Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
14 июня 2021 09:37

Эпидемиолог вакцина салдыруға болмайтын тағы бір жағдайды айтты

Сандуғаш Сұлтан Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: РИА Новости Фото: РИА Новости

Антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцина алуға болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыдағы №12 қалалық емхананың эпидемиологі Данара Укиева мәлімдеді.


Антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцина алуға болмайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы Алматыдағы №12 қалалық емхананың эпидемиологі Данара Укиева мәлімдеді.

Укиеваның айтуынша, аурудан кейін антиденелер алты ай бойы сақталады. Вакцина алмай тұрып алдымен ағзада антиденелер болуына ИФТ-тест тапсыру керек. Егер вакцинаның бірінші дозасын алған адам ауырып қалса, екіншісін салдыру үшін алты ай күтуі қажет. (Антидене титрі - антиденелер табылуы ықтимал қан сарысуының шекті сұйылтуы).

"Егер антиденелер саны белгілі бір титр мөлшерінен асып кетсе, онда вакцина алуға болмайды. Ал антиденелер саны аз болса вакцина қажет, әйтпесе ауырып қалуыңыз мүмкін. Әр ағзаның дербес және антиденелердің жойылу жылдамдығы әр түрлі екенін түсіну керек", - деді Укиева. 

Данара Укиеваның мәлімдеуінше, вакцина 18 жасқа толмағандарға, жүкті және бала емізетін әйелдерге, сондай-ақ аллергиялық реакциялар мен созылмалы аурулары бар адамдарға салынбайды, ал бұл санаттарға жатпайтындардың барлығы вакцина салдыруы тиіс.

Айта кетейік, Алматыда вакцина салатын 211 екпе пункті бар. Олар емхана, сауда орталықтары, базар, мектеп, мәдениет нысандарында орналасқан және күн сайын демалыссыз таңғы 08.00-ден кешкі 20.00-ге дейін жұмыс істейді. 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 444.26   490.7   4.83 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети