TengriMIX қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жайлы əңгімелері мен очерктерін жариялауды бастайды. Қанат Кареновтың "Кешір інім, кешір" шығармасында әкесі Саттар мен оның ағасы Асқар туралы жазған. Бұл үзіндіде автор әкесінің ағасы Асқардың қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұловамен соғыс кезінде танысуын жазады және ағасының өлер алдында інісі Саттарға жазған соңғы хаты туралы да айтылады.
TengriMIX қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысы жайлы əңгімелері мен очерктерін жариялауды бастайды. Қанат Кареновтың "Кешір інім, кешір" шығармасында әкесі Саттар мен оның ағасы Асқар туралы жазған. Бұл үзіндіде автор әкесінің ағасы Асқардың қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұловамен соғыс кезінде танысуын жазады және ағасының өлер алдында інісі Саттарға жазған соңғы хаты туралы да айтылады.
- Ағатай, - деп, жүгінді Асқарға қостанайлық жерлесі Павел Коструб, - жаман хабар келді, бекем болыңыз. Біздің Әлияны өлтіріп тастапты.
Павелдың сөздерінен селк ете қалған Асқар үнсіз шинелін алды да, окоптың түпкіріне қарай кетті. Шинелін төсеп жіберіп, етігін шешіп, жүрелей отыра кетті де, дұға оқыды. Асқар қайтып келгенде, Павел көз жасын әлі сүртіп отыр еді.
- Неліктен бұлай болды екен? – деді, ол қарлыққан үнмен. – Ол небары 18 жаста ғана еді ғой!
- Марқұмның жаны жұмақтан жай тапсын – деп, буржуйка пешінің қарсысында отырып, жанған отқа қарап, күбірлей сөйлеген Асқар, Әлия Молдағұловамен қалай жолыққанын есіне түсірді.
Тыңшылардың неміс офицерін ұстауы. Асқар Кәреновтың соңғы шайқасы
Үшеуі: сержант Михаил Опаженко, Асқар және Павел Коструб бір тапсырмадан қайтып келе жатқан болатын. Олар неміс әскерлерінің жылжуын қадағалап, мүмкін болса, тіл алып қайтуға тиіс болатын. Бұларға бой көрсетіп, ұрысқа түспеу бұйырылған болатын. Тіл ала алмағандықтан көңіл-күйлері жабырқаулы еді. Бейтарап жолға келгенде, Асқар бес неміс солдатының өз шептерін тастап, аңға шыққандай келе жатқанын көрді. Ол көргенін бірден сержантқа баяндады.
- Көзің қырағы екен, ағатай – деді, Павел. Кенеттен олар атыс үнін естіді.
Немістермен қатарласа бере олар үшеуінің өліп қалғанын көрді. Екеуін оп-оңай байлап алды. Опаженко құр қол қайтпайтына қатты қуанды. Риза кейіппен ол украинша "жаман айтпай, жақсы жоқ" деді. Кенет бұларға үш қыз бала жүгіріп келді. Мұны күтпеген жігіттер сасып қалды.
- Өзіміздің-ақ шамамыз жетер еді ғой - деді, қысқа шашты әдемі қыз өжеттікпен. Бұл Әлия болатын.
- Сен қазақсың ба? – деп сұрады Асқар одан
- Иә, - деп жауап берген Әлия, өзімен сөйлесіп тұрған денелі адамға енді ғана көңіл аударып:
- Ағатай, кешіріңіз мені – деп, ұялып кетті, Әлия құдды өзіне бүкіл туған-туысы қонаққа келгендей.
- Ештеңе етпейді, қызым - деді, Асқар оны жұбатып.
- Мен де Қазақстаннанмын, - деп жымиды, әңгімеге араласқан Павел.
Саттар Каренов бастаған бөлімшенің жауапты учаске үшін күресі
Олар 2-Прибалтика майданы 22-армияның бір құрамында соғысып жүрсе де, таныстықтары осылайша басталып еді. Тағдырдың жазуымен Әлия өзі сияқты мерген құрбыларымен бірге тапсырмадан қайтып келе жатқан барлаушыларды сан мәрте тасалаған еді.
- Ағатай, қараңызшы, қар жауып жатыр - деді, көкке таңырқай қараған Павел.
- О, тәңірім, менің дұғамды естігеніңе рахмет, Әлияның пәк жанын қабыл алғаныңа! – деп, Асқар қолымен бетін сипады.
Соғыс кезінде алда не күтіп тұрғанын ешкім де білмейді. Аязды күндерден, ақпанның ызғырық желінен тек туғандары мен жақындары туралы ойлар ғана қорғайды. Асқар үсті-басын басқан суық терден, ерте оянды. Қазақтар: "Ақпан - қасқырлардың айы және оны кездестіре көрмесін" деп айтатын. Түсінде ол қызыл камзол киген шешесін көрді. Қалың ұзын шашын екі бұрым етіп өріп алыпты. Ол Саттарды үйде қалдырып, шелек алып бұлаққа барып еді, оған қасқырлар шабады. Асқар ойланбастан, оларға тап береді...
Ал, бір сағаттан соң барлауға кету керек. Ол бір парақ қағаз алды да, Саттарға арнап, өзінің соңғы хатын жаза бастады:
Кешір, інім!
Кеудеме сені қысып, құша алмадым,
Исіне туған елдің, қана алмадым
Сені қатты жақсы көруші ем мен
Сені көру енді ешқашан жазбады, інім
Түсіме ауылым мен анам кірді
Ат үстінде жүрген екен ,
Әкем менен атам тіпті,
Шауып кетіп бара жатқан, Ақжалым
мені өзіне шақыра, қарап еді.
Кешір інім, кешіре алсаң, кеш мені
"Аруақ" деп жауға шабам мен бүгін,
Ақырғы демім қалғанша
Сүйікті Сарыарқамның намысы үшін
Білемін мен дірілдемейді.
Жүрегім де, қолым да
Бұл жылдар да зымырап, өтер кетер
Сезетінім бәріміз де барамыз бір
Жер ананың қойнауы құшағына
Інім сенен сұрайын мен бір тілек
Егер сен мен жерленген төмпешікті
Тауып алсаң,
Ауылымның бір уыс топырағын
Өзіңменен ала келші
Құран оқып, қабіріме тастап кетші
Өзіңмен бірге ауылға қабірімнен
Бір уыс топырақ ала кетші,
Туған жерім-Отаныма
Сонда жаным жай табар
Жайғасқандай бабалардың жанына
Кешір, інім!
Кеудеме сені қысып, құша алмадым,
Исіне туған елдің, қана алмадым
Tengrinews.kz "Жеңімпаздар" (Победители) жобасының аясында ҰОС-на қатысқандар жайлы мəлімет жинайтынын еске салады. Біз əрбір Қазақстан азаматын Ұлы Отан Соғысы жəне еңбек тылында болған қазақстандық ардагерлер жайлы құнды естеліктер мұрағатын толтыруға ат салысуға шақырамыз.
Ол үшін сайтта ардагер жайлы сауалнама толтыруыңыз қажет: Аты-жөні, туған жылы, соғыста немесе тылда болған жылдары туралы қысқаша мəлімет, сонымен қатар, суретін енгізуіңіз керек. Естеліктер мына +7-700-905-1945 WhatsApp нөмірі арқылы да қабылданады.
Показать комментарии