ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
25 июня 2020 | 16:13

Қымыз бен құрт коронавирустан құтқаратыны рас па? Дәрігермен сұхбат

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 9,5 миллионнан асты. Одан бөлек, бүгінде вирусты ешқандай белгісіз өткеріп жатқандардың саны күн санап артып жатыр. Сондай-ақ вируспен қатар желіде аурудан емдеулдің түрлі әдісі шыққан. Аурудың негізгі белгілері қандай? Қымыз, шұбат, айранның коронавирустың алдын алуға көмектесетіні рас па? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 9,5 миллионнан асты. Одан бөлек, бүгінде вирусты ешқандай белгісіз өткеріп жатқандардың саны күн санап артып жатыр. Сондай-ақ вируспен қатар желіде аурудан емдеулдің түрлі әдісі шыққан. Аурудың негізгі белгілері қандай? Қымыз, шұбат, айранның коронавирустың алдын алуға көмектесетіні рас па? Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі материалында.

Коронавирусқа байланысты өзекті сұрақтардың жауабын алу мақсатында біз жоғары дәрежелі дәрігер, терапевт-пульмонолог, медицина ғылымдарының кандидаты, Семей өңірінің (Бородулиха, Курчатов, Бесқарағай, Үржар, Мақаншы аудандары) штаттан тыс бас пульмонологы Жанар Уразалинамен тілдескен едік.

Дәрігер Жанар Уразалина

Коронавирустың негізгі белгілері қандай?

Желіде коронавирустың негізгі белгілері туралы ақпарат көп. Дегенмен, маманның өзінен осы сұрақтың жауабын алуды жөн көрдік. Жанар Уразалинаның сөзінше, COVID-19-дың клиникалық картинасы әртүрлі.

"Коронавирус инфекциясының негізгі белгісі - қалтырау, балалардың дене қызуы көтеріліп, құрғақ жөтел мен демікпе пайда болады. Сонымен қатар, негізгі белгілеріне: шаршау, әлсіреу, бұлшықеттер сырқырауы, тамақтың, бастың, кеуде тұсының ауырсынуы, диспепсиялық бұзылулар, іштің ауырсынуы, дәм мен иіс сезудің жоғалуы жатады. Егер бұл белгілер қоза түссе және бірнеше рет қайталанса дәрігер шақыру керек", - дейді дәрігер.

Ауру ешқандай белгісіз өтіп жатса не істеу керек?

Соңғы кездері елімізде симптомсыз науқастар да көптеп анықталып жатыр. Мысалы, алдыңғы тәулікте Қазақстанда 520 адамнан коронавирус анықталса, одан бөлек, вирус белгісі жоқ тағы 956 адам анықталған. Дәрігердің айтуынша, коронавирус анықталып, алайда аурудың ешқандай белгісі жоқ болса ауруханаға жатудың қажеті жоқ.

"Ауру белгісі жоқ, коронавирус инфекциясы жеңіл және орташа өтіп жатқандар 14 күн медициналық-санитариялық алғашқы көмектің бақылауында болады. Олар күніне екі рет науқастың жалпы жағдайын, дене қызуын тексеріп, қандай да бір шағым бар-жоғын сұрап отырады. Күннің бірінші жартысында учаскелік дәрігер видеоконсультация режимінде хабарласады. Сосын учаскелік медбике хабарласады. Егер ауру бірқалыпты өтіп, асқынулар байқалмаса ауруханаға жатудың қажеті жоқ. Ал егер адам коронавирус жұқтырғанын сезсе тұрғылықты мекенжайы бойынша дәрігерлерге жүгінген дұрыс", - дейді маман.

Үй жағдайында коронавирустың алдын алу үшін қандай дәрі ішкен дұрыс?

Қазіргі уақытта коронавирустың алдын алу арнайы профилактика жоқ, бірақ егер осы аурудың вирустық этимологиясы фактісін есепке алсақ, клиникалық тиімділігі дәлелденген, вирусқа қарсы препараттарды қолдану ұсынылады.

Қымыз, шұбат, құрт секілді тағамдар коронавирустың алдын ала ала ма?

Бүгінде желіде коронавирустың алдын алуға арналған түрлі әдіс пайда болған. Солардың бірі - қазақтың ұлттық тағамдары, қымыз, шұбат, айран ішу керек. Жанар Уразалинаның сөзінше, ол бекер емес. Себебі аталған тағамдар иммунитеттің мықты болуына септігін тигізеді екен.

"Ұлттық тағамдардың қолдануға толерантты түрде қараған дұрыс. Себебі құрт, қымыз, шұбат, айран секілді тағамдардың пайдалы екенін дәлелдейтін бірнеше факт бар. Мысалы қымызда пайдалы ферменттер бар, жылқы сүтінде С, В1, В2, В12 дәрумендері және фолий қышқылы бар. Ал жылқы етінде табиғи иммуноглобулиндер бар. Сондай-ақ жылқы етінде адамның иммун  жүйесінің дамуына жақсы әсер ететін минералдар мен витаминдер (магний, фосфор, марганец, калий, кальций, В1, В2, В6 витаминдері және басқалар) бар.

Негізі коронавируста вирустық этимологиясы фактісін бар екенін ескерсек, оның негізгі зияны - ол иммунитетті төмендетеді. Сондықтан қымыз, шұбат секілді өнімдерді коронавирус жұқтырған кезде де қолдансақ болады. Бірақ бұл коронавирустан толық емделіп кетесіз деген сөз емес. Оның жалғыз өзін емдеуде қолдана алмаймыз. Құрт жесең, айран ішсең коронавирус жұқтырмайсың деген сөз жалған. Оны тек иммун жүйесі жақсы болсын десең осы ұлттық тағамдарды жеудің пайдасы бар", - дейді дәрігер.

Тағы бір "танымал" әдіс - спирт өнімдерін қолдану.

"Алкоголь организмнің қорғаның функцияларын әлсіретеді, маңызды жүйелерге кері әсер етеді. Сондай-ақ иммунитеттің әлсіреп әкеліп соғады. Одан бөлек, спирт өнімдері дәрі-дәрмектің әсерін тоқтатып тастайды. Демек, спирт өнімдерін пайдаланудың ешқандай пайдасы жоқ", - деп түсіндірді Жанар Уразалина.

Ауру белгісі жоқ, сау адамның тест тапсырғаны қаншалықты дұрыс?

Коронавирусты анықтайтын тестіден "жай ғана сақтану үшін", "өздері үшін" өтетіндер көп. Бұлай жасаудың керегі жоқ. Алматы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Камалжан Надыров бүгін қала тұрғындарына тест - ем емес екенін айтып, үндеу жасады. Дәрігердің де айтуынша, сау адамға коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтудің қажеті жоқ.

"Коронавирус белгісі жоқ, сау адамға вирусты анықтауға арналған тест тапсырудың қажеті жоқ. ПТР мен экспресс тесттің басты айырмашылығы - COVID-19-ды анықтауға арналған тесттің нәтижесі шығатын уақытында. Бірақ экспресс-тест ПТР-ге қарағанда арзан. Экспресс тест кезінде қан, ал ПТР-де назофарингиалды жағынды алынады. Экспресс тесттің нәтижесі бірден шығады, оның дәлдігі - 50 пайыз. Ал ПТР тесттің нәтижесі бес сағатта 99 пайыз дәлдікпен шығады", - дейді Жанар Уразалина.  

Үйді қалай тазалап тұру керек?

Коронавирус өршіп тұрған кезде үйдің ауасын тазартып, желдетіп тұрған дұрыс.

"Үйдің ауасын тазартып, жиі желдетіп, ылғалды тазалау жүргізіп тұрған дұрыс. Үй жинау кезінде хлорбелсенді және оттегі белсенді негіздегі өнімдерді қолданбаған дұрыс. Себебі олар улы және тез тұтанғыш болуы мүмкін. Үнемі қолымызбен ұстайтын жерлерді: үстел, есіктің қолдарын, жарық жаққыштарды жиі сүртіп тұру керек. Алдымен тұрмыстық заттардың беті жууға арналған құралдармен, сосын құрамында хлор бар сұйықтықпен сүрткен жөн", - дейді дәрігер.

Маман коронавирус пандемиясына байланысты қазақстандықтарға кеңес берді.

"Біріншіден, әлеуметтік қашықтықты, карантин режимін сақтау керек. Сондай-ақ жеке қорғаныш әдістерін ұстану керек. Масканы әр екі сағат сайын ауыстырып тұрған дұрыс. Екіншіден, қолды 20 секундтан кем уақыт жууға болмайды. Лас қолмен мұрынды, көзді, ауызды ұстамау керек. Жиі жөтеліп,  түшкіріп жүретін адамдардан алысырақ жүрген жөн. Мәселенің тереңінен түсініп, жауапкершілікпен қарасақ қана пандемияны жеңе аламыз", - дейді Жанар Уразалина.

Еске салайық, 25 маусымдағы жағдай бойынша, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 19 285 адам анықталды. Оның ішінде 11 882 адам аурудан айықты, жалпы 136 адам қайтыс болған.

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer