Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, композитор Кеңес Дүйсекеев дүниеден озды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қаралы хабарды әнші Бота Бейсенова Instagram желісіндегі парақшасында жеткізді.
"Қаншама әсем әндерді еліне сыйлаған композитор - Кеңес Дүйсекеев ағамыз өмірден озды.Өте өкінішті. Амал қанша. Иманды болсын. Туған туыстарына қайғырып көңіл айтамыз", - деп жазды әнші.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Кеңес Дүйсекеев 1946 жылы 10 ақпанда Қызылорда облысында дүниеге келген. Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері. Алматы консерваториясын бітірген. 1974-1976 жылдары "Гүлдер" ансамблінің бас дирижері және музыка жетекшісі, 1976-1979 жылдары "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің музыка жетекшісі, 1975-1984 жылдары Қазақ теледидары музыка редакциясының бас редакторы болып қызмет атқарған. Дүйсекеевтің жетекшілігімен "Тамаша", "Халық - талант қайнары", "Шабыт", "Жастарға арналған музыкалық кештер", "Музыка әлемінде", т.б. телевизиялық бағдарламалары шығарылды.
Кеңес Дүйсекеев
1984-1997 жылдары Қазақстан мемлекеттік телерадио комитеті эстрадалық-симфония оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері болды. 1997 жылдан "Қазақконцерт" гастрольдік-концерт бірлестігінің көркемдік жетекшісі. Ол - "Толғау" симфониясының (1984), "Жалаңтөс батыр” симфония поэма-картинасының (1996), "О, дүние" кантатасының (1997), "Жыл мезгілдері" романстар циклінің (1991), "Мәди", "Аққу Жібек" мюзиклінің, "Алдар көсе" опереттасының, симфония-концерттер, аспаптарға арналған концерттер, камералық оркестрге шығармалар, соната, рапсодия, вариациялар және 200-ден астам әндердің авторы. Дүйсекеев әндерін Р. Рымбаева, Н. Есқалиева, М. Жүнісова, А. Мейірбеков, Н. Өнербаев, М. Дәулетбақова т.б. әншілер орындап жүр.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!