Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бірін таңдай ала ма?

Сандуғаш Сұлтан
Сандуғаш Сұлтан Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бірін таңдай ала ма? Бұл сұраққа дәрігер, профессор Сәкен Әміреев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Қазақстандықтар коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бірін таңдай ала ма? Бұл сұраққа дәрігер, профессор Сәкен Әміреев жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР клиникалық және іргелі медицина академигі, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ эпидемиология кафедрасының профессоры, Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессоры Сәкен Әміреевтің айтуынша, қазақстандықтар коронавирусқа қарсы екі вакцинаның бірін таңдай алады.

"Елімізде коронавирусқа қарсы екі түрлі вакцина салынып жатыр, екеуінің де тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген. Сондықтан, қорқатын ешнәрсе жоқ. Ал, таңдауға келетін болсақ, әркім өзі таңдайды, ресейлік пе, отандық па. Егу бөлмесінде екі түрі ұсынылады, егер бір түрі болмай қалса, барын салдыра беріңіз. Таңдаған вакцинаны ғана салдырамын десеңіз, жеткізілуін күтуіңізге әбден болады. Менің ойымша, отандық вакцинаға қолдау көрсетуіміз керек, ол да барлық ресми тексеруден сәтті өткен. Екеуінің арасында анау немесе мынау жақсы деп айтуға болмайды", - деді Әміреев.

Сонымен қатар, ол вакцина алмағандарды алда не күтетінін айтты.

"Вакцина салдыру, не салдырмау әрине әркімнің өз еркі. Алайда, сіз вакцина салдырмай ауырып қалсаңыз, ауру ауыр дәрежеде өтуі мүмкін. Вакцинаға қарсы көрсетілім болмаса екпені салдырған дұрыс", - деді ол.

Еске салайық, бүгін Цой тікелей эфирде коронавирусқа қарсы вакцина салдырған болатын.

Қазақстанда ресейлік Спутник V вакцинасы биыл ақпанда, ал отандық QazVac бүгін, 26 сәуірде салына бастады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Курс валют

 519.55  course up  597.41  course up  6.62  course up

 

Погода

location-current
Алматы
А
Алматы 38
Астана 20
Актау 24
Актобе 22
Атырау 24
Б
Балхаш 30
Ж
Жезказган 31
К
Караганда 26
Кокшетау 25
Костанай 32
Кызылорда 34
П
Павлодар 24
Петропавловск 37
С
Семей 39
Т
Талдыкорган 35
Тараз 32
Туркестан 25
У
Уральск 34
Усть-Каменогорск 34
Ш
Шымкент 32

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer