ОЦЕНИТЕ ДЕПУТАТОВ МАЖИЛИСА
09 сентября 2020 | 15:18

Әншілер үстінен жазылған арыз: тергеу қалай жүріп жатыр?

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Осыдан бірнеше ай бұрын қазақстандық бірқатар әншінің үстінен арыз түскен. Арызданушылар әншілер жарнамалаған лотереядан алданып қалдық дейді. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі бұл істің қазір қалай өрбіп жатқанын баяндайды.

whatsapp button telegram button facebook button copyLink button
Иконка комментария блок соц сети

Осыдан бірнеше ай бұрын қазақстандық бірқатар әншінің үстінен арыз түскен. Арызданушылар әншілер жарнамалаған лотереядан алданып қалдық дейді. Бүгінде тергеу амалдары жүріп жатыр. Tengrinews.kz тілшісі бұл істің қазір қалай өрбіп жатқанын баяндайды.

Алданған тұрғындардың адвокаты Тілеужан Кішкенебаевтың сөзінше, бүгінде іс материалында Роза Әлқожа, Жазира мен Жанболат, Ернар Айдар мен Ақбота Керімбекованың есімі бар. Олар Instagram желісіндегі парақшасында ұтысойын ойнатылатынын хабарлап, жарнама жасаған. Ал "әншілер алдамайды" деп сенген тұрғындар сол ұтыс ойынына қатысқан екен.

Ұйымдастырушылар берген ақшаны екі есеге көбейтіп береміз деп уәде еткен. Бірақ олар ақшаны жинап алып, жоғалып кеткен. Нәтижесінде ақшасынан айырылған тұрғындар Экономикалық тергеу департаментіне арыз жазған.

"Бұл жерде тұрғындар әншілер, лотерея ұйымдастырушылары деп бөліп отырған жоқ, бәрінің де үстінен арыз жазылды. Өйткені, әншілер парақшасында жарнамалаған кезде "Өзімнің лотереям, өзімнің ұтысойыным" деп жариялады. Олар "басқа бір адамдар ұйымдастырып жатыр, соған қатысыңдар" деп айтқан жоқ", - дейді Кішкенебаев.

Оның сөзінше, іс әлі сотқа жетпеген, қазір тергеу жүріп жатыр екен.

"Істе әншілерден бөлек лотереяны ұйымдастырған Мәди, Азат және Саламат деген азаматтар бар. Қазір тергеу амалдары жүріп жатыр. Әншілерден жауып алынып жатыр. Әзірше сот болған жоқ. Сондықтан әншілерге айып тағылар-тағылмасы, тағылған жағдайда, қандай айып болатыны тергеуден соң анықталады. Ернар Айдар, Ақбота Керімбекова, Роза Әлқожа, Жазира-Жанболат жарнамалаған лотереяның бәрін Мәди мен Азат деген жігіттер ұйымдастырған", - дейді ол.

Зардап шеккен адамдардың жалғыз талабы - келтірілген материалдық шығынды қайтару.

"Қазір бұл іс бойынша 50-ден аса клиентім бар. Бәрін әншілер лотереяға шақырып, кейін инвестициялық мүмкіндік туғанын айтқан. Яғни, әрқайсының 300 мыңнан 6,5 миллион теңгеге дейін ақшасын алған. Бұл соманы олар 1,5-2 есеге көбейтіп береміз деп уәде еткен. Клиенттерім "Әншілер алмайды, халық алдында жүрген адамдар ғой" деп сеніп, ақшасын құя берген", - дейді Тілеужан Кішкенебаев.

Оның сөзінше, лотереяның жалған екенін халық кейін білген.

"Ернар Айдар жарнамалаған ұтысойындағы көліктерді ұйымдастырушылар жалға алған екен. Лотереяда пәтерлер туралы да айтылған, бірақ ондай пәтерлер табылмады. Ұйымдастырушылар компьютер арқылы жалған лотерея жасап, істемейтін нөмірлерді көрсетіп, солар ұтты деп хабарлаған. Халық кімнің ұтып алғанын қайдан білсін. Сөйтіп, лотереяны осылай аяқтағысы келген. Бірақ бұл ойы іске аспай қалды. Себебі Экономикалық тергеу департаменті ұтысқа тігілген автокөліктердің мемлекеттік нөмірлерін тексерген. Сол кезде ол көліктерді жалға беретін мекемелердің балансында тұрғанын анықтаған. Ал ұтысқа тігілетін көліктер сатылымнан алынып, оны ұтып алған адамның атына тіркеуге дайын тұруы керек. Сонда олар көлікті жалға алып, жарнама түсіріп, оны кейін қайтарып берген", - дейді адвокат.

Кішкенебаевтың айтуынша, Ернар Айдардың лотереясына халық 200 миллион теңгеге билет сатып алған.

"Ернар Айдардың 20 мың билеті әрқайсы 10 мың теңгеден сатылған. Сонда халық 200 миллион теңгеге билет сатып алған. Қазіргі уақытта сол 20 мың билеттің иегерлерінен арыз түсіп жатыр. Сондықтан тергеу ісі ұзаққа созылып кетті. Оның үстіне, елде карантин режимі жарияланып, Экономикалық тергеу департаменті жұмыс істемей қалды. Қазір тергеу қайта жалғасты. Енді кімнің қандай кінәсі бары тергеу кезінде анықталады", - деді ол.

Тегін атамауды сұраған елордалық Ернар әншілердің жарнамасын көріп, жарты миллион теңгесінен айырылғанын айтады.

"2019 жылдың желтоқсанында Ақбота Керімбекованың "өз ұтысойынымды бастаймын" деген жарнамасын көріп, соларға сендім. Ол "Бірінші кезеңде Роза Әлқожа бастады. Екінші кезеңді мен бастадым. Ешкімді алдамаймыз" деді жарнамасында. Азат, Мәди деген жігіттер менеджері екенін, ұтысойында көлік пен пәтер ойнатылатынын айтты. Одан бөлек, шаңсорғыш, теледидар секілді түрлі сыйлықтар болды. Роза мен Ақбота болмаса, біз мұндай жағдайға тап болмас едік деп ойлаймын. Кейін ұйымдастырушылар роботтехникаға инвестиция құюға болатынын, ақшаны 1,5 еселеп көбейте алатынымызды айтты. Мен 500 мың теңге салдым. Оны 750 мың теңге қылып қайтаруға уәде берді. Миллион және одан да көп ақша құйғандар бар", - дейді Ернар.

Ақшасынан қағылған Ернардың ендігі жалғыз талабы - шығынды қайтару. Қазір іс материалында зардап шеккендер саны 70-тен асатынын айтады.

"Қазір тергеудің қандай деңгейде екенін адвокатымыздан сұрап отырамыз. Қазір ұйымдастырушылардан түсініктеме алынған. Халық шулап жатқанда Мәди, Саламат деген ұйымдастырушылар түк қатысы жоқ екенін айтты. Азат қана бұл істі мойнына алып отыр. Топтық қылмыс болса, жазасы қатаңдау екен. Ал жалғыз болса, жаза жеңілдеу болады. Ол сол үшін бәрін өз мойнына алған сияқты. Бұл - менің жеке ойым. Нақты кінәлі тергеуде анықталады деп сенемін", - дейді ол.

Алматы қаласы экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі Жақсылық Мырзахан бұл іс бойынша тергеу жүріп жатқанын айтты. Оның сөзінше, қылмыстық іс әншілердің емес, ұтысойынды ұйымдастырғандардың үстінен қозғалған. 

"Биыл наурызда бұл оқиғаға байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғалды. Бұл қылмысты ұйымдастырған тұлғалар конкурс өткіземіз деп, азаматтарды әлеуметтік желі арқылы алдаған. Шынында, ешқандай конкурс болмаған. Ұтысойындағы сыйлықтар өтірік болып шыққан. Қазіргі уақытта аталған қылмыстық іс бойынша тергеу амалдары жалғасып жатыр. ҚР Қылмыстық-процедуалдық кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне байланысты толық ақпарат қылмыстық іс аяқталғаннан кейін ғана беріледі. Қазір бұл қылмыс бойынша осы алаяқтық жүйені ұйымдастырғандарға қатысты ғана іс жүріп жатыр", - деді Жақсылық Мырзахан. 

Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriTravel Открыть TengriGuide Открыть TengriEdu Открыть TengriAuto

Курс валют

 523.95  course up  543.16  course up  5.1  course up

 

Погода

 

Редакция Реклама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer