ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
28 января 2020 | 14:39

"Вирусты инфекцияның шекарасы жоқ" - Маман қатерлі дерттің елімізде тарап кету қаупі туралы

Даурен Ерболат
Даурен Ерболат Журналист
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Сархат Бейсенова (оң жақта). © Дәурен Ерболат Сархат Бейсенова (оң жақта). © Дәурен Ерболат

ҚР денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілген қызмет қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы міндетін атқарушы Сархат Бейсенова әлемді дүрліктірген коронавирус Қазақстанда таралуы қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

ҚР денсаулық сақтау министрлігі тауарлар мен көрсетілген қызмет қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің басшысы міндетін атқарушы Сархат Бейсенова әлемді дүрліктірген коронавирус Қазақстанда таралуы қаупі бар екенін айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Маманның пікірінше, Қытайдан тараған вирусты туристер әкелуі мүмкін.

"Қытай аумағынан тыс аумақта инфекцияның таралу қаупі сақталып отыр. Себебі, туристер Қытай жаңа жылын тойлау үшін бұл елге келді. Енді олар жаппай бұл мемлекеттен кетіп жатыр", - деді ол Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ Сархат Бейсенова бұл жұқпалы дерттің Қазақстанда таралуы қаупі бар екенін атап өтті.

"(Коронавирус - автор) таралу қаупі бар. Себебі, вирусты инфекцияның шекарасы жоқ. Эпидемиологтар "инфекцияның шекарасы жоқ" деген пікірді ұстанады. Сіздер Қазақстанға малярия шетелден келетінін білесіздер. Малярияның инфекциясы елімізде жоқ. Бірақ бұл инфекцияны шетелден жұқтырған жағдайдар болды", - дейді Бейсенова.

Медицина қызметі Қазақстанға тән емес тропикалық инфекциялық жолмен таралатын аурудың алдын алуға дайын. Сондай-ақ холера, денге безгегін шетелден жұқтырған жағдайлар тіркелді. Ең бастысы бұл инфекцияларды біз алдын ала анықтаймыз. Медициналық қызметті көрсетеміз. Сондай-ақ оған эпидемиологиялық шараларды жүргіземіз", - деді ол.

Осылайша маман бұл жұмыстар жұқпалы инфекциялар Қазақстанда таралуына жол бермейтінін жеткізді. Осы орайда Бейсенова коронавирустың елімізде таралмауы үшін тиісті шаралар қолға алынғанын айтты.

"Әуежай және теміржол тасымалында санитарлық карантин режимі күшейтілді. Әуежайда, теміржол және автобус станцияларында тепловизор орнатылды. Қалаға келген адамдардың дене температурасын өлшеп жатырмыз. Әсіресе, шетелден Нұр-Сұлтан қаласына келген адамдарды денсаулығын бақылауға алдық. Оларды арнайы тізім бойынша тексеріп жатырмыз. Олардың тұрғылықты мекенжайы, қайда жұмыс істейтіні туралы мәлімет пен телефон нөмірі бар. Осы жұмыс кеше қолға алынды", - деп түйіндеді сөзін маман.

"Жануар өнімдерінен бас тарту". Қазақстандық маман коронавирустан сақтанудың жолын айтты

Еске салайық, 2019 жылдың желтоқсанның соңынан Қытайда белгісіз коронавирус тараған болатын. Кейін ел билігі Хубей провинциясындағы 10 қаласында карантин жариялап, оны жапты.

Бірінші Ухан қаласы жабылды. Коронавиус осы шаһардан тараған болатын. Соңғы мәлімет бойынша, Қытайда коронавирустан 106 адам көз жұмды. Сондай-ақ қауіпті індет басқа елдерге де тарай бастады.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer