу мақсатында Шығыс Қазақстан облысына сапары ұйымдастырылды.

Қазіргі таңда "Абай-Шәкәрім" мемориалдық кешенінің аумағын абаттандыру, Жидебайдағы Абай қыстағында, Ұлжан-Зере кесенесінде, Семей қаласындағы Ахмет Риза мешіті мен медресесінде, Бөрілі ауылындағы Әуезов музей-үйінде ғылыми-реставрациялау жұмыстары аяқталып, қазіргі таңда Абай атындағы мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық музей-қорығының бас ғимаратында музейлендіру жұмыстары аяқталуға жақын.

Тоқаев Абай мұрасын насихаттағаны үшін шетелдік зерттеушілер мен аудармашыларды марапаттады

Осылайша, Абайдың "Жидебай Бөрілі" музей-қорығының объектілерінде жүргізілген зерттеу, ғылыми-реставрациялау, жөндеу жұмыстарын жүргізу және жаңа музей технологиялары мен жабдықтарын қолдана отырып, экспозициялық залдарды толық жаңартуды көздейтін музейлендіру шеңберінде тарихи-мәдени мұра объектілерінің өзіндік ерекшеліктерін өзгертпей экспозициялық және қазіргі заманда туристік қызметте пайдалану, сондай-ақ оларды сақтау және өскелең ұрпақ арасында танымал ету үшін жағдайлар жасалды.

Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан Абай есімін ұлықтау мақсатында жүргізілетін жұмыстар жалғасады", - деп түйіндеді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети