Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
31 марта 2020 21:59

Қолғап, маска және аурудың белгілері. Комаровский қазақстандықтардың сұрағына жауап берді

Рахила Тлеуова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Евгений Комаровский Евгений Комаровский

Украиналық дәрігер-педиатр Евгений Комаровский Instagram желісіндегі TengriLive жобасында қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украиналық дәрігер-педиатр Евгений Комаровский Instagram желісіндегі TengriLive жобасында қазақстандықтарды толғандырған сұрақтарға жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Адамдар "коронавируспен ауырып қалдым" дейтіндей, оның ерекше белгілері жоғын түсінуі керек. Мынау коронавирустың белгісі дейтіндей айрықша белгі жоқ. Коронавирус кезінде мұрынның ауыруы өте сирек кездеседі. Яғни, мұрын бітеліп бастаса, онда мұндай жағдайда коронавирус деп айтудың ықтималдығы төмен. Ал егер дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел басталса, онда коронавирус болуы әбден мүмкін. Яғни, мұрын бітелмей, дене қызуы көтерілсе, құрғақ жөтел болса - қауіпті белгілер. Бірақ бұл өзіңізге диагноз қойып алыңыз дегенді білдірмейді. Өз дәрігеріңізге хабарласуыңыз керек. Мұны білу керек, бұл - бірінші", - деген кеңестен бастады дәрігер.

Коронавирус кезінде тағы нені білу керек?

"Коронавирустың алтыншы-жетінші күнінде адамның жағдайы нашарлай бастайды. Балалардың іші өтуі мүмкін. Бірақ өте сирек кездеседі. Бастысы, мұрынмен оңай тыныс алып, егер құрғақ жөтел мен температура болса, онда уайымдауға болады.

Бірден дәрігерге хабарласу керек. Біз, әдетте, ауырып қалсақ, дәрігердің қабылдауына жазыламыз, сосын емханаға барамыз. Ал, қазір ауырсаң, үйде отыруың керек. Карантин, қатаң шаралар қолданылып жатқанда, кез келген жөтел, мұрын бітелуін, менде коронавирус шығар деп ойлау керек. Көп жағдайда бұл - қауіпті емес, көп адам ауруды оңай жеңуі мүмкін. Ең қауіптісі - жөтеліңізбен үйден шығып, лифт, подъезд, есіктің тұтқасын ұстап, ауруханада отыру, дәрігерлерге жұқтыруыңыз әбден мүмкін. Сондықтан бастысы - үйде отыру керек, шықпау керек", - деді Комаровский.

"Қазір әрбір адам жедел желі нөмірін білуі де маңызды", - деді дәрігер.

Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгісі болған жағдайда 1406 Call-орталығына хабарласуға болады.

Бетперде коронавирустан қорғай ала ма?

"Былай айтайын. Кез келген бетперде вирусты тоқтата алмайды. Бетперденің тесіктері арқылы вирус оңай өтеді, сіз онымен дем аласыз. Арнайы қақпағы бар респиратор деген зат бар. Егер оны дұрыс кисеңіз, сол респиратор вирустың ағзаға кіруінен қорғай алады. Респиратордың қорғау дәрежесіне қарай үш түрі бар - FFP1, FFP2, FFP3. Міне, осы FFP2 қарапайым адамдарға арналған, ал FFP3 медициналық қызметкерлер үшін. Дегенмен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бетпердені ауырған адамдар басқаларға ауру жұқтырмауы үшін тағу керек деп есептейді", - деді ол.

Сонымен қатар, Комаровскийдің айтуынша, көптеген ел бетперде киюді талап етіп отыр. Оның ішінде, қытайлықтар, италиялықтар да бар.

"Пандемия кезінде біз кез келген адамды науқас адам деп есептейміз. Сонда әрбір адам бетперде киіп жүрсе, жұқтыру қаупі төмен. Оның үстіне, ауру ешқандай белгісіз өтуі де мүмкін. Кішкене тамағыңыз қышуы, мұрныңыз бітелуі не басқа ешқандай белгілері болмауы мүмкін. Немесе вирустың белгілері адамда пайда болғанға дейін екі күн бұрын басқаларға жұқтыруы мүмкін. Яғни, сіз өзіңізді саумын деп есептейсіз, сөйтіп жүріп вирусты таратуыңыз мүмкін. Сондықтан басқалармен сөйлескенде, қарым-қатынас жасағанда, лифтке мінсеңіз тағу керек. Бірақ көшеде жүргенде бетперде тағудың қажеті жоқ", - дейді дәрігер.

Қолғап коронавирустан қорғай ала ма?

Ал қолғапқа қатысты дәрігер адам терлегенде бетпердесін қолымен жөндеп қойса, кейін сол қолымен есікті ашса, лифт батырмасын басса, ақша берсе, супермаркетте заттарды алып, қайтып орнына қойса, вирусты қалдырып кететінін айтады.

"Екінші адам келіп, сол жерлерді ұстаса, кейін қолы арқылы көзін не мұрнын ұстаса, яғни ағзасына түсірсе, вирусты жұқтыра алады. Яғни, қолғап көбінесе қорғай алмайды. Тек егер сіз қолыңызды жууға ерінсеңіз, онда үйге келе сала қолғапты дұрыстап шешуді үйреніп, қоқысқа тастай білу керек. Сондықтан оны да білген маңызды", - деді ол.

Айта кетейік, белгілі дәрігермен тікелей эфир Tengrilive жобасы аясында Қазақстанның Украинадағы елшілігінің қолдауымен өтеді. Tengrinews.kz редакциясы online режимінде қазақстандықтардың сұрақтарына жауап беретін танымал және қызықты спикерлерді шақырып отырады.

Евгений Олегович Комаровский - украиналық педиатр, жазушы және ғылыми мақалалар мен кітаптардың авторы, сондай-ақ бірнеше телеарна мен интернет-бағдарламаның жүргізушісі.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 451.08   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети