Подписывайтесь на канал Tengrinews.kz в WhatsApp
08 июля 2020 16:37

Коронавирусқа байланысты маңызды 10 сұрақтың жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Reuters © Reuters

Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 12 миллионға жуықтады. Оның жартысынан көбі аурудан айықты. Бүгінде вирус әлемнің 213-тен аса еліне тарап үлгерді. Бірі вирустан тамаққа ащы бұрыш қосып қорғану керек десе, енді бірі тек маска тағу жеткілікті дейді. Алайда мамандар коронавирустан қорғанудың жолы - әлеуметтік қашықтық, қолды дезинфекциялау мен маска тағу екенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын ұсынады. 


Дүние жүзінде коронавирус жұқтырғандар саны 12 миллионға жуықтады. Оның жартысынан көбі аурудан айықты. Бүгінде вирус әлемнің 213-тен аса еліне тарап үлгерді. Бірі вирустан тамаққа ащы бұрыш қосып қорғану керек десе, енді бірі тек маска тағу жеткілікті дейді. Алайда мамандар коронавирустан қорғанудың жолы - әлеуметтік қашықтық, қолды дезинфекциялау мен маска тағу екенін айтады. Tengrinews.kz тілшісі коронавирусқа қатысты маңызды 10 сұрақтың жауабын ұсынады. 

Айта кетейік, ақпарат Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ресми сайтынан алынды. 

1. Коронавирус қалай тарайды?

COVID-19 вирус жұқтырған адамнан ғана тарайды. Инфекция коронавирус жұқтырған адам түшкіргенде не жөтелгенде аузынан және мұрнынан бөлінетін тамшылар арқылы тарайды. Науқастан бөлінетін тамшылар жерге не заттардың бетіне түсуі мүмкін. Нәтижесінде адам үстелді, есіктердің тұтқасын не баспалдақтың тұтқасын ұстап, көзі мен мұрнын ұстаған жағдайда вирус жұқтырады. Қолды жиі жуып, оны спиртпен не антисептикпен тазалаудың маңызы осында.

Бүгін ДДҰ өкілдері коронавирус ауа арқылы тарауы мүмкін екенін, бірақ оны әлі де зерттеу керегін айтты.

2. Тепловизиялық термометр ағзада коронавирустың бар-жоғын анықтай алмайды

Тепловизиялық термометр дене қызуының мөлшерін ғана анықтайды. Ол ағзада коронавирус инфекциясының бар-жоғын анықтай алмайды. Дене қызуы түрлі себепке байланысты көтерілуі мүмкін. Оны дәрігерлер ғана анықтай алады. Егер сіз денге немесе малярия көп тараған жерде тұрсаңыз және қызуыңыздың көтерілгенін байқасаңыз бірден дәоігерлердің көмегіне жүгінген дұрыс.

3. Сорпаға ащы бұрышты қосу арқылы коронавирустан емделе алмайсыз.

Ащы бұрыштың өзіндік дәмі бар. Бірақ ол коронавирустың алдын алып немесе емдей алмайды. Коронавирус жұқтырып алмаудың сенімді тәсілі - ол, әрине, арақашықтықты сақтау, қолды дезинфекциялау. Одан бөлек, жақсы тамақтанып, сұйықтықты көбірек ішіп, физикалық жаттығу жасап, ұйқы режимі жақсы болуы керек.

4. Коронавирус белгісі жоқ адамнан инфекция жұқтыру мүмкін бе?

Жоғарыда айтып өткеніміздей, вирус негізінен ауа-тамшы жолдары арқылы тарайды. Көптеген науқаста вирустың аздаған белгісі ғана байқалады немесе мүлде симптомы болмайды. COVID-19 жөтелі бар және өзін ауру сезінбейтін адамнан жұғуы әбден мүмкін. Кейбір мәліметтер бойынша, вирус ауру белгісі жоқ адамнан да жұғуы мүмкін. Оның қаншалықты жиі болатыны әзірге белгісіз.

5. Коронавирус жұқтырған адаммен байланыста болған жағдайда не істеу керек?

Егер сіз коронавирус жұқтырған науқаспен байланыста болсаңыз, сіз де COVID-19 жұқтырған болуыңыз мүмкін. Байланыста болды деген - науқаспен бірге тұруыңыз не 1 метр арақашықтықты сақтамау. Егер сіз тұратын аймақта денге мен малярия көп тараған болса, дене қызуыңыз көтерілген жағдайда оған бей-жай қарамаңыз. Бірден дәрігердің көмегіне жүгініңіз. Ауруханаға барған кезде де маска тағып, мүмкіндігінше арақашықтықты сақтаңыз.

6. Антибиотиктер коронавирусқа қарсы қалай әсер етеді?

Коронавирусты қоздырушы - бактерия емес, вирус. Сондықтан антибиотиктер вирусқа қарсы әсер ете алмайды. Кейбір науқастардағы қосалқы аурулар бактериямен байланысты болуы мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда дәрігерлер науқасқа антибиотиктер береді. Бүгінде коронавирусқа қарсы нақты препарат немесе вакцина жоқ.

7. COVID-19 бен жануарлардың қандай байланысы бар?

Коронавирус инфекциясы тек адамнан адамға тарайды. Жануарлардан тараған коронавирустың басқа да түрлері бар. Алайда COVID-19 немесе SARS-CoV-2 вирусы адамзат тарихындағы инфекцияның жаңа түрі. ДДҰ мәліметінше, COVID-19 нақты қандай жануардан тарағаны белгісіз, бұл мәселе әлі де зерттеліп жатыр.  

Сондай-ақ коронавирус жұқтырған адамдармен байланыста болған иттер мен мысықтардан инфекция анықталған жағдайлар да болған екен. Одан бөлек, күзендер де инфекция жұқтыруға бейім. Зерттеу жұмыстары мысық пен күзен бір түрге жататын жануарларға таратуы мүмкін екенін көрсеткен. Бірақ бұл жануарлардан адамға коронавирус жұғу дерегі жоқ.

8. Коронавирустан емделуге қойдың майы көмектесе ме?

Хаттама бойынша, медициналық қызметкерлердің қабынуға қарсы май қолдануға құқығы жоқ. Кезінде қойдың майы барлығына ем болған, бірақ қазір оның орнына басқа майлардың қолданылып жатыр. Қойдың майы - бұл халық емі, біздің ата-бабаларымыз қолданған, ал қазір мұндай дамыған заманда қабынуға қарсы түрлі крем мен май бар. Хаттама бойынша майларды қолдануға кеңес берілмейді.

9. Қымыз, шұбат, құрт секілді тағамдар коронавирустың алдын ала ала ма?

Ұлттық тағамдардың қолдануға толерантты түрде қараған дұрыс. Себебі құрт, қымыз, шұбат, айран секілді тағамдардың пайдалы екенін дәлелдейтін бірнеше факт бар. Мысалы қымызда пайдалы ферменттер бар, жылқы сүтінде С, В1, В2, В12 дәрумендері және фолий қышқылы бар. Ал жылқы етінде табиғи иммуноглобулиндер бар. Сондай-ақ жылқы етінде адамның иммун  жүйесінің дамуына жақсы әсер ететін минералдар мен витаминдер (магний, фосфор, марганец, калий, кальций, В1, В2, В6 витаминдері және басқалар) бар. Негізі коронавируста вирустық этимологиясы фактісін бар екенін ескерсек, оның негізгі зияны - ол иммунитетті төмендетеді. Сондықтан қымыз, шұбат секілді өнімдерді коронавирус жұқтырған кезде де қолдансақ болады. Бірақ бұл коронавирустан толық емделіп кетесіз деген сөз емес. Оның жалғыз өзін емдеуде қолдана алмаймыз. Құрт жесең, айран ішсең коронавирус жұқтырмайсың деген сөз жалған. Оны тек иммун жүйесі жақсы болсын десең осы ұлттық тағамдарды жеудің пайдасы бар.

10. Ауру белгісі жоқ, сау адамның тест тапсырғаны қаншалықты дұрыс?

Коронавирусты анықтайтын тестіден "жай ғана сақтану үшін", "өздері үшін" өтетіндер көп. Бұлай жасаудың керегі жоқ. Тест - ем емес, яғни, сау адамға коронавирусты анықтауға арналған тесттен өтудің қажеті жоқ. Ал ПТР мен экспресс тесттің басты айырмашылығы - COVID-19-ды анықтауға арналған тесттің нәтижесі шығатын уақытында. Бірақ экспресс-тест ПТР-ге қарағанда арзан. Экспресс тест кезінде қан, ал ПТР-де назофарингиалды жағынды алынады. Экспресс тесттің нәтижесі бірден шығады, оның дәлдігі - 50 пайыз. Ал ПТР тесттің нәтижесі бес сағатта 99 пайыз дәлдікпен шығады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Курс валют

 446.44   490.7   4.77 

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети