ОЦЕНИТЕ РАБОТУ АКИМА
14 февраля 2022 | 10:57

Жұптардың арасында қандай жағдайда бала болмайды? АҚШ ғалымы жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. © pixabay.com Көрнекі сурет. © pixabay.com

Кеш жүктілік пен бедеулік көптің көкейіндегі проблема. Жатырда шетінеу дерегі де көп. ДДСҰ мұның бірнеше медициналық себебін түсіндірген. Изосерология ғалымы, акушер-гинеколог Давид Гербер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында соның ішіндегі ең маңыздысына тоқталып, резус қақтығысы мен оның қаупі туралы айтып берді.


Иконка комментария блок соц сети

Кеш жүктілік пен бедеулік көптің көкейіндегі проблема. Жатырда шетінеу дерегі де көп. ДДСҰ мұның бірнеше медициналық себебін түсіндірген. Изосерология ғалымы, акушер-гинеколог Давид Гербер Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында соның ішіндегі ең маңыздысына тоқталып, резус қақтығысы мен оның қаупі туралы айтып берді.

Давид Гербер ұзақ жылдар бойы жас отбасылармен жұмыс істеп, бала жоспарлаудың тиімді жолдарын үйретумен айналысады. Бүгінде ол зейнетке шығып, қандағы антигендік құрылымдарға талдау жасап жүр.

Диагностика және резус-фактор

Америкалық дәрігер өз әңгімесін отбасы құру үшін жасалуы қажет бірінші қадамды атап, оның заманауи медицинаға қандай қатысы бар екенін ашып айтты.

"Неке алдындағы медициналық тексеру - салауатты отбасылық өмірдің басты инвестициясы. Өкінішке қарай, көптеген мемлекетте бұл шараға басымдық берілмейді, тіпті, миллиардтаған адам отбасы құру үшін міндетті анализдер тобын тапсыру қажет екенін білмейді. Демек, әлі күнге дейін ақпараттық қолдау әлсіз, мұны мойындамасқа амал жоқ. Басып айтайын, көп жағдайда, адамдар өздерінің қауіпті инфекция таратушысы болғанын аңғармайды, өйткені адам өз бойындағы симптомдарды ұзақ жылдар бойы да байқамауы мүмкін. Мәселен, асимптоматикалық мерезбен не АИТВ-мен ауыратын пациенттер жиі кездеседі, ал бұл жағдай жүктіліктің қалыпты деңгейде өтуіне әсер етеді. Ары қарай не болады? Жыныстық қатынасқа түскен екінші адам да инфекция жұқтырады, одан кейін нәрестенің денсаулығына қауіп төнеді. Мұны диагностикадағы алғашқы процедура деп қарастырайық.

Екіншіден, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін генетикалық аурулар бар, яғни екі жастың бірі ауру генін тасымалдайды. Бұл психикалық ауру да болуы ғажап емес, бәлкім, остеопороз шығар. Кешенді анализдің маңыздылығы осы тұста айқындала түседі.

Үшіншіден, қан анализі арқылы резус-факторды анықтау қажет. Бұл бала сүюді жоспарлап жүрген жас отбасылар үшін аса маңызды екенін ескерткім келеді. Егер ерлі-зайыптылардың резус-факторлары сәйкес келмесе, екі қан тобында генетикалық қақтығыс пайда болады. Мен дәл осы диагностика жолына ерекше тоқталғым келеді, себебі резус қақтығысы жайлы екінің бірі біле бермейді", - дейді ол.

Резус қақтығысы дегеніміз не?

Гербер генетикалық қақтығыстың не екенін және оның салдарынан қандай аурулар тууы мүмкін екенін түсіндірді.

"Резус қақтығысы деп ана мен ұрық арасында пайда болатын иммунды жүйені айтамыз. Қанның резус-факторы, ең алдымен, эритроциттердің бетіндегі ерекше ақуыз екенін ескерген жөн. Бұл ақуыз теріс резусті ағзаға енсе, иммунды жүйе қорғаныс антиденесін қалыптастырады. Ал жүктілік кезінде әйелдер дәл осы антиденеге зәру, өйткені эритроциттер ұрыққа кері әсерін тигізеді. Оның салдарынан жаңа туған нәресте гемолитикалық аурулармен (GBN) күреседі немесе бала құрсақ ішінде өліп кетуі мүмкін. Кейбір адамдарда бұл ақуыз онсыз да болады не олардың резусі оң, демек диагностика бәрібір де керек", - дейді америкалық гинеколог.

Ол кімдерде болады?

Давид Гербер резус қақтығысының кез келген адамда болмайтынын ескертіп, оның қандай жағдайда пайда болатынын жеткізді.

"Иә, резус қақтығысы шынымен де барлық адам да анықтала бермейді. Әйелдің резус антиденелері болуы үшін ұрықтың қаны оның ағзасына жеткілікті мөлшерде енуі керек. Мұндай жағдай алдын ала жоспарланған жүктілік кезінде болмайды, ДДСҰ келтірген мәліметтерге сәйкес, тек 10 пайыз қауіп бар. Атап өту қажет, резус қақтығысы аборт жасаған және созылмалы ауруларға душар болған әйелдерден жиі табылады. Ал қалған жағдайда жан-жақты зерттеу жұмыстарына сүйенуден басқа амал жоқ", - деді ол.

Қалай тексереміз?

Акушердің айтуынша, бірінші қадам - қан тапсыру. Сондай-ақ, ол иммуноглобуллинді профилактикалық жұмыстардың маңызына тоқталды.

"Барлық теріс резусті әйелдер емханалық тіркеуге тұрмастан бұрын резус-фактор мен қан тобына анализ тапсырады. Дәл осы анализді баланың әкесі де тапсырса, артық етпейді. Егер болашақ ата-ананың резус-факторы теріс болса, уайымдаудың қажеті жоқ, барлығы ойдағыдай деген сөз. Ал әкесінің нәтижесі оң болса, жүкті әйел 3 апта сайын резус қақтығысының антиденелеріне қан тапсыруы қажет. Бұл процесс 26-28 аптаға дейін созылуы мүмкін. Осы уақытқа дейін әйел қанында антиденелер пайда болмаса, оны резуске қарсы иммуноглобуллинді профилактикалық емге жатқызып, жаңа антидене іздеу процесін тоқтатады. Мұндай жағдайда иммуноглобулинді бала босанғаннан кейін 72 сағат ішінде енгізіп үлгеру керек. Егер антиденелер 28 аптаға дейін пайда болса және көбейсе, жүкті әйел резус қақтығысының дәрежесін анықтау үшін емханаға жатқызылады", - дейді ол.

Қаншалықты қауіпті?

АҚШ ғалымының айтуынша, ақ қан ауруы мен жүрек жетіспеушлігінен қауіптенген жөн.

"Эритроциттер жойылған кезде ұрықтың қанында билирубин жиналады. Пигменттің жоғары деңгейі сарғайып кетеді, яғни оның салдарынан баланың терісі мен көздің склері табиғи түсін жоғалтады. Бұл резус қақтығысында кездесетін проблеманың басы ғана, одан да басқа емделу жолы қиын аурулар да аз емес. Сонымен қатар, эритроциттердің оттегіні тасымалдайтынын ескерген абзал, егер олардың деңгейі төмен болса, баланың денесі өз функциясын толыққанды атқармайды. Артынша анемия пайда болады, одан бөлек, жүрек пен мидың жұмысы бұзылады. Ұрық, тіпті, өліп кетуі де мүмкін. Десе де, бірінші жүктілік кезінде антиденелер көп жасақталмайды, бұл резус қайшылығының тұңғыш нәресеге қатты әсер ете алмайтынын білдіреді. Ал одан кейінгі балалардың жөні бөлек", - дейді Давид Гербер.

Не істеу керек?

Оның айтуынша, резус қақтығысын емдеудің жолы жоқ, бірақ халықаралық стандарттарға сай ем түрлері қарастырылған.

"Резус қақтығысы емделмейді, мұны ашық айтайық. Кез келген терапия жолы оның әсерін жоюға ғана бағытталады. Егер ультрадыбыстық зерттеу ұрықтың ауыр анемияға ие екенін көрсетсе, нәресте мезгілінен бұрын дүниеге келеді (жүктіліктің 37 аптасына дейін) немесе кіндік арқылы қан құю қажет болады. Өкінішке қарай, медицинада басқа амал қарастырылмаған, алайда жақын аралықта бұл мәселенің де шешімі табылуы мүмкін, өйткені тиісті зерттеу жұмыстары басталғалы 10 жылдан асты", - деді гинеколог.

Алдын алудың жолы бар ма?

Дәрігер қара аспанды төндірудің қажеті жоқ екенін алға тартты, оның айтуынша, резус қайшылығына байланысты кез келген мәселе уақытылы анықталса, жолын оңай табуға болады.

"Мезгілінен бұрын диагностика жасап, болжамды қатердің алдын алу керек. Айтып өткенімдей, жүкті әйелдер, ең алдымен, өздерінің резус-факторын анықтайды. Егер Rh теріс нәтиже көрсетсе, қосымша зерттеу жүргізіліп, басқа да анализдер жазылады. Егер болашақ ананың бойында D антиденелері болмаса, балаға ешқандай қауіп жоқ, ал керісінше, ана мен ұрықта резус қайшылығы анықталса, Rh иммуноглобулині тағайындалады. Негізі қатты қорқынышты ештеңе жоқ, қорқатынымыз - адамдардың жауапкершілікті түсінбеуі", - деді ол.

Қарапайым тілдегі түйін

Әңгіме соңында Давид Герберден көпшілікке түсінікті тілде қорытынды жасауын сұрадық.

"Адамдардың резус-факторы оң және теріс болып екіге бөлінеді. Резус-факторы оң адамдар біз көтеріп отырған мәселемен бастарын ауыртпаса да болады. Ал теріс резус-факторы анықталғандар өздерінің гендік қайшылығы туралы қосымша анализдер тапсыруы керек. Ары қарай дәрігер тиімді ем жолын табады. Тағы да қайталап айтқым келеді, ең бастысы, адам өз өміріне жауапкершілікпен қарауы керек, тым құрығанда, өзінің қан тобын білсе игі. Одан кейін бала көтеруді жоспарламаған қыз-келіншектерге әрдайым сақтанып жүруге кеңес беремін, өйткені бұл да ағзаның жұмысына өз әсерін тигізеді. Одан бөлек, салауатты өмір салтын ұстануға кеңес беремін", - деп сөзін аяқтады ол.

Әңгімелескен Мұхтар Жәмішжанов

Өзекті жаңалықтарды сілтемесіз оқу үшін Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Курс валют

 494.98   521.17   4.92 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети