Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
20 июня 2020 11:06

Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы вакцинаны тәжірибеден өткізген елдер

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 100-ден аса түрі дайындалып жатыр екен. Бір елдің өзінде вакцинаның бірнеше түрі әзірленіп жатыр. Алайда олардың ішінде ғылыми түрде әсері дәлелденгені көп емес. Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы нақты вакцинаны тәжірибеден өткізген қандай елдер? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 


Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы вакцинаның 100-ден аса түрі дайындалып жатыр екен. Бір елдің өзінде вакцинаның бірнеше түрі әзірленіп жатыр. Алайда олардың ішінде ғылыми түрде әсері дәлелденгені көп емес. Дүние жүзінде коронавирусқа қарсы нақты вакцинаны тәжірибеден өткізген қандай елдер? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында. 

Ресей

17 маусымда Мәскеуде коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның екі формасы сынақтан өткізіле бастады. Оны Н.Ф.Гамалеи атындағы эпидемиология және микробиологияны зерттеуге арналған ұлттық орталық жасап шығарған. РБК мәліметінше, елдің Денсаулық сақтау министрлігі Бурденко атындағы әскери госпиталде тышқандарға сынауға арналған сұйық вакцина, ал Сеченов атындағы университетте ұнтақ түріндегі вакцина сынақтан өткізілмек. Вакцинаның әр түріне ерікті түрде келіскен 38 адам қатысады екен.

Коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан өткізуге қатысатын адамдар оның пайдасы мен қолайсыздықтары туралы және арнайы бірнеше құжатқа қол қойған. Сондай-ақ созылмалы ауру бар ма, жоқ па, АИТВ-инфекциясы, гепатит және COVID-19 инфекциясын жұқтырмағаны туралы тексерістен өткен.


© REUTERS 

18 маусымда коронавирусқа қарсы вакцинаны тестілеуден өткізуге алғашқы 18 адам қатысқан. Оларды екі топқа бөліп, екі түрлі компоненттегі вакцина салынған. Елдің Қорғаныс министрлігі тәжірибеге қатысқан адамдарда жанама ракция жоғын хабарлаған. Еріктілерге бірнеше күннен кейін екпе салынады екен.

Қазақстан

Отандық ғалымдар жасаған коронавирусқа қарсы инактивацияланған вакцина сынақтан сәтті өтіп жатыр. Бұл туралы білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты. Оның айтуынша, қазіргі таңда биотехнологиялық қауіпсіздік проблемаларын зерттейтін институт ғалымдары 3 платформада коронавирус инфекциясына қарсы 5 кандидаттық вакцина әзірленіп жатыр.

"Біріншіден, инактивацияланған вакцина, химиялық заттардың әсерінен бейтараптандырылған вирустарға негізделген. Бұл вакцина бойынша ДСҰ инактивацияланған кандидаттық вакцинаны әзірлеу хаттамасын тексеріп, 2020 жылғы 15 мамырда өзінің тізіміне ресми түрде енгізді. Екіншіден, рекомбинат супрлік вакцинациялар дайындалып жатыр. Үшіншіден, рекомбинат векторлық платформаның негізінде вакцина дайындалып жатыр", - деді министр.

Аймағамбетов аталған кандидаттық вакцина клиникаға дейінгі сынақтан сәтті өтіп жатқанын жеткізді.

"Қазіргі уақытта жалпы сынақтар сәтті өтіп жатыр. 2020 жылғы 15 мамырда кандидатты инактивацияланған вакцина клиникаға дейінгі сынақ басталды. Ол тышқандарға егілді. Вакцинаның қауіпсіздік және иммуногенділігі тексерілді. 2020 жылғы 10-23 маусым аралығында кандидаттық вакцинаның уыттылығы мен аллергиялық қасиеттері зерттелді. Маусым, шілде айларында әртүрлі жануарға, оның ішінде приматтарға егіліп, ары қарай вакцинаның жалпы иммуногенділігі зерттеледі. Қыркүйек айында клиникалық зерттеулерге көшу біздің жоспарымызда бар", - деп түйіндеді сөзін Асхат Аймағамбетов.

Таиланд

Reuters мәліметінше, мамырда Таиландта коронавирусқа қарсы вакцинаны маймылдарды сынақтан өткізе бастады. Ғалымдардың сөзінше, препарат сынақтан өткізуге тышқандар қолданылып, тәжірибе сәтті аяқталған. Енді сынақтан басқа да сүтқоректілерді, адамның биологиялық қасиетіне ұқсас жануарларды өткізеді.

Ал маймылдарға дозаның алғашқы бөлігі ғана салынған. Егер алғашқы тәжірибенің нәтижесі оң болса алдағы екі айда вакцинаның қалған дозасы салынады екен. Ал вакцинаның әсеріне баға тек қыркүйекте беріледі.


© REUTERS

Вакцинаны әзірлеген адамардың сөзінше, ол тек таиландтықтарға емес, сондай-ақ дүние жүзі халқының қолы жететін препарат болады. Ал жалпы дүние жүзінде коронавирусқа қарсы 100-ге жуық вакцина әзірленіп жатыр екен.

АҚШ

Америка Құрама Штаттары коронавирусқа қарсы вакцинаны сынақтан сәтті өткізген елдердің бірі. Moderna компаниясы дайындаған препараттың салдары қиын болуы мүмкін деп болжанған. Алайда тәжірибе сәтті аяқталып, коронавирусқа қарсы бір дозасының өзі жақсы әсер ететіні анықталған. Зерттеу жұмысы bioRxiv порталында жарияланған. 

Зерттеушілер вакцинаның салдары қиын болуы мүмкін деген оймен аз адамды қатыстырған. Тәжірибеге ғалымдар тышқандарды қолданып, коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптастыру үшін бір, ал қажет жағдайда екі дозасын салып отырған. Артынша жануарларға коронавирус инфекциясын жұқтырған. Нәтижесінде салынған доза әсерінен ауру асқынбаған, ал коронавирустан препараттың бір ғана дозасы да қорғай алатыны анықталған. Алайда бұл адамдарды да дәл осындай нәтиже күтіп тұр деген сөз емес екен.

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.77   483   4.85 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети