Дәрігер қыста қандай аурулар көп тарайтынын айтты

20 Қараша, 16:49
1
Дәрігер қыста қандай аурулар көп тарайтынын айтты - © Тұрар Қазанғапов
© Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, биыл тұмау маусымы әдеттегіден ерте басталып отыр. Осыған байланысты дәрігерлер вакцинациялаудан өтуге және аяздан қорғануға кеңес берді. Tengrinews.kz тілшісі терапевт Жансая Тілеубековадан қыс маусымында қандай вирустардың көп таралатынын және оның қалай алдын алуға болатынын сұрап білді.

Дәрігер көбі қыста тек тұмау асқынады деп ойлап қателесетінін айтады. Бірақ, оның айтуынша, күн суықта тұмаудан басқа гайморит, отит (құлақ аурулары), бүйрек аурулары сияқты дерттер көп тарайды.

"Тұмау, ЖРВИ (жедел респираторлық-вирустық инфекциялары) сияқты аурулар асқынған кезде адамда отит (құлақ ауруы) пайда болады. Құлақ ауруының белгілері бірден байқалады, дене қызуы көтеріліп, құлақ сыздап ауырады. Бірақ қандай жағдай болса да құлақты өз еркімен емдеуге болмайды. Себебі онда түрлі бактерия, вирустар кіреді, ал оны өз бетінше емдеу қауіпті. Отит өткір және созылмалы болып бөлінеді. Өткір отит 3 аптадан артық созылмайды, ал созылмалы отит 3 айдан аса созылады. Ол есту қабілетіне де зақым тигізуі мүмкін. Нәтижесінде ота жасатуға тура келеді", - деп ескертеді терапевт. 

Тілеубекованың айтуынша, вирустың таралғанының басты белгісі дене қызуы көтеріліп, қалтырап, жұтқыншағы ісініп, адам терлегіш болып кетеді.

"Осы маусымда асқынатын аурулар деп ренирит, гайморит, синуситті айтуға болады, бұлардың барлығы - мұрын аурулары. Мұрын аурулары суықтан басқа, инфекция түскеннен де пайда болады. Сондықтан мұрынды күнделікті арнайы сумен тазаламаса, ірің пайда болады да ауру асқынады. Тыныс алу қиындап кетеді. Сондай-ақ, көбі мұрны бітіп қалса, арнайы тамшыларды көп қолданады. Ол керісінше кері әсерін тигізіп, ірің пайда болу қаупі бар. Басы жиі ауырып, гайморитке де әкеп соғуы мүмкін", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ, дәрігер қыста ағзаның стреске ұшырайтынын, яғни осы кезде дәрумендердің жетіспеушілігі мен иммунитеттің әлсіреуі салдарынан ағзадағы заттардің алмасу процесі бұзылып, зақымданатынын айтады.

"Сондықтан иммунитетті көтеру үшін құрамында түрлі дәрумені бар өнімдерді пайдалану қажет. Әсіресе, С дәрумені бар апельсин, мандарин, алма, жүзім сияқты. Одан бөлек, вакцинация жасау қажет, созылмалы аурулары бар науқастар вакцинацияны тамыз айының соңында қыркүйекке қарай және қазан айының басына дейін жасатқаны абзал. Осы кезде ғана адамда иммунитет пайда болып, шамамен желтоқсан айына қарай сізде бүкіл қыс пен көктем маусымына шыдайтын жоғары иммунитет болады", - дейді терапевт.

Дәрігер иммунитетті көтеру үшін дәрумендерден бөлек, биологиялық белсенді қоспалары бар тағамдарды тұтынуға кеңес берді.

Оқи отырыңыз:

Дәрігер аязда дұрыс киінбеудің қандай қауіптері бар екенін айтты

Маусымдық аурулармен қалай күресу керек?

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (1)
Читают
Обсуждают
Сегодня
Неделя
Месяц