ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
18 июня 2019 | 15:55

ҰБТ-да қандай жағдайда апелляция арқылы балл қостырып алуға болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Елімізде 20 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Биыл мектеп бітірушілерден ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендер саны - 96 380, олардың ішінде 73 388-і қазақ тілінде, 22 824-і орыс тілінде, 168-і ағылшын тілінде тапсырады. Tengrinews.kz тілшісі түлектерге даулы мәселелерді шешу үшін қалай апелляция беру керек екенін түсіндіреді. 


Иконка комментария блок соц сети

Елімізде 20 маусымда Ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Биыл мектеп бітірушілерден ҰБТ-ға қатысуға өтініш білдіргендер саны - 96 380, олардың ішінде 73 388-і қазақ тілінде, 22 824-і орыс тілінде, 168-і ағылшын тілінде тапсырады. Tengrinews.kz тілшісі түлектерге даулы мәселелерді шешу үшін қалай апелляция беру керек екенін түсіндіреді. 

ҰБТ апелляциялық комиссиясы қалай жұмыс істейді?

Түлектерге әрбір балл маңызды болғандықтан бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын бағалауда даулы мәселелерді шешу, тестілеуде тапсырушылардың құқықтарын қорғау мақсатында апелляциялық комиссиялар жұмыс істейді. Оның төрағасы және құрамы білім саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітеледі. Апелляциялық комиссия түлекке балдарды қосу туралы ұсыныстардың негізін қарайды және түпкілікті шешімді қабылдайды. 

Өтініштер бойынша шешім апелляциялық комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болады.

Апелляцияға өтініш беру тәртібі

ҚР Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары" бойынша, апелляцияға өтініш беру және қарау тәртібі мынадай: 

Түсуші тест тапсырмаларының мазмұны немесе техникалық себептер бойынша тестілеу нәтижесімен келіспеген жағдайда түлек апелляциялық комиссия төрағасының атына өтініш береді. Түсушінің өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты, тестілеуге рұқсаттамасы болуы керек. Апелляциялық комиссия түсушінің әрқайсымен жеке жұмыс істейді.

Аппеляцияға өтінішті апелляция комиссиясы төрағасының атына тестілеуге қатысушының өзі береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініш тестілеу нәтижелерін жариялағаннан кейін келесі күні күндізгі 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия 1 күн ішінде қарайды. Өтініш берушінің жеке басты куәландыратын құжаты және ҰБТ рұқсаттамасы болуы тиіс.

Аппеляциялық комиссия түлектердің жауап парақтарының көшірмелерін, ҰБТ ережелерін сақтау туралы мәліметтерді сұрата алады және қабылдайды. Аппеляциялық комиссияның шешімі хаттамамен рәсімделеді, оған төраға және комиссияның барлық мүшесі қол қояды. Апелляциялық комиссияның құрамына мемлекеттік комиссияның мүшелері және басқа адамдар, биыл ҰБТ-ға қатысатын балалар кіре алмайды.

Апелляция қандай жағдайларда қарастырылады?

Бірінші жағдай тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

  • дұрыс жауап дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келмесе (дұрыс жауаптың нұсқасы көрсетіледі);
  • дұрыс жауап болмаса;
  • берілген барлық жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тест тапсырмаларында бірден көп дұрыс жауап болса (дұрыс жауаптардың барлық нұсқалары көрсетіледі);
  • тест тапсырмасы дұрыс құрылмаса;
  • тест тапсырмасы шартының фрагменті (мәтін, сызба, суреттер, кестелер) табылмаса, соның нәтижесінде дұрыс жауапты анықтау мүмкін болмағанда;

Екінші жағдай техникалық себеп бойынша:

  • дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер екі және одан көп дөңгелекше ретінде оқыса;
  • дұрыс жауаптар кодымен сәйкес келетін боялған дөңгелекшені сканер бос дөңгелекше ретінде оқыса;
  • жауап парағында ақау болғанда.

Апелляция өтініштері ҰБТ нәтижелері хабарланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және оны апелляциялық комиссия (республикалық апелляциялық комиссия) күнтізбелік бір күн ішінде қарастырады. Түсуші апелляциялық комиссияның отырысына келмеген жағдайда, оның апелляцияға берген өтініші қарастырылмайды екен.

Апелляциялық өтініште қандай мәлімет жазылуы тиіс?

Апелляцияға арналған өтініште нақты фактілер жазылуы тиіс. Сонымен қатар, бұл кезде түлекке көрсеткен пәнді және нұсқаны ауыстыруға рұқсат берілмейді. Комиссия өтінішті қарастыруы үшін өтініш иесі онда әрбір тест тапсырмасы бойынша дәлелді негіздемені, яғни толық түсіндірме, тапсырманың толық шешімін көрсетіп жазуы тиіс. Түсінікте сұрақтың жауабы неліктен қате екеніне дәлел табылмаса, онда өтініш қарастырылмайды немесе қанағаттандырылмайды.

Апелляция арқылы 2 балл қосып алған түлектен кеңес

Алматы қаласы А.Байтұрсынұлы атындағы № 139 мектептің түлегі Диана Болатова ҰБТ-ның жаңа форматы енгізілген жылы, яғни 2017 жылы тапсырған. ҰБТ тапсырып шыққан ол кейін 132 балл алғанын білген. Алайда апелляцияға өтініш беру арқылы ол 2 балл қостырыпты. Оның айтуынша, биология және химия пәндерінен екі сұрақтың қате екенін айтқан. Қорытындысында комиссия мүшелері түлектің келтірген дәлелдерінің негізі бар деп ұйғарым жасапты. Диананың айтуынша, қате сұрақ байқасаң, қорықпай міндетті түрде өтініш жазу керек.

"Айта кететін жайт, апелляцияға алып кіретін оқулықтар мектепте оқыған жылғы болуы керек және баспасы сәйкес келуі тиіс. Ал егер басқа кітап немесе басқа жылғы кітап болса, онда мұғалімдер жауапты қабылдамайды. Мені құтқарған сол мектеп берген оқулықтар болды, себебі мен басқа кітап оқуға міндетті емеспін. Сондай-ақ, мұғалімдер "132 балл алдың, жетеді ғой" деп көндіруге тырысады. Оған да көнбеу керек, сонда ғана ойыңдағы көрсеткішіңе жетесің", - дейді ол.

ҰБТ-ға кіретін түлектің 5 қателігі. Үздік мұғалімнен кеңестер

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети