ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
26 июня 2020 | 15:03

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырған алғашқы адам жағдайын айтты

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Коронавирус анықталғанына жарты жылдан асты. Алайда осы уақыт аралығында аурудың емі әлі анықталмады. Оған қарсы ғылыми түрде әсері дәлелденген вакцина көп емес. Жалпы дүние жүзінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 100-ден аса түрі дайындалып жатыр екен. Екпені сынақтан өткізуге бірнеше адам қатысқан. Солардың арасында вакцина салынғаннан кейінгі әсерін бөліскен екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Коронавирус анықталғанына жарты жылдан асты. Алайда осы уақыт аралығында аурудың емі әлі анықталмады. Оған қарсы ғылыми түрде әсері дәлелденген вакцина көп емес. Жалпы дүние жүзінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 100-ден аса түрі дайындалып жатыр екен. Екпені сынақтан өткізуге бірнеше адам қатысқан. Солардың арасында вакцина салынғаннан кейінгі әсерін бөліскен екен. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Вакцина салынған алғашқы адам

Дүние жүзінде SARS-CoV-2 вирусына қарсы вакцина салынған алғашқы адам - Сиэтл қаласының тұрғыны Дженнифер Халлер. Ол 13 сәуірде The Telegraph басылымына вакцина салынғаннан кейінгі жағдайы туралы айтып берген. Оның айтуынша, вакцина тұмауға қарсы екпе секілді әсер қалдырған.

Дженнифер Халлер mRNA-1273 вакцинасын 16 наурызда салдырған. Оның айтуынша, бірінші күні дене қызуы көтеріліп, екінші күні қолы ауырсынған. Артынша жағдайы жақсарған екен. Аталған вакцина алдымен жануарларға салынып, тәжірибе сәтті аяқталған. Артынша тәжірибеге ерікті адамдар іздестірілген. Халлер алғашында тәжірибеден өтуге келісім бергенінде қатты қобалжығанын айтқан.

Дженнифер Халлер © iz.ru

Ғалымдардың сөзінше, Сиэтлдегі Kaiser Permanente Washington Health Research институтында вакцина салдырған Дженнифер Халлер мен тағы 44 еріктінің жағдайы 2021 жылдың көктеміне дейін бақылауда болады.

Ресей - коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізген елдердің бірі. 17 маусымда Мәскеуде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі формасы сынақтан өткізіле бастады. Оны Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиологияны зерттеуге арналған ұлттық орталық жасап шығарған. РБК мәліметінше, елдің Денсаулық сақтау министрлігі Бурденко атындағы әскери госпиталде тышқандарға сынауға арналған сұйық вакцина, ал Сеченов атындағы университетте ұнтақ түріндегі вакцинаны сынақтан өткізбек. 

Ал 18 маусымда коронавирусқа қарсы вакцинаны тестілеуден өткізуге алғашқы 18 адам қатысқан. Олар екі топқа бөлініп, тәжірибеге қатысушыларға екі түрлі компоненттегі вакцина салынған. Бүгін екі топтағы адамдардың жағдайы белгілі болды. РИА Новости хабарына қарағанда, еріктілердің жағдайы жақсы. Олар Бурденко атындағы госпиталь мамандарының бақылауында.

"Маған вакцинаны қалай салғандарын сезбей де қалдым - қарапайым арқаға салған екпе сияқты. Ешқандай белгі жоқ, дене қызуым қалыпты, 36,6 градус. Басым ауырып тұрған жоқ. Тәбет қашады деген, бірақ бұрынғыдан да жақсы тамақтанып жүрміз. Дәрі еккен жерде тек нүкте тұр, ешқандай ауырсыну жоқ", - дейді тәжірибеге қатысқан Сергей есімді ер адам.

Тәжірибеге қатысқан Николай есімді ер адам вакцина салынғаннан кейін хал-жағдайында ешқандай өзгеріс болмағанын айтады.

"Қысымым мен дене қызуым көтеріледі деп ойладым. Іштей бір өзгеріс болатынын күтіп жүрдім. Бізге басқаша симптомдар пайда болуы мүмкін деп ескертті. Бірақ ештеңе болған жоқ", - дейді Николай.

Вакцинаны сынақтан өткізуге ерікті түрде қатысқан Юрий есімді ер адамның сөзінше де екпеден ешқандай өзгеріс болмаған.

© НТВ

Аурухананың анестезиолог-реаниматологы Олег Чихляевтің сөзінше тәжірибеге қатысушыларда ешқандай кері реакция және асқыну байқалмаған.

"Тәжірибе қатысушылары үнемі дәрігерлердің бақылауында. Олар препараттарды, соның ішінде вакциналарды клиникалық сынақтан өткізуде үлкен тәжірибесі бар дәрігерлер", - дейді маман.

Ал 27 жастағы Чжу Аобин қытайлық ғалымдар дайындаған вакцинаны сынақтан өткізуге қатысқан еріктілердің бірі. Ол вакцина салынғаннан кейінгі жағдайы туралы CGТN қытайлық жаңалықтар арнасына бөліскен.

"Менің жағдайым жақсы. Дене қызуым бірқалыпты. Еріктілердің атынан қолдау білдіргендеріңіз үшін баршаңызға алғыс білдіремін. Көптеген БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі қолданушылары бізді нағыз батыр деп атайды", - дейді ерікті.

Айта кетейік, Чжу Аобинге коронавирусқа қарсы вакцина 18 наурызда салынған. Ол өзінің жағдайы туралы вакцина салынғаннан кейін бес күннен соң бөліскен.

Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы вакцинаны тәжірибеден өткізген елдер

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer