Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
03 сентября 2020 14:35

"WhatsApp-та танысымнан менің атымнан қарыз сұраған". Желіде алаяқтықтың жаңа түрі шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Желіде алақтар WhatsApp арқылы халықтан ақша ұрлаудың жаңа тәсілін тапқан. Олар ықтимал зәбірленушінің таныс адамын тауып, желіде суретін қойып, соның атынан жазады. Tengrinews.kz тілшісі алаяқтардың жаңа тәсілінен қалай сақтану керегін заңгерден сұрады.


Желіде алақтар WhatsApp арқылы халықтан ақша ұрлаудың жаңа тәсілін тапқан. Олар ықтимал зәбірленушінің таныс адамын тауып, желіде суретін қойып, соның атынан жазады. Tengrinews.kz тілшісі алаяқтардың жаңа тәсілінен қалай сақтану керегін заңгерден сұрады.

Желі қолданушыларының жазуына қарағанда, алаяқ басқа адамның атын жамылып, WhatsApp мессенджерінен жақын құрбысына жазған. Алаяқ мессенджерде жаңа аккаунтқа бір адамның суреттерін сақтап, сипаттамасына аты-жөнін жазып қояды. Сөйтіп, сол адамның таныстарына жазып, қарызға ақша сұрайды екен.  

Көбіне қасында адамдар барын ескертіп, телефонмен сөйлесе алмайтынын жазады. Сөйтіп, белгілі бір соманың қажет болып тұрғанын айтып, қарызға ақша сұрайды. Егер қарыз сұраған адамда ондай сомада ақша болмаса, "Қазір қанша бар, сонша жіберші" деп сұрайды. Сөйтіп, "бүгін кешке қайтарып беремін" деп уәде етеді.  


© РИА Новости 

Алаяқтардың мұндай тәсілінен алданып қалғандар бар екен. Бірінің айтуынша, үйінде қонақтар болғасын, расымен де, танысы жазды деп ойлап, қажетті қаражатты картаға аударып жіберген.

Алаяқтар ізін жасыру үшін өз картасын пайдаланбайды. Олар кейін алданғанын біліп, ақша аударылған картаның нөміріне хабарласқан. Бірақ карта иесі де алданған болып шыққан. Себебі алаяқ түрлі сылтаумен көшедегі адамдардың бірінен картасын сұрап алып, сонда ақшаны аудартып, шешіп алады екен.


Фото gs24.pl сайтынан

Алматы қаласы адвокаттар алқасының мүшесі Тілеужан Кішкенебаевтың айтуынша, қазіргі уақытта мұндай алаяқтар көбейген.

"Мұндай жағдайда ақша аударған жәбірленуші тұрғылықты жерінің ішкі істер басқармасына арызданады. Содан кейін ақшаны кімнің есепшотына аударғанын көрсетуі керек. Жәбірленушінің арызына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тергеушілер есепшот кімнің атына тіркелгенін анықтайды. Бұл жерде есепшотына ақша аударылған адам да кінәсіз болуы мүмкін, оны да алдап кетуі ықтимал. Кінәлі табылған жағдайда, оған қатысты Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалады. Сол іс барысында материалдық шығын өндіріледі", - деді Кішкенебаев.


© ИА Красная Весна

Оның айтуынша, тергеу барысында ақша аударылған адамның, яғни, алаяқ алдап картасын сұрап алған адамның да кінәлі-кінәсіз екені анықталады.

"Қазақстанда мұндай алаяқтар дәрежесіне қарай жазаланады. Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекске өзгеріс енгізілді. Мұнда қылмыстың қайталануы немесе эпизоды да рөл атқарады. Алаяқ қанша адамды алдаса, сонша эпизод саналады. Бұл Қылмыстық кодекстің 190-бабы, 3-бөлігімен сараланады. Себебі бұл ауыр қылмыстардың санатына жатады. Кінәлі 3-7 жыл аралығында бас бостандығынан айырылады", - дейді адвокат.

Ол мұндай алаяқтық жасаған адам бұл қылмысты алғаш рет жасаса, шартты түрде ғана жазалануы мүмкін екенін айтады.  

"Егер бұл бір рет қана тіркелген қылмыс болса, Қылмыстық кодекстің 190-бабы 1-бөлімімен сараланады. Бұл жағдайда екі жылға дейін бас бостандығынан айырылады немесе сол уақытқа бас бостандығы шектеледі", - дейді Кішкенебаев.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 474.5   490.7   5.52 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети