ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
27 апреля 2021 | 10:13

Цой елдегі эпидахуал жақсарғанын мәлімдеді

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев Фото: Tengrinews.kz/Алихан Сариев

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы қалыпқа келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстанда коронавирус жұқтыру жағдайы қалыпқа келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.

Министрдің айтуынша, наурыз айының соңы мен өткен аптада тіркелген көрсеткіштерді салыстырғанда елімізде коронавирус жұқтыру айтарлықтай төмендеді.

"Әлемде коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар бойынша жағдай әлі де қиын. Әлемдік рейтингке сәйкес, 221 ел арасында Қазақстан ауру көрсеткіштері бойынша 108-орында тұр. Қайтыс болғандар көрсеткіші бойынша 107-орында. Қазақстанда қауіпті аймақта 10 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары", - дейді министр.

Сонымен қатар, ол эпидемиологиялық ахуалы орташа жағдайдағы өңірлерді атады: Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы, Қостанай облыстары мен Шымкент қаласы.

"Жасыл" аймақта Түркістан мен Солтүстік Қазақстан облыстары бар. Апта бойынша көрсеткіштерге сәйкес, коронавирус жұқтыру дерегі азайып келеді, наурыз айының соңынан бастап өткен аптаға дейінгі аралықтағы көрсеткіш - 46 пайыздан 8 пайызға дейін. Кейінгі аптада коронавирустан қайтыс болғандар көрсеткіші алдыңғы аптамен салыстырғанда 30 пайыздан 8 пайызға дейін төмендеді, жағдай салыстырмалы түрде бір қалыпқа түскені байқалады", - деді Цой.

Министрдің айтуына қарағанда, эпидемиологиялық ахуалға байланысты өңірлердегі шектеу шараларына түзетулер енгізіліп жатыр.

"27 сәуірдегі жағдай бойынша, республикадағы инфекциялық төсек-орындар 41 пайызға, жансақтау төсек-орындары 28 пайызға толы. Төсек-орындар бойынша толым ең жоғары көрсеткіші Қызылорда облысында - 58 пайыз", - деді министр.

Кеше вакцина салдырған Цой халыққа екпе қолжетімді болуы үшін жағдай жасалатынын айтты.

"Қазақстанда екі вакцина салынып жатыр, олар Спутник V және QazVac, еліміз әлем бойынша коронавирусқа қарсы вакцина өндіруші елдердің ондығына кірді. Әлемдік рейтинге сәйкес, 177 ел арасында Қазақстан вакцина салдырғандар көрсеткіші бойынша 52-орында. Вакцинаны жеткізу кезең-кезеңмен жүзеге асады, кестеге сәйкес, сәуірде халықтың 20 пайызына жеткізу қарастырылған. Вакцина салдыру елдегі эпидемиологиялық жағдайды қалыпқа келтіруге ықпалын тигізе береді", - деді ол.

Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бірін таңдай ала ма?

Айта кетейік, Алексей Цой кеше, 26 сәуірде тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырды. Тікелей эфир Денсаулық сақтау министрлігінің Facebook желісіндегі парақшасында жүргізілді. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer