Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 сентября 2018 17:05

Дәрігер маусымдық аурулармен қалай күресу керектігін айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Күн сәл суыған кезде түрлі аурулардың пайда болу қаупі арта түседі. Бұл ретте организм иммунитетінің маңызы зор. Себебі организмде жеткілікті дәрумендер болмаса, адам әлсіреп, бірден суық тиіп, тұмауратып қалып жатады. Жылдың осы мезгілінде адам өз денсаулығына көңіл бөліп, кейбір мәселелерді ескергені жөн. Осы орайда терапевт-кардиолог, жоғары дәрежелі дәрігер Лейла Оспанова Tengrinews.kz тілшісіне қалай маусымдық аурулардың алдын алуға болатыны және осы кезде қай аурулардың асқыну қаупі зор екені жайлы айтып, кеңес берді.


Күн сәл суыған кезде түрлі аурулардың пайда болу қаупі арта түседі. Бұл ретте организм иммунитетінің маңызы зор. Себебі организмде жеткілікті дәрумендер болмаса, адам әлсіреп, бірден суық тиіп, тұмауратып қалып жатады. Жылдың осы мезгілінде адам өз денсаулығына көңіл бөліп, кейбір мәселелерді ескергені жөн. Осы орайда терапевт-кардиолог, жоғары дәрежелі дәрігер Лейла Оспанова Tengrinews.kz тілшісіне қалай маусымдық аурулардың алдын алуға болатыны және осы кезде қай аурулардың асқыну қаупі зор екені жайлы айтып, кеңес берді.

Дәрігердің айтуынша, қыс мезгілінде түрлі вирус, бактерия ауруларының пайда болу қаупі өте жоғары.

"Қыс - организмнің стресске ұшырайтын кезі. Яғни, стресс деп отырғанымыз, суық тию, дәрумендердің жетіспеушілігі және түрлі жұқпалы аурулардың шабуылы. Бұл кезеңде созылмалы аурулары бар адамдардың вирус және бактерия ауруларына шалдығу қаупі жоғары. Нақтырақ айтсақ, ағзадағы заттектердің алмасу процесі бұзылғанда майлы гепатоз (бауырда зат алмасудың бұзылуы), жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз сияқты дерттер асқынады", - дейді Оспанова.

Сондықтан, маманның айтуынша, иммунитетті көтеру үшін құрамында түрлі дәрумені бар өнімдерді пайдалану қажет. Әсіресе, С дәрумені бар апельсин, мандарин, алма, жүзім сияқты.

Осы ретте дәрігер рационның маңызды екенін айтып өтті.

"Рацион түрлі тағамдарды қамту керек. Көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек тұтыну керек. Бірақ қазір, өкінішке қарай, біздің ағзаға ең қажетті жемістердің басым бөлігі басқа елдерден жеткізіледі. Нәтижесінде олардың құрамындағы дәрумендер бізге жеткенше жоғалып кетеді. Сондықтан көп жағдайда біз қыста жейтін жеміс-жидектердің дәрумендері жойылып кетеді", - дейді Оспанова.


© pixabay.com

Дәрігердің айтуынша, маусымдық аурулардың алдын алуға болады. Маман міндетті түрде вакцинация жасауға кеңес беріп отыр.

"Бірінші кезекте вакцинация жасау қажеттігін айтқым келеді. Созылмалы аурулары бар науқастар вакцинацияны тамыз айының соңында қыркүйекке қарай және қазан айының басына дейін жасатқаны абзал. Осы кезде ғана адамда иммунитет пайда болып, шамамен желтоқсан айына қарай сізде бүкіл қыс пен көктем маусымына шыдайтын жоғары иммунитет болады. Сол себепті мұнда вакцинация әрдайым бірінші кезекте", - дейді Оспанова.


© pixabay.com

Бұдан бөлек, дәрігер спортпен айналысып, физикалық жаттығулар жасап, йогаға баруға кеңес берді. Оның айтуынша, мұның барлығы қабыну ауруларымен күресуге септігін тигізеді.

"Кейбіреулер тағамға құрамында дәрумендері бар биологиялық белсенді қоспаларды қосады. Бұл да аурудың алдын алудың жақсы бір әдісі. Вирусқа қарсы препараттар, фитотерапия, иммуномодулятор - мұның барлығы маусымдық аурулардан сақтайды. Сондай-ақ, әрдайым бөлмені желдетіп тұруды ұмытпаған жөн", - деп кеңес берді терапевт.

Бірақ, Оспанованың айтуынша, ешқашан да өзін-өзі емдеумен айналыспау керек. Сырқаттың алғашқы белгілері байқалған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек.

Оқи отырыңыз:

Кондиционер тұрған жабық бөлме несімен қауіпті?

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 447.35   490.7   4.75 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети