ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
28 апреля 2020 | 15:16

"ҰБТ, соңғы қоңырау, жаңа оқу жылы" - коронавирусқа байланысты білім саласында қандай өзгеріс болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Кеше, 27 сәуірде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасы арқылы тікелей эфирге шыққан болатын. Министр коронавирус пандемиясына байланысты білім беру саласына қатысты жаңалықтар туралы сөз қозғады. Tengrinews.kz тілшісі БҒМ басшысының маңызды мәлімдемелеріне шолу жасады.


Иконка комментария блок соц сети

Кеше, 27 сәуірде білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасы арқылы тікелей эфирге шыққан болатын. Министр коронавирус пандемиясына байланысты білім беру саласына қатысты жаңалықтар туралы сөз қозғады. Tengrinews.kz тілшісі БҒМ басшысының маңызды мәлімдемелеріне шолу жасады.

Биыл мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау бола ма?

17 сәуірде БҒМ вице-министрі Шолпан Каринова коронавирус инфекциясына байланысты биылғы оқу жылының аяғында соңғы қоңырау мерекесі болмайтынын мәлімдеген еді. Бұл жаңалық көптеген бітіруші түлектің үнжұрғасын түсіргені сөзсіз. Алайда кеше Instagram желісіндегі Tengrinews.kz парақшасында өткен тікелей эфирде министр Асхат Аймағамбетов мектеп бітіру кеші мен соңғы қоңырау шарасын өткізудің жаңа форматы жасалып жатқанын мәлімдеді.

"Жеке ондай мереке немесе шара жоғын білесіздер ғой. Соңғы қоңырау деген не? Бұл - оқу жылының соңғы күні, 25 мамыр, мектеп қоңырауы соңғы рет қағылатын күн. Ол дәстүрге айналған. Биыл оқушылар қашықтан оқитындықтан мектепке бармайды. Мектепке бармаса соңғы қоңырауды қалай өткізуге болады?", - деді министр.

Аймағамбетов соңғы қоңырау да, мектеп бітіру кеші де бір күнде өтуі мүмкін екенін айтты.

"Мектеппен қоштасу мүмкіндігі болады деп болжап отырмыз. Жағдай оңалып, науқастардың саны азайып, карантин режимі алынса, әдетте маусымның ортасында мектеппен қоштасу кеші болатын. Яғни, аттестат салтанатты түрде беріледі. Қазір мектеппен қоштасу кешінде соңғы қоңырау мерекесін қатар өткізу үшін концепция дайындап жатырмыз", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Министр мерекелік шаралар барлық санитарлық нормалардың сақталуымен өтетінін айтты.

"Үміт үзудің қажеті жоқ. Ол бәріміздің басымыздан өткен, мектеппен қоштастық. Ол өте әсерлі сәт қой, сондықтан карантин режимі жеңілдеп не маусымда алынып тасталса, санитарлық нормалардың сақталуымен өтеді. Сол кезде салтанатты кеш пен мектеп бітіру кешін өткізе аламыз", - деді министр.

Ұлттық бірыңғай тестілеу туралы

15 сәуірде Асхат Аймағамбетов коронавирус жағдайына байланысты Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысты "Б" жоспары дайындалып жатқанын айтқан еді. Министр биыл ҰБТ жылдағыдай маусымның соңынан шілденің басы аралығында өту жоспарланғанын мәлімдеген. Алайда жағдай ұшыққан жағдайда арнайы жұмыс тобы және ІТ мамандары дайын тұр екен.

Тікелей эфир барысында Аймағамбетов биылғы түлектерге жақсы жағдай жасалғанын айтты.

"Меніңше, биылғы түлектерге ыңғайлы сәт болып отыр. Себебі олар үйде отырып-ақ тестке дайындала алады және қорытынды аттестаттаудан босатылғандықтан уақыт бастан асады. Сайтта ҰБТ бойынша тест сұрақтарының 70 нұсқасы тегін тұр. Сондықтан біз биыл түлектердің ҰБТ-ға дайындалуына жақсы жағдай жасап отырмыз деп ойлаймын" , - деді министр.

Аймағамбетов желі оқырмандарының биыл ҰБТ-ны өткізбеу туралы пікіріне де жауап берді.

"Кейбірі жоғары оқу орнына аттестат бағасына қарай түсірейік дейді. Бірақ біз бұл ұсынысты мүлде құптамаймыз, себебі бәсте мемлекеттік грант тұр. Бір мектептегі бестік екінші мектеппен салыстырғанда мүлде басқа болуы мүмкін. Сондықтан әділдік орнауы үшін бірыңғай тестілеуді тапсырған дұрыс", - деп түсіндірді министр.

Жаңа оқу жылы қандай форматта өтетіні әзірше белгісіз

Келесі оқу жылы әдеттегідей 1 қыркүйекте басталады. Алайда, Асхат Аймағамбетовтің айтуынша, жаңа оқу жылы қандай форматта өтетіні коронавирус пандемиясына байланысты әзірше белгісіз.

"Қандай форматта өтетінін, меніңше, ешкім айта алмайды. Пандемияның екінші толқыны болар-болмасын ешкім білмейді. Сондықтан қандай жағдай болмасын, оқу жылы 1 қыркүйектен басталатынын білеміз. Оған бірнеше нұсқа дайындап отырмыз. Барынша мұқият дайындалуымыз маңызды", - деді министр.

Аймағамбетов министрлік жазғы демалыс кезінде ұстаздарды қашықтан оқу форматына дайындаумен айналысатынын айтты.

"Келесі оқу жылында да қашықтан оқуға тура келсе, дайындық жақсы болуы керек. (...) Бізде уақыт жеткілікті. Педагогтарды қашықтан оқу форматына үйретумен айналысамыз. Қашықтан оқу кезінде әдіс-тәсілдер, нұсқау мен мониторинг өзгереді. Оқу курстары тек ІТ-мамандарына қажет деп ойлаудың қажеті жоқ. Сондық жазғы демалысты бағдарламалар мен ұстаздарды дайындаға барынша қолдануға тырысамыз. Кез келген жағдайға дайын болуымыз керек", - деді БҒМ министрі.

Еске салайық, 11 наурызда ДДҰ жаңа коронавирусты пандемия деп жариялады. Орта білім беру ұйымдары 2020 жылдың 16 наурызынан бастап - 5 сәуір аралығында каникулға шығып, артынша төртінші тоқсаннан бастап қашықтан оқу форматына көшкен болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети