ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
01 июня 2020 | 16:53

Вагонда сауда болмайды, шетелге билет алмау керек? Көліктегі бас санитар өзекті сұрақтарға жауап берді

Рахила Тлеуова
Рахила Тлеуова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен онлайн-брифингте Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов пойыздар мен автобустардағы жолаушылар тасымалының жағдайын баяндады. Ол вагон аралап жүретін сатушыларға тыйым салынғанын айтып, әзірше халықаралық рейстерге әуе билетін сатып алмауды сұрады. Себебі бұл билеттердің ақысы қайтарылмай, тұрғындар зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрлігінің медиа орталығында өткен онлайн-брифингте Қазақстанның көліктегі бас санитар дәрігері Сәдуақас Байғабылов пойыздар мен автобустардағы жолаушылар тасымалының жағдайын баяндады. Ол вагон аралап жүретін сатушыларға тыйым салынғанын айтып, әзірше халықаралық рейстерге әуе билетін сатып алмауды сұрады. Себебі бұл билеттердің ақысы қайтарылмай, тұрғындар зардап шегуі мүмкін, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Пойыздағы антисанитария қалай шешілмек? 

Көліктегі бас санитар вагондарда санитарлық нормалар сақталмаған жағдайда суретке түсіріп, оның Whats App нөміріне жіберуге болатынын айтты. Ал, ескі вагондардағы желдеткіштің жоқ екенін бұрынғы талаптарда бұл нормалар қаралмай, құрастырған зауыттар кондиционер орнатпағанын жеткізді.

"20-30 жылдан бері жүріп келе жатқан пойыздар бар. Ол кезде вагонды құрастырушы зауыт желдеткіш орнатпады. Біз ревизия жасаған кезде автовокзал, теміржол вокзалдарында желдету, фильтрлеуді талап еттік. Тиісінше, көлікті құрастырған зауыт кондиционер қоймағандықтан, желдеткіш жүйесіне мән беріледі. Тасымалдаушыларға осы олқылықтардың орнын толтыруға уақыт берілді. Иә, автобустар мен вагондар санитарлық нормаларға сай емес болған фактілерді өзім де көрдім. Ондайлар болды. Енді тағы осындай жағдайлар болып жатса, онда департаментке (Көліктегі полиция департаменті - авт.) хабарласуға немесе суретке түсіріп, менің  Whats App нөміріме жіберуге болады. Нөмірім: 8-778-01-27-000. Кез келген уақытта қоңырау шалып, шағым айтуға болады. Бізде де мобильді топ бар. Оның құрамында санитарлық-карантиндік пунктің қызметкерлері мен көліктегі полиция өкілдері бар. Содан соң тиісті шара қабылданады. Тіпті, вагондардың жұмысын тоқтатуға дейін барамыз", - деді бас санитар.

Вагон ішін аралап, сауда жасайтындардың жағдайы қалай болмақ?

Сәдуақас Байғабылов мұндай сатушылардың болмайтынын және вокзал маңындағы сауда дүңгіршіктерінің санитарлық нормаға сай жұмыс істейтінін айтты. Сондай-ақ, вагондардағы мейрамханалар жабық болатынын және жолаушыларға бір вагоннан екінші вагонға өтуге тыйым салынғанын ескертті.

"Көліктегі бас санитар дәрігер қаулы қабылдады. Онда теміржол, автовокзал, вагондарда жүріп сауда жасауға тыйым салынды. Бұрынғыдай вагондарда шай, тамақ сатуға болмайды. Бұл ережерлердің сақталуын бақылаймыз. Сондай-ақ, теміржол вагондарындағы мейрамханалар жұмыс істемейді. Тағы жолаушылар бір вагоннан екінші вагонға жүре алмайды. Авто және теміржоқ вокзалдарында бутиктер бар. Бірақ олар да санитарлық нормаларды сақтайды", - деді ол.

Көліктегі полицейлер бір пунктен екінші пунктке дейін рейдке шығады. Тексеріп жүреді. Егер осындай фактілер тіркелсе, жолаушылар тасымалдайтын компания, пойыз бастығы, теміржоқ вокзалының басшыларына қатысты қатал талаптар қойылады.

Елдегі жағдай күрт нашарласа, блокбекеттер қайта қойылады - Байғабылов

"Халықаралық әуе рейстерін жаңартуға асығыс жоқ"

Спикер халықаралық әуе рейстерінің жақында ашылмайтынын ескертіп, әзірге ұшаққа билет сатып алуға асықпауды сұрады.

"Халықаралық әуе рейстерді жаңартуға асығыс жоқ. Бүгінде Еуропа және Оңтүстік Азия, оның ішінде Қытай рейстерін қосты. Шетелден келген жолаушылар 14 күнге карантинге жатқызылады. Басқа елдердің тағы басқа талаптары бар. Біреулері қашықтықты сақтауды талап етсе, біреулері ПТР тестілеудің болуын сұрайды. Мұндай талаптар қазір талқыланып жатыр. Кешенді шешім қабылдануы керек. Бұл жерде сыртқы саясатқа жауапты ведомство - СІМ араласады. Сондай-ақ екі жақтың мемлекеттік органдары талаптарды талқылап, бір шешімге келу керек. Қазір қандай талаптар бар, қалай болады деген мәселелер талқыланып жатыр", - деп түсіндірді ол.

"Ақшасыз және билетсіз қалуыңыз мүмкін"

Көліктегі бас санитар дәрігер әуе компаниялары жоқ рейстерге билет сатып, халықты шатастырғанын айтты. Мұндай жағдай ішкі рейстерде де болған. Сондықтан әзірше туристік компаниялардың турларына сеніп, билет алудың қажеті жоғын атап өтті.

"Карантин кезінде көптеген әуе компания билеттерін сатылымға шығарған. Сөйтіп халық шатасып қалды. Біз қалааралық рейстерді біртендеп қостық.  Олар біз рұқсат етпеген қалаларға билет сатқан. Мысалға, Шымкентте осындай жағдай болды. Ондаған адам билет сатып алған, әуежайға келген, ал әуежай жабық тұр. Сөйтіп олар шағымданды. Себебі әуе компаниялары болмайтын рейстерге билет сатқан. Сондықтан тұрғындар осындай жағдайға тап болмауы үшін мемлекеттік органдардан немесе БАҚ өкілдерінен ресми ақпаратты күту керек... Қазір мен халықаралық әуе рейстеріне билет сатып алмаңыздар деп кеңес беремін. Себебі соңында сіз ақшасыз және билетсіз қалуыңыз мүмкін. Бүгінде халықаралық рейстер жоқ және жақынарада болмайды", - деді ол.

Купеде бірнеше адамды тасымалдау қауіпті емес пе?

Енді вагондағы жолсерік пен автобустың жүргізушісі жолаушылардан сауалнама алады. ДСМ мұндай шараны бір адамнан коронавирус анықталған жағдайда байланыс жасаған тұлғаларды тез табу үшін жасап отыр.

"Біз әуе рейстерін қосқан кезде маска тағу, антисептик ұстау, қашықтық сақтау секілді шараларды талап еттік. Сол кезде бір рейсте келіп, коронавирус жұқтырмаған жағдайлар болды. Пойыздарға келсек, купенің ішінде қашықтық сақтауға болады. Әр вагонда санитайзерлер болады. Оны тегін қолданады. Жол серіктер толтырып отырады... Дегенмен түрлі жағдай болуы мүмкін. Кейде адамдар маскасын ұмытып кетеді. Сондықтан біз тасымалдаушыларға артық маска алып қоюды тапсырдық... Жолсеріктер вагондарда сауалнама жүргізеді. Автобустарда да солай. Екі жүргізушінің біреуі сауалнама жүргізеді. Егер бір адамнан коронавирус анықталып жатса, онда байланыста болғандарды тез анықтау үшін осы анкеталар көмектеседі", - деді Сәдуақас Байғабылов.

Спикердің айтуынша, жолаушылар пойызы станцияларда тоқтайды. Таза ауа жұту үшін шығуға болады. Алайда маман қатты қажеттілік болмаса, шықпауға кеңес берді.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 522.58  course down  549.54  course down  5.08  course down

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer