ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
16 апреля 2020 | 10:27

Дәрігер Комаровскийдің коронавирусқа байланысты айтқан маңызды мәлімдемелері

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігер Евгений Комаровский Дәрігер Евгений Комаровский

Евгений Олегович Комаровский - украиналық педиатр, жазушы және ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы, сондай-ақ бірнеше телеарна мен интернет-бағдарламаның жүргізушісі. Tengrinews.kz тілшісі дәрігер маманның коронавирусқа қатысты айтқан маңызды мәлімдемелеріне шолу жасады. 


Иконка комментария блок соц сети

Евгений Олегович Комаровский - украиналық педиатр, жазушы және ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы, сондай-ақ бірнеше телеарна мен интернет-бағдарламаның жүргізушісі. Tengrinews.kz тілшісі дәрігер маманның коронавирусқа қатысты айтқан маңызды мәлімдемелеріне шолу жасады. 

Вируспен әдейі ауыруға болмайды

Комаровскийдің сөзінше, коронавируспен әдейі ауыру қауіпті.

"Асқынып кетсе ше? Қалай болғанда да өзіңді және жақындарыңды қорғап, сақтанғаныңыз дұрыс және ғылым бұл мәселенің шешімін тапқанша күту керек. Ауруды іздеудің қажеті жоқ, жұқтырмаудың амалын жасаңыз", - деді дәрігер.

Дәрігердің айтуынша, алдағы таңда вирусты 90 пайыз адам жұқтырып шығатыны белгілі.

"Коронавирус өкпені зақымдайтынын сонша, ол көп жылға қалады деген қорытынды жасау дұрыс емес. Болашақта, барлығы анықталғанда адамдардың 90 және одан да көп пайызы вирусты кез келген салдарсыз жұқтыратынын түсінеміз. Бірақ дәл қазір абай болған жөн", - деді ол.

Үй жағдайында емделуге бола ма?

Евгений Комаровскийдің айтуынша, коронавирусты үй жағдайына емделу ЖРВИ-ды емдеуден еш айырмашылығы жоқ.

"Егер демалу қиын болмаса, тыныс алуда лер туындамаса, үйде емделе беріңіз. Кез келген адам ЖРВИ белгілері анықталған кезде өзіне және баласына қалай көмектесу керегін біледі. Ал коронавирус - жіті респираторлық вирустық инфекция", - дейді дәрігер.

Қолғап, маска және аурудың белгілері. Комаровский қазақстандықтардың сұрағына жауап берді

Коронавирус кезінде тағы нені білу керек?

Дәрігер маманның сөзінше, коронавирустың алтыншы-жетінші күнінде адамның жағдайы нашарлай бастайды. Балалардың іші өтуі мүмкін. Бірақ өте сирек кездеседі. Бастысы, мұрынмен оңай тыныс алып, егер құрғақ жөтел мен температура болса, онда уайымдауға болады.

"Бірден дәрігерге хабарласу керек. Біз, әдетте, ауырып қалсақ, дәрігердің қабылдауына жазыламыз, сосын емханаға барамыз. Ал, қазір ауырсаң, үйде отыруың керек. Карантин, қатаң шаралар қолданылып жатқанда, кез келген жөтел, мұрын бітелуін, менде коронавирус шығар деп ойлау керек. Көп жағдайда бұл - қауіпті емес, көп адам ауруды оңай жеңуі мүмкін. Ең қауіптісі - жөтеліңізбен үйден шығып, лифт, подъезд, есіктің тұтқасын ұстап, ауруханада отыру, дәрігерлерге жұқтыруыңыз әбден мүмкін. Сондықтан бастысы - үйде отыру керек, шықпау керек", - деді Комаровский.

Қандай тағам түрі иммунитетті жоғарылатады?

"Тамақтың белгілі бір түрі коронавирустан қорғайды деген әңгіме бос сандырақ. Менің сіздерден сұрайтыным - не жегіңіз келсе, соны жеңіз. Бастысы адамдардан аулақ жүріп, қолыңызды жууды ұмытпаңыз", - дейді Комаровский.

Дәрігер эпидемия кезінде көшелерді дезинфекциялау қаншалықты дұрыс екенін түсіндірді.

"Егер сіз тұратын мемлекеттің көшені тазартуға қаржысы жетіп тұрса, неліктен дезинфекцияламасқа? Сыртқа көз жүгірткен кезде көшені тазалап жатқан көлікті көрген кезде мемлекет сізге қамқорлық жасап жатыр леген оймен іштей сабырға келесіз. (...) Тағы да қайталап айтамын - үнемі қолыңызды жуып, арақашықтықты сақтау көше жуғаннан пайдалы", - деді дәрігер.  

Маска сау адамды қорғамайды

Евгений Комаровский YouTube-арнасында маска сау адамды қорғамайтынын, ол тек вирустың тарауына жол бермейтінін айтты.

"Маска ауада "ұшып" жүрген вирустан сізді қорғай алмайды. Маска не үшін қажет? Сіз түшкіріп не жөтелгенде ауыздан бөлінетін сілекейлер маскада қалады. Сондықтан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы масканы науқас адам тағуы керек екенін айтады. Маска науқас адамның сау адамға вирустың жұғуына жол бермейді", - деп түсіндірді Евгений Комаровский. 

Комаровский адамның екі-үш масканы қатар тағып алуы да вирустан қорғамайтынын және маска таққан күннің өзінде біреумен сөйлесу үшін оны беттен әрі-бері қозғап не ашып сөйлеспеген дұрыс екенін айтты.

Дәрігердің сөзінше, бүгінде адамды вирустан қорғауға күші жететін құрал респиратор.

"Ол өте қалың. Респиратор арқылы өтетін ауа фильтрленеді", - деп түсіндірді Комаровский.

Евгений Комаровскийдің айтуынша, респираторлардың қорғау деңгейі әртүрлі болады. Бірі 95 пайызға қорғаса, енді бірі 98 пайыз қорғайды. Одан да мықты респираторлар бар екен.

"Яғни, маска іштей вирусты ұстап қала алмайды, ал респиратордың оған күші жетеді", - деді дәрігер.  

Коронавирус организмде мәңгі қалуы мүмкін бе?

Комаровскийдің айтуынша, вирустың екі түрі бар: РНҚ және ДНК.

РНҚ вирустардың басталу және аяқталу кезеңі болады екен. Яғни, вирус клеткаға түскен кезде, ол (вирус) ерте ме, кеш пе өледі.

Ал ДНК вирустар клеткаға енген кезде ұзақ уақытқа қалып, өлмеуі мүмкін. Вирустың бұл түрі созылмалы аурулар тудыруы мүмкін.

Комаровскийдің сөзінше, коронавирус РНҚ вирустар тобына жатады. Яғни, COVID-19 артынша созылмалы ауруға айналмайды.

"Не біз коронавирусты жеңеміз, не ол бізді жеңеді", - деді Комаровский.

Еске салайық, дүниежүзі бойынша COVID-19 жұқтырғандардың саны 2 083 326-ға жетті. АҚШ-тың өзінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны жарты миллионнан (644 089246 адам) асты. АҚШ қайтыс болған адам саны бойынша да бірінші орында: барлығы 28 529 адам. 

Қазақстанда 1331 адамнан COVID-19 анықталып, 16 адам қайтыс болды. Коронавирус жұқтырған 240 адам жазылып шықты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 498.59   521.12   4.87 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети