Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
28 января 2020 12:42

"Жануар өнімдерінен бас тарту". Қазақстандық маман коронавирустан сақтанудың жолын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева қазақстандықтарды дүрбелең туғызбауға шақырып, коронавирустан қалай сақтану керегін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Нұр-Сұлтан қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас инфекционист дәрігері Сәуле Атығаева қазақстандықтарды дүрбелең туғызбауға шақырып, коронавирустан қалай сақтану керегін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бас инфекционист күнделікті елге шетелден келіп жатқан азаматтардың бақылауда екенін айтады.

"Коронавирустың белгілері ЖРВИ-ге өте ұқсас. Сондықтан да вирус жұқтырған немесе вирус жұқтыруы мүмкін деген науқаспен қандай да бір байланыс болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Сондай-ақ, 14 күн уақыт бойы денсаулығыңызды бақылап жүруіңіз керек болады. Егер 14 күн ішінде коронавирустың қандай да бір белгілері байқалған болса, бірден дәрігерге көріну керек және емхана болсын, басқа да қоғамдық жер болсын маска киіп жүру міндеттеледі. Ол масканы әр үш сағат сайын ауыстырып тұру қажет", - деді Сәуле Атығаева елорда әкімдігінде өткен баспасөз конференциясында.

Дәрігер вирустан сақтанудың басты жолы гигиена ережелерін бұзбау екенін айтады. 

"Қарапайым ережелерді сақтаған жөн. Антисептик қолданып, жануар өнімдерін тұтынудан бас тарту қажет. Ал бастысы вирус жұқтыруы мүмкін деген адамға жақындамау керек. Түшкірген кезде де этикет сақтаған жөн. Ең дұрысы - өз бетінше емделмей, тез арада дәрігерге көрінуге кеңес беремін. Ол дәрігерлер бір тәулік ішінде-ақ вирустың бар-жоғын анықтап береді. Бір жасқа дейінгі және егде жастағы адамдарда бұл вирусты жұқтыру қаупі жоғарырақ болады", - деп ескертті инфекционист.

Атығаеваның айтуынша, бүгінде коронавирусқа қарсы препарат жоқ. Сол себепті дәрігер қазақстандықтарға тұмауға қарсы вакцинация жасауға кеңес береді.

"Дүрбелең туғызудың қажеті жоқ. Тек вирустың белгілері байқалған жағдайда бірден дәрігерге көріну керек. Басқа адамдарды жұқтырудың қажеті жоқ. Маска киюді ұмытпаған жөн", - деді дәрігер.

"Тұмауға ұқсайды". Дәрігер Қытайда өршіп тұрған вирустың басты белгілерін атады

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына Ухан қаласында белгісіз вирустың тарай бастағанын хабарлаған. Мамандар Ухан қаласындағы теңіз өнімдері базарынан алынған сынамаларды зерттеп, вирустың қайнаркөзі сол базарда сатылған жабайы жануарлар болғанын анықтаған. 

"Синхуа" агенттігінің мәліметінше, қытайлық зерттеушілер коронавирусты зерттеудің алғашқы қорытындысын жариялаған. 2019-nCoV электрон микросуреттері жария етілген.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 443.2   490.7   4.82 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети